Тақырыбы: 1-ден-20-ға дейін санау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы:таным

Бөлімі:қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Тақырыбы:1-ден-20-ға дейін санау.

Мақсаты: 1-ден-20-ға дейін санауды үйрету .

Міндеттері:1.Балаларды1-ден-20-ға дейін санауды үйрету.Кіші екі сандарды қосу арқылы 2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын құрамын қайталау. Қосу және азайтудың арифметикалық амалдарының мәнін бекіту. 2.салыстыру дағдыларын арттыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру. 3.ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:геометриялық пішіндер,үлестірмелі заттар,жазу дәптері,пішіндерден қатыстырылған суреттер, таяқ-шалар,сандар үйі.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі













Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы!

2.Өткенді қайталай:

-1-ден 10-ға дейін тура,кері санау.

-пішіндерді қайталау.

-заттың қасиетін анықтау.

-Кеңестікті бағдарлау.

-Уақытты бағдарлау

3.Жаңа тақырып:

Балаларға 5,6,7,8,9,10 көлеміндегі сан құрамының барлық нұсқаларын көрсету.Сандар үйін толтыру.

Уақыт,апта күндерін қайталау.1-20 санау: тура, кері.

Дәптермен жұмыс

№1 тапсырма:20-ға дейін санаймыз.Тура санау. Қалып қойған сандарды жабыстыр.

№2тапсырма:Бір жіпке неше жалау тізілді? Жалаулары артық жіпті боя.

№3 тапсырма:Есеп шығар.Сызықтың көмегімен шарларды тиісті жауапқа «байла».

№4 тапсырма:11,12 цифрларды жаз.Суретті қайта-лап сал.

4.Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

5.Дидактикалық ойын: «Неше бірліктен тұрады?»

Шарты:11-ден-20-ға дейінгі сандардың бірлігін анықтау.

6.Қортындылау

- Бүгін сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

-1-20 санау: тура, кері.

-Апта күндерін атаңдар.

-Тәуліктің бөліктерін атаңдар.

-Бүтін,жарты,ширек түсініктерін қайталау.

-Балалардың жауаптарын бағалау.

-өлең жолдарына қи-мыл жасайды.



-санайды

-пішіндерді атайды



-ауызша жауап береді



-тапсырмаларды дәптерде орындайды



-өлең жолдарына қимыл жасайды.



-ойынды әр бала орындарында орындайды.

-сұрақтарға жауап беру арқылы, білім-дерін қортындылау

Білу:1-ден-20-ға дейін санай алу.

Игеру:ретін анықтай алу.

Меңгеру:сан құрамын меңгеріп алу.



© 2010-2022