Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 1-5 сандары 4 саны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:05.11.14ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Қарапайым математика

Тақырыбы: 1-5 сандары

Мақсаты: 5-ке дейін есептік және реттік санауды; 4-5 сандарымен және цифрымен таныстыру; заттар тобын салыстыруды үйрету.

Іс - әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, құсқа, аңға да,

Қайырлы таң, жайдары жанға да

Қайырлы таң алға ассын,

Кешке дейін жалғассын!

Балалар бірге орындайды.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

1 тапсырма. Заттарды санап, қажетті цифрды жүргізіп шық. Бұл тапсырмада суреттегі заттарды салыстыру жүргізіледі. Қай жерде заттар артық, кем, сонша. Балалар зат санын айтқанда, оларға «=» белгісін көрсетуге болады. Бұл заттың осыған тең екенін көрсетеді.

2 тапсырма. 13-сабақта көлемді денелер таныстырылатынына назар аударайық. Бұл денелер сабақта міндетті түрде болуы тиіс. Мысалы: шар домалайды. Текшенің 6 шаршысы бар (дұрысы-қыры) Егер оны қойып тұрып, қарындашпен жүргізіп шықса, оның шаршы ізі қалады. Цилиндр де домалайды. Оның екі ұшы бар. Егер қағаз бетіне қойып, қарындашпен жүргізсек шеңбер пайда болды.

3тапсырма. Заттың қасиеттерін бекітуге арналған үлестірмелі материалмен жұмыс: Заттарға көз жүгірт. Әр карточкадағы заттарды топқа жіктеуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата.

Ағаштан жасалған бұйымдар: үстел, орындық, шкаф, т.б. және ағаштан жасалған асүй бұйымдары: тақтай, қасық, астау т.б. суреттері (2 топ болу үшін)

Жаздық және қыстық киімдердің суреті

(2 топ болу үшін)

Жабайы және ұй құстары бейнеленген (торғай, қарға....үйрек, қаз, тауық..) (2 топ болу үшін)

Жабайы аңдар мен олардың төлдері бейнеленген

(2 топ болу үшін)

4тапсырма саусақ қимылын дамытады. Қажетті цифрларды табуға бағытталған. Балалар оларды жүргізіп шығуға және көшіруге жаттығады.

№1 тапсырманы орындайды


№2 тапсырманы орындайды



№3 тапсырманы орындайды






№4 тапсырманы орындайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: 1-5-ке дейінгі сандарды білу

Болу керек: заттар тобын салыстыруды үйрету

Үйрену керек: тапсырмаларды орындайды, әр топты бір сөзбен атайды.





Күні:

Дайындаған: Рахимова Г. Қ. Тексерген: Нұрғалиева З.Қ.


© 2010-2022