Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бұланды ауданы











Тақырыбы:


«Жүректен - жүрекке»

(педагогтармен өткізілген тренинг)












Өткізген балабақша психологы: Каменова Ж. З.












«Балдырған» мектеп - балабақшасы

2015 - 2016 оқу жылы

Мақсаты: педагогтар арсында сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру, жағымды қарым - қатынас орнату, көңіл - күйлерін көтеру, бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін сыйлауға жағдай жасау.

Көрнекіліктер: слайд, майшам

І. Кіріспе сөз

Психолог: сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздермен кездескеніме өте ерекше қуанып тұрмын. Бүгін біз бір - бірімізге жылулығымызды сыйлаймыз, бір - біріміздің көңіл - күйлерімізді көтеруге тырысамыз. Ендіше барлығымыз келіп шеңбер құрып тұрайық.

1 жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»

Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас және эмоционалдық комфорт орнату.

Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады:

  • Қол алысу;

  • Мұрындарын түйістіру арқылы;

  • Құшақтасу;

Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз, бірақ амандасу әртүлі. Бірінші бір- бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір-бірімізбен құшақтасамыз.

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүреккеПедагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке


2 жаттығу «Бір затқа дейін қолыңды тигіз» ойыны.

Басқарушы. Біз бүгін бір-бірімізбен жақынырақ таныстық, ал енді кім қандай киім кигенін және ол қандай түсті екенін мұқият қарап алыңдар. Мен «бір затқа қолыңды тигіз» дегенде, сендер көршіңе немесе басқа қатысушыға қолыңды тигізуің қажет.

Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!» Бастаймыз!


3 жаттығу«Лимон және марғау»

Мақсаты: эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз! Ал енді қолымыздағы лимон шырынын жалаймыз. (қышқыл дәмді татқанда, бет - әлпеттеріңіз қандай болады?)

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүреккеПедагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке

4 жаттығу. «Тікұшақпен саяхатқа шығу даярлығы»

Психолог: қазір біз тікұшақпен саяхатқа шығамыз, саяхатқа шығар алдында өзімізді тексеріп алайық. Менімен бірге қайталайсыздар.

1.Саяхатқа дайындалыңдар. (йә!)

2.Контакт. (қолды созу)

3.Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)

4.Локаторды тексер. (құлақты уқалау)

5.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)

6.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)

7.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін-бірі құшақтау)

8.1-ден, 5-ке дейін санағанда у-у-у деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер.

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүреккеПедагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке

5 жаттығу.«Жүректен - жүрекке»

Педагогтар майшамды алып бір -біріне жүрек жылуын сыйлап, мейірімді, қайырымды, махаббатқа толы жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізейік.

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүреккеПедагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке


Педагогтарға арналған психологиялық тренинг: Жүректен - жүрекке

6. Слайд

© 2010-2022