Утренник на тему Ана тілімізді ардақтаймыз (дошкольники)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана тілімізді ардақтаймыз»

Мақсаты:Балаларға ана тілі туралы түсінік беру,білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой өрісін, сөздік қорын дамыту. Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тақырыпқа сай суреттер

Тәрбиеші:Қайырлы күн, кұрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым! Ана тілі- адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп- өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.

Қазақ тілі өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім-дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Балапан» шағын орталығы мен мектепалды даярлық бүлдіршіндерінің «Ана тілімізді ардақтаймыз» атты мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Балалар құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдерің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білу заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Хор:Әнұран

Тәрбиеші: Тілім, дінім, самғаған шарықтасың,

Самғаудан еш уақытта жалықпасын.

Өз алдында өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтасын.

Айсәуле:Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Нұрсана:Ана тілін білмесең,

Қадірлісің кімге сен?

Ана тілі арқылы

Тарихыммен тілдесем.

Аружан: Ана тілім ән қылып

Анам айтқан әлдиім.

Ана тілсіз мәңгілік

Келіспейді ән, күйім.

Аяулым: Ана тілім бойымда,

Ағып тұрған бұлағым.

Ана тілім- ойымда

Жанып тұрған шырағым.

Жанайым:Ана тілім- менің,

Әлдилеген әнім.

Айым: Ана тілім- демім,

Ана тілім- жаным.

Арсен: Жанымнан да қымбат

Ана тілім маған.

Даяна: Ана тілім менің,

Басты бақыт құсым.

Хор: «Отан»

Асылхан: Ей, адамдар,

Тыңда мені,

Құлақ тұр,

Ана тілім-Қазақ тілі

Бір-ақ тіл!

Анель: Әлпештейді Отаным

Ашық менің үнім де.

Әлемге тіл қатамын,

Туған ана тілімде!

Нұрлыбек: Мақтан тұтам, бүгін мен,

Шақырады ертеңім!

Туған ана тіліммен

Өсер менің өркенім.

Газиза: Кенелемін бақытқа

Тіл қадірін ұғамын.

Ана тілін оқытқан

Ұстаз болып шығамын.

Мансур: Аға, апа, інім-деп,

Қарындасым-гүлім деп

Қандай тәтті өз тілің

Сөйлегенде күлімдеп.

Гүлім: Ана тілім - ақылшым,

Асыратын қиядан.

Ана тілін сүйемін,

Сүйенішім тірегім.

Ернұр: Ақыл ойын дараның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Нұрасыл: Ана тілім елім,

Қажыр-қайрат, күшім.

Ана тілім менің

Басты бақыт құсым.

Би: «Қамажай»

Тәрбиеші:Өнерлерің үстем болсын балалар! Сендер тілге байланысты мақал-мәтелдер білесіңдерме? Қане кім айтады?

Ғазиза: Бас кеспек бар,

Тіл кеспек жоқ.

Алина: Білім кілті - тіл

Анель: Жақсы сөз, жарым ырыс.

Гүлім: Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Тәрбиеші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен елмен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып, ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.

Осымен құрметті ұстаздар, сүйкімді бүлдіршіндер «Ана тілімізді ардақтаймыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


© 2010-2022