Тақырыбы: «Құстардың туған елге оралуы – ұрпақ қамы»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

№21 «Тоғжан» ясли - бақшасының

меңгерушісі: А. Күзенбаева










Ашық музыкалық оқу іс - әрекеті


Тақырыбы: «Құстардың туған елге оралуы - ұрпақ қамы»


Музыка жетекшісі: Ж. Саимбетова

















Мақсаты: Балаларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру, құстардың тірі , тіршілігі туралы білімдерін дамыту,ата- бабамыздың құстардың қалай қастерлеп құрметтегені туралы айтып ой - өрістерін дамыту, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс - тәсілдер : түсіндіру, көрсету.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Әсем тақырып , көлеңкелі театр , қолдан дайындалған құстар , скрипка кілті.

Пәнаралық байланыс : математикка , көркем әдебиет, құрастыру.

Барысы:

-балалар құстар секілді қолдарын жайып билеп кіреді. «Қарлығаш» әніне би ырғақтарын жасайды. Дөңгелене тұра қалып , шаттық шеңберін жасап амандасады және келген қонақтармен амандасады.

Сәлем деймін күнге мен

Сәлем деймін мен саған

Сәлем деймін құстарға

Қонақтарға апайға

Еркем, еркем -ай

Еркелеген еркем - ай

Жақсы көрем өмірді

Жақсы көрем мен сені.

Бір қатарға тұра қала дауыс жаттығуын жасайды. \гамма орындау\

-балалар өткен ұйымдастырылған музыкалық оқу іс - әрекетінде қандай әнді үйрендік. Балалар жауабы: «Қарлығаш»

-Жарайсыңдар.

-Ал енді осы «қарлығаш»әнін кім жазған

-Халық

-Жарайсыңдар , яғни халық әні екен балалар , ендеше осы әнді бәріміз бірге орындайық

-Балалар менің қолымдағы не?

-Жұмыртқа

-Ия, жәй жұмыртқа емес , сұрақтарға толы жұмыртқа екен, сендер сұрақтарына жауап бере аласыңдар ма?

-Ия

-Жарайсыңдар

-Онда тыңдаңдар: Құйрығы аша құс? \ қарлығаш\

-Жылтырға үйір құс?\сауысқан\

-Орман емшісі?\тоқылдақ\

-Жыртқыш құс?\ лашын\

Ендеше балалар , бүгінгі ұйымдастырылған музыкалық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Құстардың туған жерге оралуы ұрпақ қамы» деп аталады.

Туған жерге құстардың келуі балалар біз үшін үлкен қуаныш.

-Балалар сендерқұстар жайында ертегі тыңдағыларың келеді ме? Ендеше «Бүркіттің досы Сұңқар» атты ертегісін тамашалаңдар.\ көлеңкелі театр арқылы көрсету\

Ән үйрету: «Торғай ағаш қорғайды»

  • Балалар , енді денемізді бос ұстап музыка тыңдайық. Музыка тыңдағанда көзімізді жұмып отырып тыңдаса болады.

  • Ал , енді балалар , бәрәмәз шеңберге тұра қалайық.Бүгін мен сендерге жаңадан би элементтерін үйрететін боламын. «Құс қанаты», «Құс тұмсық» -деп аталады.

  • Жарайсыңдар. Балалар жаңадан үйренген әнімізді қайталап орындайық.

  • Қорытындылау.

  • Марапаттап , мадақтап топтарына шығарып салу.

© 2010-2022