Тенологиялық карта тақырыбы Жемістер жыры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Тобы: 3

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: «Жемістер жыры» өлеңнің мазмұның ашу; өлең ырғағын келтіре отырып, өлеңнің тіл ерекшілігін, көркем сөздерін түсіну, ойлау қабілетін дамыту; олардың пайдасы, құрамындағы дәрумендері туралы түсініктерін кеңейту; олардың пайдасы, құрамындағы дәрумендері туралы түсініктерін кеңейту; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:үлестірмелі жеміс материалдары, муляждар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:нарттай,уылжыған.

Билингвальды компонент: бау (бақ)-сад; жемістер-фрукты; алма-яблоко; өрік-абрикос.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қолдарындағы допты беру арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Кіріспе әңгіме

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырад.

Жұмбақ:

Аспай піскен, қайнамай түскен.

Ол не?

  • Жемістерге нелер жатады?

  • Олар қайда өседі?

  • Енді ақын Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңімен танысамыз.

Алма:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде

«Менен аулақ жүр!»-деймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Тәрбиеші балаларды жемістерге бөліп, ойын ойнатады.

Сұрақ-жауап:

  • Балалар, алманың, өріктің , алмұрттың дәмі қандай?

  • Ал шиенің түсі,пішіні қандай?

Сергіту сәті:

Әр ағаштың түбінде

Жатыр алма қамбасы.

Баптап күтсең , күніне

Берер саған алмасын.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Дидактикалық ойын:

«Дәмін тат!»

Ойынның шарты:ойынңв қатысушы балалардың кезекпен көзін байлап, кесілген дайын жемісті аузына салады, балалар оның қандай жемістің дәмі екенін айтады.

Жаңылтпаш жаттау:

«Не деген таңғажайып бақша бұл,

Төбеден алма қарша жуып тұр».

Балалардың жауаптары.

Жауабы: жемістер.

  • Алма, өрік, алмұрт, алша,шие.

  • Жемістер ағашта өседі.

Балалар өлеңді тыңдайды.

Балалар өлеңді тыңдайды.

Балалар алманың түсі, дәмі қандай болатынын, өріктің түсі, дәмі қандай болатынын айтады.

Балалар өлеңдегі жемістерді рөлге бөлініп ойнайды.

Балалардың жауаптары.

Балалармен қимылмен көрсетеді.



Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.



Жемістерді дәміне қарай ажыратады.



Балалар жаңылтпашты жаттайды.

Рефлекциялық - түзетушілік

  • Өлеңде қандай жемістер туралы айтылған?

  • Нарттай қызыл деген сөзді қалай түсінесін?

  • Алма, өрік туралы.

Балалар өз ойларын айтады. Балалар тақпақты мәнерлеп жатқа айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Ойланады:жемістер туралы жаттаған тақпақтарын еске түсіреді.

Түсінеді:жемістерді ажырата алады,адам денсаулығына пайдасы бар екендігін түсінеді.

Қолданады: «Жемістер жыры» өлеңін тыңдай отырып, әр жемістің өзіне тән тілді үйіретін дәмі, түсі бар екендігін ойын арқылы көрсетеді.

Есеп:



© 2010-2022