Ашық сабақ: Аналар мәңгі жасасын!

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аналар мәңгі жасасын!

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Безендірілген әсем зал, суреттер, гүлдер (Әр баланың өнеріне қарай жайқалып тұрған шөп үстіне гүлдерді орналыстыру)

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, әңгіме, ойын.

Сөздік жұмыс: ана, мереке

Билингвистикалық компоненттер: ана-мама

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар?

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

Бүгін біз көктем мезгілінің алғашқы мерекесі - 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін тойлағалы отырмыз. Бүгін аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі

Құрметті нәзік жанды арулар әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке!

Біздің бүлдіршіндеріміз сіздерге, аналарына деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ.

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Ән: Ақ мамам

Көктем ханшайымы келеді

Көктем ханшайымы:

Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнеледі.

Өйткені мен көктеммін
Шұғыламды төккенмін.

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен Көктем ханшайымымын

Мен сендердің ән айтқан дауыстарыңды естіп сендерге қонаққа келдім

Тәрбиеші: -Сәлеметсіз бе Көктем ханшаймы? Ендеше төрлетіп, бүлдіршіндеріміз өнерін тамашалаңыз!

«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Айбарс:

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.

Адия:

Анашым, жүрегім,

Өмірлік тірегім.

Арсен:

Анашым, ақ таңым,

Ақ сүтіңді ақтаймын.

Зейнеп:

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болса бар адам.

Көктем ханшайымы: «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері өте өнерлі екен. Маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Сендерге көрсетуге алып келген суреттерім жерге шашылып қалды, сол суреттерді жинауға маған көмектесесіңдер ме?

Ендеше, мен атаған суреттерді кім бірінші алып келеді екен.

Кезекпен жерде жатқан суреттерді атайды.

Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: жарайсыңдар балақайлар! Сендер өте жылдам екенсіңдер!

Бишілер бар біздерде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!

Би: Вальс «Анаға сәлем»

Тәрбиеші:

Көктем ханшаймы балаларымыздың аналарына дайындап келген тағы да тақпақтары бар екен тыңдаңызшы.

Нұрсаид:

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.

Алима:

Анашым, асылым,

Аяулы ғасырым.

Исмайыл:

Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз

Лейла:

Аналарды сүйеміз,

Әдеппен бас иеміз.

Тәрбиеші:

Бүгінгі мерекемен әжелерімізді де мерекеcімен құттықтаймыз. Осы орайды Лейланың әже туралы тақпағын тыңдайық

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған.

Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән: Әжем

Тәрбиеші:

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Балалар біз аналарымызды құрметтеуіміз керек. Ана біздің өміріміз, ана біз жырымыз. Аналар туралы жыр, дастандар ешқашан бітпейді. Мерекелік көңіл күйімізді жандандыра түсу үшін Көктем ханшаймын ортамызға алып би билейік.

Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

Би: «Көңілді күн»

Көктем ханшайымы: Балалар сендер өте өнерлі, ақылыды балалар екенсіңдер. Бүгінгі мерекеміз керемет өтті. Сендерге рахмет. Менің сендерге арналған сыйлығымды қабыл алыңдар!

Мен енді сендермен қоштасамын, мені басқа топтың балалары күтіп отырған болар. Сау болыңдар!

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз қандай мерекені атап өттік?

Аналарымызды әрқашан құрметтейік.

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін келгендердің қадамына - дей отырып бүгінгі «Аналар мәңгі жасасын!» мерекелік оқу іс-әрекетімізді осымен аяқтаймыз.

Аяулы асыл жандар мерекелеріңіз құтты болсын. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Жанымызы жайнатқан,

Аналар мәңгі жасасын!



© 2010-2022