Бөлімі: Сауат ашу және жазу. Тақырыбы: [ә]дыбысы мен әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы [ә]дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

1.Ә әрпімен таныстыру, ә дыбысының жіңішке айтылатын дауысты дыбыс екенін анықтау.

2.Мультфильмнен үзінді көрсету,ән тыңдату,электронды оқулықты пайдалану.

3.Отбасы мүшелеріне ,үлкендерге деген сүйіспеншілік,құрметтеу сезімдерін ояту.


Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

Жағымды

жағымсыз

1.Мотивация







2.Ізденіс -ұйымдастыру

Кезеңі























3.Рефлексия







Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады.

Армысың,ардақты Аспан ата!

Армысың,мейірімді Жер -ана!

Армысың,шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Теледидарды қосады,экраннан «Құйыршық» ертегісіндегі әженің бейнесі көрінеді.

-Балалар,бұл қай ертегі кейіпкері еді?

-сендердің әжелерің бар ма?

-әжелерің сендердң қалай еркелетеді?

-әже қандай өлең жаттадық?

«Құйыршық» мультфильмінде айтылатын «Бесік жырын «тыңдатады.

-Осы әнді айтқан кезде әже қандай сөзді жиі қайталады?

-Дұрыс әже «әлди,әлди» сөзін көп қайталады,

Келіңдер сол сөзді айтып көрейік

-Әлди деген сөзде қай дыбыс ең бірінші естіледі?

Ә дыбысын айтқызады.

Дауысты дыбыс екенін анықтатады.

Сергіту жаттығуын орындату.

Алма баққа келемін

Қып-қызылын теремін

Асыл әжем жесін деп

Жуып,аршып беремін

Д/о «Әжеме сыйлық»

Шарты:Әр жүрекшенің ішкі жағына жазылған әріпті дұрыс атаған бала жүрекшені алады.

Дәптермен жұмыс:

«Әже»,»әке» сөздеріне дыбыстық талдау жасатады.

Сұрақ -жауап арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.Балаларды мадақтау.

Бәрі бірге қайталайды.







Балалар теледидардан көрсетілген суретті тамашалайды.


Балалар түсінгендерін айтып береді,сұрақтарға жауап береді.



Үнтаспадан бесік жырын тыңдайды.

Әлди сөзін көп қайталанады.










Өлең жолдарын қайталап ,бірнеше рет қайталап жатқа оқиды.


Тақтадан қалаған жүрекшелерін алып,ішіне жазылған әріпті дұрыс атаса,жүрекшені алады.

Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:[ә] дыбысының жіңішке айтылатын дауысты дыбыс екенін

Игеру керек:отбасы мүшелерін сыйлап,үлкендерді құрметтеу қажеттігін

Меңгеру керек:Ә әрпін танып,көрсете білуді.




© 2010-2022