Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: «Ертегі еліне математикамен барамыз»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысының

«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мирас»

бөбекжай бақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Ертегі еліне математикамен барамыз»











Тәрбиеші: Жолмуканова А.М








а.Бескөл

2015

Ашық сабақ математика: таным, шығармашылық

Тақырыбы: «Ертегі еліне математикамен барамыз» математикалық 1жұмбақ. Цифр туралы өткенді пысықтау. Кең ,тар.Жыл мезгілдері. (1 слайд)

Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету;

Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері (2 слайд Күн)

Балалар әрекеті: Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме апайлар !

Жарайсыңдар, балалар ! Орынымызға отырамыз.

Сұрақ-жауап «Миға шабуыл»

  • Балалар ,бүгін аптаның қай күні ? - сейсенбі

  • Кеше аптаның қай күні болды ? - дүйсенбі

  • Бір аптада неше күн бар ? -7 күн

  • Ал, бір жылда неше мезгіл бар ? - 4 мезгіл

  • Ал, қазір жылдың қай мезгілі ? - Көктем мезгілі (3 слайд Көктем)

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?- қар ериді,құстар.

Балалар біз өткен сабақтарда қандай сандармен таныстық?(4 слайд Сан)

Қандай пішіндерді білеміз? (5-10 слайд Пішіндер)

Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақ, жұлдызша.

Ал енді , мен сендерге пішіндердің атын айтамын , сол пішінді ауада салып көрсетіңдер.

- Балалар, бүгінгі математика сабағымыз қызықты болмақ. Өйткені ертегілер еліне қызықты математика арқылы саяхатқа барамыз. Бауырсақ ертегісін білесіңдерме? Бауырсақ жолда қандай аңдармен жолығушы еді?

Қоян , аю, қасқыр , түлкі. (11 слайд Түлкі мен Бауырсақ)

Балалар , бүгінгі сабағымызда Бауырсақты осы аңдарға жегізбеуіміз керек. Көмектесеміз бе? Ол үшін аңдардың әртүрлі тапсырмаларын орындаймыз. -

- Орман ішінен домалап Бауырсақ келеді. (12 слайд Бауырсақ)

Балалар , Бауырсақ ең алдымен қандай аңға жолығады?

- ҚОЯНҒА (13 слайд Қоян мен Бауырсақ)

- Олай болса, Бауырсақты Қояннан құтқару үшін оның тапсырмасын орындайық. Балалар, Қоян немен қоректенеді?

- Ендеше сәбіздерін санап берейік.

1 - тапсырма. (14 слайд сәбіздер )

- Қоянның өзінде төрт сәбіз бар екен. Оған Бауырсақ бір сәбіз сыйлады. Барлығы қанша сәбіз болды екен? Санайықшы? 1,2,3,4,5 енді кері санайық 5,4,3,2,1. (бір бала тақтада көрсетеді) Қоян сендерге рахметін айтып ,

Бауырсақты ары қарай жіберді.

- Енді Бауырсақ қандай аңмен жолығады? АЮМЕН

2 - тапсырма. (15 слайд Аю мен Бауырсақ)

- Енді Аю сендермен бірге санамақ айтқысы келіп тұр. (16 слайд 1-5 дей)

2-тапсырма

Аю сендерге рахмет айтып ,Бауырсақты жібере салды.

- Ал , енді Бауырсақ қандай аңмен жолығады? ҚАСҚЫРҒА.

3 - тапсырма. (17 слайд Қасқыр мен Бауырсақ)

- Мен ,Бауырсақты іздеп келдім, қарным ашып, жегім келіп тұр. Бауырсақты жемесем басым ауырады.

Балалар , Қасқырдың тапсырмасы бар екен, орындап береміз бе?

1-тапсырма: Балалар, Қасқыр сендермен бірге сергіту жаттығуын жасағысы келеді.

Сергіту жаттығу.

  • Оңға , оңға түзу тұр,

  • Солға , солға түзу тұр.

  • Алға қарай бір адым,

  • Артқа қарай бір адым.

  • Жоғары төмен қарайық,

  • Орнымызды табайық.

2-тапсырма: Балалар, Қасқыр қазір қандай тәулік екенін білмей басы қатып тұр. Бір күнде неше тәулік бар? (4-тәулік. таң,түс,кеш,түн).

Қасқыр, бағдаршамның көздерінің түстерін, нешеу екенін білмей тұр.

Қасқыр сендерге өте риза болып ,Бауырсақты ары қарай жіберді.

- Бауырсақ Қояннан , Аюдан , Қасқырдан құтылып келе жатса , алдынан қандай аң шығады ?

- Түлкі қандай аң ? Айлакер аң.

4 - тапсырма. (18 слайд Түлкі мен Бауырсақ)

- Ал, Түлкі Бауырсақты оңайлықпен жібермейді. Түлкінің тапсырмасы қйынырақ екен.

1-тапсырма: Жұмбақ жасырады. (19 слайд)

«Аяғы төртеу, жүре алмайды,

Не жатып бір дем алмайды» (орындық) 20-21 с

- Далада жүр шапқылап,

- Керемет тым саққұлақ. (Қоян)22-23 с

Жазда қыдырады ,

Қыста тығылады. (Аю) 24-25с

Өте жақсы !

- Балалар, Түлкінің сендерге тосын сыйы бар екен. (қапшық ішінде үлгі коллажы, пішін бөлшектері) (26 слайд)

2-тапсырма: «Әрқашан дос біргеміз» жапсыру сабағына байланысты пішіндерден коллаж жасау. Үшбұрыштан-Түлкіні, шырша,Шаршыдан- үй , дөңгелектен-күнді, сопақтан-қасқырды,аюды жапсыру. «Кең»,«Тар» «Ұзын», «Қысқа» жолдарды әр аңға сәйкес етіп жапсырамыз.

- Балалар, Аю біздің қандай жолмен жүреді? «Кең», «Қысқа»

- Ал,Түлкі қандай жолмен жүріп келеді? «Тар» , «Ұзын»

Балалар ,сендер суреттен не көріп тұрсыңдар? Достықты.

Достар деген міне,осындай болу керек.Достыққа жиналайық.

- Әкел досым қолыңды,

- Татуласқан орынды.

- Өпкелесіп не керек,

- Көрсет қане соныңды.

Қорытынды.

- Ертегіде неше аң бар? Олар енді Бауырсақпен дос болды ғой , енді нешеу болды? Бауырсақ сендерге риза болып ,атасы мен әжесін де қуантып жатыр . Сендер де ата-әжелеріңді тыңдаңдар. Ақылды болып өсесіңдер.

Бауырсақтың беретін сыйлығы бар сендерге. (пішіндер тарату)

(27-слайд) Назарларыңызға рахмет!Сау болыңыздар!




© 2010-2022