Менің қайырымды көмекшілерім. Көз план урока

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Менің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урокаМенің қайырымды көмекшілерім. Көз план урока

Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: Менің қайырымды көмекшілерім.Көз.
Мақсаты:Көздің құрылысымен таныстыруКөзді күту және сақтау жолдары.
Құралдар:көздің суреті,айна,ребус.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,топтастыру.
Сабақтың түрі:аралас.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Жылулық шеңбері.
Балдырған баламыз,
Қашан да,қайда да
Сенімді боламыз,
Себебі,біз достармыз.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
-Алдыңғы сабақта бұлшық ет,қаңқа,буын тері туралы қарастырғанбыз.
-Еске түсірейік?
-Біздің денеміз неден тұрады?
-Қаңқадан.
-Оны не қаптап тұрады?
-Бұлшық ет.
-Егер қаңқа болмай бұшық ет болса,біз осылай тік тұра аламыз ба?
-Жоқ.
Біздің денемізде не көп?
-Буындар көп.
-Кәне,сол буындарды көрсетіп жіберіңдерші.
(Балалар буындарын көрсетеді)
III.Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.
Қос дөңгелек мөлдіреп,
Ішінде қарашық.
Алғы жаққа елжіреп,
Қарайды ылғи таласып.
(көз).
Иә,дұрыс айтасыңдар.
-Менің қайырымды көмекшілерім.Көз көру мүшесімен танысамыз.
-Айналамызға қарайықшы,осы сыныптан не көріп тұрсыңдар?
-Тақта,стол,терезе,шкаф және т.б.
-Осының бәрін немен көрдіңдер?
-Көзбен.
-Ал,енді көздеріңді жұмыңдаршы.
-Не көріп тұрсыңдар?
-Ештеңе көрінбейді,қараңғы.
-Неге?
-Себебі,көзіміз жұмулы тұр.
-Ендеше дұрыс көру үшін көз ашық болу керек,ауырмау керек.Көз арқылы барлық қоршаған ортаны,заттарды көреміз.Көзіміз дұрыс көру үшін А-дәруменнің пайдасы зор,сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет.Әр түрлі сәбізден жасалған шырындарды ішу қажет.Сол сияқты пісіріп балықтарды да жеу керек.
IV.Суретпенжұмыс.
Енді көздің құрылысымен танысайық.
-Мынау көздің ішкі тамырлары.
-Мынау көздің алмасы.(Алыстағы заттарды көру үшін).
-Мынау көздің қарашығы.
-Мынау көздің әйнегі.
Енді көздің сыртқы құрылысымен танысайық.
-Мынау қос қас тер тамшысынан сақтайды.
-Мынау қасаң қабақ.
-Мынау кірпік.
-Ол көзді тозаңнан сақтайды.

V.Көзге жаттығулар жасату.(Айна құралымен).
1.А).Жоғары қарау.
Б).Төмен қарау.
В).Оң жаққа қарау.
Г).Сол жаққа қарау.(3-4рет қайталау)

2.А).Жоғары қарау.
Б).Сағат тілі бойынша көзді айналдыру.
В).Сол жаққа қарау.
Г).Оң жаққа қарау.

3.Көзімізді қатты жұмамыз,ашамыз тез-тез қағамыз.(6-8 рет қайталаймыз).
4.Ал,енді көзімізді жұмып.қолмен сипа. Сүйікті анамыз туралы ойлайық.

VI.Ребус шешу. Шешуі: Көз.
VII.Сергіту сәті. Мен күнді көремін,
Ол мені көреді.
Мен айды көремін,
Ол мені көреді.
Мен жерді көремін,
Ол мені көреді.
Мен сені көремін,
Сен мені көресің.
VIII.Кітаппен жұмыс. (Көздің суретін салу).

IX.Тыйым сөздер.
1.Кір қолмен көзіңді уқалама!
2.Үшкір заттардан аулақ бол!
3.Дәрігермен кеңеспей көзілдірік киме!
4.Теледидарды көп көрме,жақын отырма!
5.Жұмыс уақытында көзіңталса демал,терезеге қара!

X.Сабақты бекіту.
Көз не істейді?(тақтаға жауап жазу арқылы жауап беру).


көреді

Көз





XII.Қорытынды.
-Біз немен таныстық?
-Бір затты Қандай мүше арқылы көреміз?
-Көздің қандай құрылысы болады?
-Көз ауырмау үшін не істеу керек?
-Қандай көзге байланысты тыйым сөздеді білдік?

© 2010-2022