Құстар біздің досымыз (Ашық сабақ)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінін жоспары.

Саласы:Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: Экология

Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз

Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Ертегіні рөлдерге бөліп беріп ойнату арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: интер тақта,суреттер.

Сабақтың түрі: Ашақ сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйысдастыру кезеңі.

1-слайд.Психологиялық сәт:

Шаттық жеңберге тұру.Өлен жолдарын қайталау.

2-слайд.Көктем суреті.

Сұрақ -жауап:

-Неше жыл мезгілі бар?

  • Балалар қазір қай мезгіл?

  • Көктем

  • Көктемнің қанша айы бар?

  • Үш

  • Олар қандай айлар?

  • Наурыз, сәуір, мамыр

  • Қазір қандай ай?

  • наурыз

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Күн жылынады,қар ериді,жылы жақтан құстар келеді.

-Қандай құстарды білесіндер?

-Қыстап қалатын құстарды ата.

-көгершін,торғай.сарышымшық,қарға.

-

3-слайд.Жаңа тақырып.Құстар-біздің досымыз.

Түсінік беру.

Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен қоректенеді.Сөйтіп бау бақша,егістіктерді жақсы өсуіне пайда келтіреді.Құстарды қорғау керек.Өйткені құстар біздің досымыз.Көктемде ең бірінші ұзақ ұшып келеді.Онын артынан қараторғайлар келеді. Қараторғайлар дайын ұяға орналасады.Сондықтан оларды ұя жасап қарсы алу керек.

4-слайд.Зиянды жәндіктермен қоректенетін құстармен таныс бол.

Ұзақ,кекілік,қарлығаш,қара шымшық,тоғай бұлбұлы,қоңыр кептер.


5-слайд.Жұмбақтар.

Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін кім табар екен.


Тұмсығымен ояды,

Ағаш құртын жояды. (тоқылдақ)

Мысық емес,

Қанатты,бірақ көзі аумайды.

Іздегенді тамақты,

Ол да тышқан аулайды. (үкі)

Су бетін сызып,

Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)

Мойын сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы? (аққу)

Үй ішінде үй,

Жем тасиды жие.(қарлығаш)

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп

Қайсы құсты мақтаймыз (көгершін)

-Жарайсыңдар.(Шаған көрнісімізді бастайық)

-Бізге қонақ келе жатыр,кім екен,қай мезгіл?

-көктем.

-біздің құстар туралы не білетінімізді білгісі келеді.

-кәне қарсыалайық.

1-оқушы:

Құстар,құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

«Көктем келді!» деп бізге

Жақсы хабар береді.

Көктем:

Сәлем ,достар,аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат-шадыман көктемнің

Шаттық болсын қашанда.

Ән құрадым үнімен,

Сән құрадым гүлімен.

Қуантамын бәрінді,

Құт - береке күнімен.

2-оқушы.

Сәлем елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарына көктегі.

Көктем:

Рахмет,балалар,

Сендерде ой-сана бар.

Бау-бақшаныны дұшпанын,

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен келеді,

Міне сәнімен келеді.

Көкек:

Жаршысымын көктемнің

«Көкек»дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін,

Көктемді күтсен мені күт.

-Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да мен өте пайдалы құспын.Мен күніне 39 шегіртке,43 құрт жеймін.

Қараторғай:

Пайдалы құстын бірі -қараторғай.Бір топ қараторғай балапандарымен бірге 22 тонна шерірткені азық етеді.

Мен торғаймын,торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа,шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

Қарлығаш: Қарлығаш-өте сүйкімді және пайдалы құс.Бір жазда бір миллион құрт жейді.

Бұлбұл:

Мен еркін бақытты бұлбұлмын.

Бұлағын тасытқан ән-жырдын,

Тамаша тамылжып шырқаймын,

Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

6-оқушы:

Үңгіген тоқылдақ құс-дәрігер,

Қашанда ол әбігер.

Аққу:

Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзін қимаған.

Тәрбиеші:Су айдынының көркі -ару аққулар.Аққу-құс төресі,бақыт бастамасы,жақсылық пен татулық символы.Оған мылтық кезеп оқ атпаған.

8-оқушы: Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі бар.Ең ерекшесі-қыран бүркіт.Ол қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі құс.

Бүркіт:

Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,

Қияға қанат қағып шалықтаған.

Құс ішінде қырағы болғандықтан,

Атандым қыран-бүркіт жалықпаған.

«Ойлан,тап» ойыны.

Ребус шешеу.

