Халық ертегілер драматизациясы Бауырсақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ертегілер әлемі»

Жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ата-аналар,ұстаздар,балалар сіздерге шағын орталық пен даярлық топ бүлдіршіндерінің «Бауырсақ» атты ертегімізді тамашалауға шақырамыз! Бүгің біздің ертегі әлемімізге келгендерінізге өтте қуаныштымыз!

Бауырсақ

Жүргізуші:

Бір кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалнып:

Бегжан-ата:

-Кемпір ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші,-дейді.

Аяулым-әже:

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой,- деп жауап берді кемпір.

Бегжан-ата:

-Әй,кемпірім-ай!Қойманың түбін қырнп көрсен ғой,бауырсақтан ұнтабылып қалар.

Жүргізуші:

Кемпірі солай істейді:қойма түбін қырып-қырып екі уыз ұн табады да,қаймаққа шылап,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақты терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі,іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.

Бауырсақ жолдазымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шығады;

Қоян-Сымбат;

-Бауырсақ!Бауырсақ!Мен сені жеп қоям!

Бауырсақ-Акежан;

-Жоқ сен мені жемеші,мен саған ән айтып берейн.

Жүргізуші:

Қоян құлағын түреді,ал бауырсақ әнге басады

Бауырсақ-Акежан;

Әжей қойма қырнаған,екі уыз ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейденде құтылдым.

Қоян,сенен құтылу,қиын емес бұл маған.

Жүргізуші:

Бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі,қоян аңырайып қала береді.

Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зырлап бара жатса,қарсы алдынан қасқыр шыға келеді;

Қасқыр-Ерназ;

-Бауырсақ!Бауырсақ!Мен сені жеп қоям!

Бауырсақ-Акежан:

-сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін,

Жүргізуші:

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Бауырсақ-Акежан:

Әжей қойма қырнаған,екі уыз ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейденде құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған!-


Жүргізуші:

-деп бауырсақ домалай жөнеледі.Қарсы алдынан қорбалаңдап аю шыға келеді.

Аю-Жасұлан:

-Әй бауырсақ!Мен сені жеп қоям!дейді.

Бауырсақ-Акежан:

-Жоқ,сен мені жеме,мен саған өлең айтайын,-деп жауап береді бауырсақ.

Әжей қойма қырнаған,екі уыз ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейденде құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдм!

Маймақ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған!

Жүргізуші:

Бауысақ домалай жөнеледі,аю оның ізіне үніледі.

Бауырсақ зымырап бара жатса,қарсы алдынан түлкі шыға келеді:

Түлкі-Дариға:

-Амансың ба,бауырсақ! Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы!

Жүргізуші:

Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса құмырта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып,жақындай береді.

Бауырсақ-Акежан:

Әжей қойма қырнаған,екі уыз ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған,бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейденде құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдм!

Аюдан да сытылдым,түлкі,сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған!

Түлкі-Дариға:

-әдемі өлең екен!-дейді түлкі.-Айналайынай,қартайған шағым ғой,құлағымның мүкісі бар. Қәне,менің мына тұмсығыма шық та,өленіңді тағы бір шырқап жіберші!

Жүргізуші:

Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып,түлкінің түмсығына қарғып шығады да:

Бауырсақ-Акежан:

-Әжей қойма қырнаған...

Жүргізуші:

-деп өлендете бастағанда қу түлкі бауырсақты «ап!»деп бір-ақ асапта. Осымен біздің ертегіміз аяқталды.

Ендігі сөз кезегі мектеп директорына Ермухан Темірғалиұлына беріледі.

Келесі кездескенше қош сау болыныздар!

Келгендерінізге көп рахмет!











© 2010-2022