Урок на тему: Қайдан келдің бауырсақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайдан келдің,бауырсақ?
Мақсаты: Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.
Көрнекі құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер.интербелді тақта
Әдіс-тәсілдер; түсіндіру,оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.
-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.
-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.
-Бәріміз мына сыйқырлы тақтаға қарайық.
- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».
-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.
-Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды.
-Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.
-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.
-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.
-Илеген қамырдан енді бауырсақ пісір дейді- тышқанға.
-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы- дейді
-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пісіреді.
-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді- дейді?
-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.
-Сонда тауық:
-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пісіруге да ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарның тіленбей,- дейді де тышқанды үйінен қуып шығады.
-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.
-Балалар ертегі ұнады ма?- ия.
-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ» дұрыс
-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
- Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап;
-Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан
-Диірменге келдім кең жақтан
Жер- анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Балалар өлең не туралы айтылған?
-Бауырсақ
-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді? -Дүкеннен
-«Дүкенге қалай келеді»? -Наубайдан.
-«Наубайға қайдан келеді?» -Диірменнен
-«Диірменге қайдан келеді?» -Диқаннан
-Дұрыс балалар.
Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын қайда пісіреді?
-Пешке от жағып, қазанға май құйып пісіреді.- Дұрыс.

Нан туралы нақыл сөздер
Нан қасиетті де,қадірлі тағам.
Ас атасы -нан.
Нан болса ән де болады,сән де болады.
Арпа бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.
Дастархан басында айтылатын ырым-тыйымдар:
-Нанды бір қолыңмен үзбе.
Нанды аяқпен баспа.
Нанның қиқымын баспа.
Бірінші дастарханға нан қойылады.

Сергіту: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дәптермен жұмыс
-Сендердің алдарыңда сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.

Өте жақсы, балалар дұрыс.
Сөйлем құрай алдыңдар.
-Тағы сыйқырлы тақтаға қарайық?
-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр.
-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар.
-Дұрыс қазан
-Қазан не үшін керек?
-Жақсы бауырсақ пісіру үшін
-Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Олай болса бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенімізді бай-
Қату үшін, «бауырсақ» ертегісін бәріміз білеміз.
Ертегідегі бауырсақты аңдардан құтқаруымыз керек.

Сабақты бекіту
Бүгінгі сабағымыз туралы қаншалықты меңгергенімізді байқату үшін барлығымыз бір ойын ойнайық.
Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету.
Ойын барысы: Бауырсақты домалату арқылы, аңдардан құтқару,ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.







1.Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз.
Тіршілік көзі нан ғана,
Нан қадірін білеміз.
Өлең не туралы,өлеңнің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тап?
2.Ұн неден алынады?
3.Қуыршақ нені білгісі келді?
4.Нан туралы мақал мәтел айт.
5.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

-Қандай өлеңді тыңдадыңдар
-«Қайдан келдің бауырсақ?»
-Өте дұрыс
-Ойынды да ынталы ойнадыңдар.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мадақтау
Сабақ аяқталды.

© 2010-2022