Ізді анықта.

Қорытындылау:

1.Сөздерге дыбыстық талдау.(үлестірмелер)

2. «Жоғалған сөздер» ойыны.

-Балалар,Құстар туралы көп білдік.Мұнымен қоса ауа райын да болжай біледі екен.Мәселен,шағала келсе көктем тез шығады екен.Көкек жиі шақырса күн жылынады.Ақ қарлығаш өрлеп ұшса күн жылынады.Ал қарлығаш өрлеп ұшса күн жылы,жер бауырлап ұшса құрғақ болады.Жаңбыр жауар кезде қарғалар топталып,у-шу болып -қона береді екен.

Құстар туралы жұмбақтар жасырылып, балалар оны шешеді.Әр құстар жайлы сұрақтар қойып,жауаптары тыңдалады.

-Біздің халық ежелден-ақ құсқа әуес,оған деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп,жақсы көретін адамын құсқа тенеген.Мысалы батыр ұлдарын сұнқарға,әншісін бұлбұлға,сұлуын аққуға тенеген.Құстар табиғатқа сән береді.Олардын сазды әуені табиғатты құлпыртып адамдардын көңіл-күйіне әсер етеді.

Мадақтау:

Күтілетін нәтиже:

1.Нені біледі:Құстардың пайдасын.

2.Қандай түсініктерді игерді: Құстарға қамқаорлық жасау.

3.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:

Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы

қалыптасады.















Тақырыбы: Ана мерейі

Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру;

оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: аналар туралы қанатты сөздер, шарлар, шиырмалар, аналар фотосуреттері. Т.б..

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған "Ана мерейі!" деп аталып отырған ашық тәрбие сағаты. Бұл сабақ 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр.

Адам үшін ең аяулы, ең қадірлі жан-Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.

Құрметті аналар және ұстаз аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі Ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

1-оқушы: 1910 жыл 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.

Хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!

(Сыныпқа көктем мезгілі кіреді.)

  • Сәлеметсіздер ме? Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын, әр жанұяға шаттық тілеймін!

Көктемде құстар сайрайды,

Жерде гүлдер жайнайды.

Алақайлап балалар,

Мәз болысып ойнайды.


(әр оқушының аналарға арнаған тақпақтары)

1-оқушы. Ана-біздің күніміз,

Ананың-біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

2-оқушы: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

3-оқушы: Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең.

4-оқушы: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

5-оқуы: Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

6-оқушы: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн болып жанасың.

Құтты болсың мейрамың,

Құттықтаймыз ұстазым!

7-оқушы: Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы.

Қуантамыз ананы.

8-оқушы: Үлкейдім ғой мен енді,

Жудым бүгін еденді.

Аналарға арналған,

Жаттап алдым өлеңді.

Хор: "АҚ МАМАМ"

9-оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

10-оқушы: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екіетпей

Ақ сүтіңді өтермін.

11-оқушы: Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге,

Шәй қайнатып береді

Қажет болса бәріне.

12-оқушы: Анаға жан жетпейді,

Еңбегі естен кетпейді.

Балаға да анасыз

Тамағынан ас өтпейді.

13-оқушы: Анам менің, ақ мамам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әр дайым

Қуанамын, шаттанам.

14-оқушы: Анашым, жан анам,

Балдан тәтті бал анам.

Үйге келсең сақтанам,

Құшақ жая қарсы алам.

15-оқушы: Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой.

Асықпа, анашым, ертен-ақ

Отың болып жанам гой.

16-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

17-оқушы: Аналар шаңырақтың сәулетті ғой,

Ана денен баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.

18-оқушы: Ана деген кім десе,

Шуақ шашқан күн дер ем.

Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен,

Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.

Жүргізуші: Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерің қуаныштан кім аяған,

Жаңа биді сіздергешашу етем.

(Би биленеді)

Көрініс: Дүниеде не қымбат?

Хор: "Айналайын ақ мамам"

Хор: Ана-ұстаз, ана-дәрігер.

Ана-ғылым, ана-ақын.

Ана-өнер қайраткері.

Ана-жазушы.

Ана-қоғам қайраткері.

Жалпы би:

Ана туралы слайд фильм көрсетіледі

Қорытынды.

Жүргізуші: "Аналар баланы бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады" деген сөз бар.

Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарына.

Салтанатты кешіміз аяқталды,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,-дей отырып бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Сөз кезегі беріледі:

Мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға және қонақтарға.

Енді оқушылардың қоштасуы: Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз данамыз.

© 2010-2022