Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш даярлық тобына

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚМ « Бөбек» бөбекжай-балабақшасы







«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»



Орындаған: Кунабаева А.Ж.















Ш.Қалдаяқов ауылы

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

МАҚСАТЫ: Балаларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

1 Балаларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мақтанышқа тәрбиелеу.

2 Балаларға Қазақстан Республикасының бас қаласы -Астана, жалпы рәміздер туралы айту.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы,гимні,суреттері.

1 Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар көздеріңді жұмып бір-бірлеріңе жақсы тілектеріңді айтыңдар.

(балалар өз тілектерін айтады.)

Тәрбиеші: Ал қане балалар ,Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер? Отан -дегеніміз адамның туып өскен жері,туған -туысқандарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.

Ал балалар тәуелсіздігімізді алғаннан бері республикамызда қандай өзгерістер болып жатыр?

Қандай мейрамды тойладық?

Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

( сұрақтарға жауап береді.)

Енді бүгінгі тақырыбымыз «Мемлекеттік рәміздер»

Тәрбиеші: Егемендігіміздің белгілерінің бірі-мемлекеттік рәміздер. Міне, енді өз Гимніміз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Халқымыздың еңсесі жоғары.

Балалар, орындарынан тұрып гимнді орындайды.

Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы жазылған. Өйткені онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз.

Қалай ойлайсыңдар, Ата Заң не үшін керек?

Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Қазақстан Республикасының рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Гимні бар.

Қазір «Кім жылдам?» Отан туралы кім көп мақал -мәтелдер біледі?

Отан - елдің анасы

Ел - ... ( ердің анасы)

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ... (ел болмас).

Отанды сүю - ... (отбасынан басталады).

Ел іші- ... ( алтын бесік)

Мақал -мәтелді көп айтқан бала жеңімпаз атанады.

Тәрбиеші:

Сонымен қорыта келгенде өзіміздің жерімізді рәміздерімізді Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.

Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.

Ата Заң.

Ата Заңым алтын заңым - ардағым

Аялаған азаматтың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз

Әрбір бабаң тарауларын тармағың- дегендей тәрбие сағатымызды қорытындылайық.










© 2010-2022