«Менің отбасым» (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің үйдегі, дастархан басындағы орны жайлы түсіндіру. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, сыйластыққа тәрбиелеу. Сөздік қорларын, ойларын, тілдерін, жүйелі сөйлеу дағдыларын дамыту.Отбасы жайында білімдерін тереңдету.

Әдіс - тәсілдер: Отбасы , шаңырақ туралы өлеңдер жаттату.

Көрнекілік: Отбасының суреттері, жұмыс дәптерлері.

Билингвизм: Ана - мама - mother, Әке - папа - fother, Аға - брат - brother.

Іс - әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Сәлемдесу, түгелдеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Дәптер қаламдарын ретке келтіру.

Тәрбиешімен сәлемдесіп,

оқу - құралдарын шығарады.

Ұйымдастыру кезеңі

Отбасы туралы өлең оқып, мазмұның түсіндіріп әңгімелесу.

  • Отбасы біздің үй ішіміз -

әке - шешеміз, ата -әжелеріміз, аға - әпкелеріміз құрайды.Оларды отбасы мүшелері деп атайды.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі бос орынға өз отбасылары туралы сурет салады. Олар туралы қысқаша өз түсініктерін айтады.

Сергіту сәті:

«Шаңырақ» ойыны арқылы өтеді.

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрініп.

Жұмбақтар жасыру:

  • Әлемнің жарығын

Сыйлады ол бізге.

  • Асқар таудай...

  • Ақ сақалды, ақ шашаты,

  • Әкемнің ол әкесі.

  • Кім болады ол маған?

Дидактикалық ойын «Кім жоқ?»

Ойынның шарты: Тәрбиеші отбасы мүшелері суреттерінің жиынтығын үстел үстіне жайып қояды. Бір баланың көзін жауып, бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Бала сол жоқ суретті тауып атауы тиіс. Ойын осы ретпен жалғасады.

Тәрбиеші оқыған өлеңді тыңдайды.Отбасы жайында тәрбиешімен әңгімелеседі.Отбасы жайлы тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Сурет салып, өз ойларын айтып береді. Тақтадағы суретке 1, 2 бала толық әңгімелейді.



Өлең жолдарын қосылып айтып, мазмұнына байланысты қимыл - қозғалыстар жасайды.



  • Ана



  • Әке



  • Ата

Тәрбиешінің түсіндіруі бойынша ойнайды.

Рефлексивті - түзетушілік

Балаларға сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. Сабақ барысында ненің ұнағаның сұрау. Балалардың жетістігін айту, мадақтап бағалау.

Сұрақтарға жауап беріп. Ненің ұнағаның тәрбиешіге айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Отбасы туралы өлеңдер, қажет кезде қолдануды.

Қандай түсініктерді игерді: Отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керектігін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Отбасының тек қана бір туған, жақын адамдардан тұратынын.



© 2010-2022