Шығарма Мен ардагер атамды мақтан тұтамын

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен ардагер атамды мақтан тұтамын!

Соғыс туралы әңгіме қозғалса, есіме әкемнің аталарым жайлы айтқан әңгімелері еске түседі.Менің атам Жұпбанов Молақбай 1924 жылы Қазақстанның Ақтөбе облысының Байғанин ауданында көшпелі шаруа отбасында дүниеге келді.1930 жылы Түркменстанның Ташауыз облысының Көнеүргеніш ауданына қоныс аударды.1938-39-40 жылдары Красноводск каласында қазақ педучилищесінде оқыды,1941 жылы Қарақалпақ АССР Хожелі ауданындағы пед-училищені оқып бітірді. Кейін Нөкіс пединститутын бітірді.Менің атам еңбек жолын мектепте оқытушы болып бастады (1941). 1942 жылы Совет армиясы қатарына қатарына шақырылып, 221-атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысудан бастайды. 1943-44-45 жылдары І-Украина, Ленинград, ІІ-Карелия, ІІІ-Белоруссия майдандарында шабуылдаушы әскерлер құрамында станковой пулемет расчетының командирі болып, Ұлы Отан соғысын Германияның Шығыс Пруссия жерінде аяқтайды. Соғыстан жараланып контузия алады.Ұлы Отан соғысының І-топтағы мүгедегі. Соғыстағы асқан ерлігі үшін 1945 жылы Қызыл алаңдағы «Жеңіс шеруіне» қатысады. 1946 жылы армия қатарынан оралып, Түрікменстан, Ташауыз облысы, Көнеүргеніш ауданы «Қызылғошын» колхозына келіп, мектеп директоры, 1948-1966 жылдары колхоз бастығы, 1967-1986 жылдары ауданаралық дайындау-өткізу базасында директор, аудандық тұтынушылар одағының төрағасы қызметтерін атқарады. 1985 жылы екінші рет СССР Қорғаныс Министрі басштабының шақыруымен Москвада Қызыл алаңда өткен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдық «Мерекелік шеруіне» қатысады.1995 жылы Қазақстанда Алматы қаласында өткен әскери шеруге қатынасады.1986 жылы ерекше сіңірген еңбегі үшін республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шығады. 1993 жылы тарихи атамекені Қазақстанның Маңғыстау облысына келіп, Ақтау қаласына орналасады. 4 ұлы 3 қызы бар. Олардың барлығы жоғары білімді, әртүрлі салада мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Ұлдары да, қыздары да үйлі-күйлі, отбасын құрған, 8-9 немересі бар, келіндері де жоғары білімді, мамандықтары бойынша жұмыс істейді.

Оның мемлекеттік сыйлықтары: «Ерлігі үшін медалі, «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту», «Отан соғысының І дәрежелі», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері, Түрікменстан ағарту ісінің үздігі, Еңбектегі ерлігі үшін және 21 мерекелік медальдар мен құрмет грамоталары бар. Атам жайлы осылай сыр шерткенім перзенттік парызым деп білемін.Мен өз атамды мақтан тұтамын!

© 2010-2022