Коучинг: Талантты және дарынды балаларды оқыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту

Мақсаты: Талантты және дарынды оқушылар туралы заманауи түсінік беру.

Оларды анықтауда қандай қасиеттеріне назар аудара отырып, олардың қажеттілігін бақылау үшін жағдай тудыру керектігін түсінуге мүмкіндік беру.Талантты және дарынды балаларды анықтауға болатын критерийлермен таныстыру.

Оқу нәтижелері:

- Талантты және дарынды балалар жайындағы заманауи түсінікпен танысады.

-Олардың қажеттілігін анықтауда жағдай туғызу керектігін түсінеді.

-Фриманның 9 критерийін басшылыққа алады.

Әдіс-тәсілдер:

ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Қолданылған ресурстар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, конфет түрлері, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, «Хаттар ұяшығы», сауалнама парағы.

Мазмұны

Қатысушылар әрекеті

Уақыты

Оқу үшін бағалау

Ресурстар

1

«Әр елдің амандасу»дәстүрі

Мұғалімдер ортаға шығады да екі-екіден қатарға тұрып, әр елдің амандасу түрлерін көрсетеді:

Қазақтар қол алысады.

Италяндықтар құшақтасады.

Бразилиялықтарбір-бірінің иығын қағады.

Зимбавеліктер арқасымен амандасады.

Македондықтар шынтақпен амандасады.

Никарагуалықтар иықпен амандасады.

Австралиялықтар шапалақ ұрып секіреді.

3 мин

2

«Шашу-шашу» тренингі бойынша шағын топқа бөлу.

Конфет түрі бойынша шағын екі топқа бөлінеді.

3 мин

Конфет түрі

3

Сыни ойлауға арналған сұрақтар

Екі топ ортақ сұраққа жауап береді.

а)Үйде бір қыз отыр. Егер Қыз түрып кеткен жағдайда, сыз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр? Ж: тіззеде отыр.
б)Кенгуру жолбарыстан неге қорқпайды? Ж:себебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді.
в)Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 Бала алмаларды тең бөліп алды.Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Не үшін? Ж:Біреу алманы сөмкесімен алды.
г)Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі? Ж: Үстел теннисі

5 мин

Бас бармақ

АКТ

4

«Қағазды умаждау»

Талантты және дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу.

А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу сондай қиын екенін түсінеді.)

10 мин

А- 4 парағы

5

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Презентация

Талантты және дарынды балаларды анықтау критерийлерімен танысады.

5 мин

АКТ

6

Постермен жұмыс

Топтық жұмыс

1-топ: «Дарынды» балалар қандай болуы керек?

2-топ: «Талантты»балалар қандай болуы керек?

10 мин

Маркер, плакат

7

Бағалау

Екі топ бірін-бірі бағалайды.

3 мин

критерий

Бағалау парағы

8

Рефлексия

Сауалнама толтырады

3 мин

Сауалнама парағы

9

Кері байланыс

«Хаттар ұяшығы»

Стикер қағаздар таратылады. Оған сабақтың әр бөлімінің ұнаған, ұнамаған тұстарын жазып, хаттар ұяшығына салу.

3 мин

«Хаттар ұяшығы»,

стикер



© 2010-2022