Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖММ «Ақ ерке» балабақшасы

Айтхожина Бакыт Мизанбаевна

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту.

Қазіргі уақытта педагогика даму үстінде.педагог тәрбие және оқыту барысындағы өзінің іс - әрекетінің нәтижелерін әрбір баланың қалай дамып келе жатқандығынан,қабілетінен,қызығушылығынан байқайды.Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес,сонымен қатар, образдық,эмоционалдық жақтарын да меңгеруді қажет етеді.Тілдік көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес,басқа да ортада - өзге адамдардың арасында да өз эмоцмясын,сезімін,көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек.Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек.Тіл-қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы,қоғамдағы өндірістің,ғылым мен техниканың,әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп,кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.

Тілдің қоғамдағы алатын орны Ж.Аймауытов «ана тілі халық брлып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі десе,А.Байтұрсынов: өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке,оқуға ұмтылу тиістіміз» дейді.Баланың мектепке дейінгі кезі-оның жеке қасиеттерінің қалыптысып,дамитын кезеңі,сондықтан бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет.Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлген жөн.Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес,сонымен қатар, образдық,эмоционалдық жақтарында меңгеруді қажет етеді. Тілді көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес,басқа да ортада-өзге адамдардың арасында да өз эмоциясын,сезімін,көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек.Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек.Баланың сөздік қорының молайып жетілуі,оның физиологиялық дамуына есту,сөйлеу мүшелерінің байланысты психологиялық процестері де ой қызметі,сезім,қабылдау,зейін,қиял,еліктеу жақтарының дамуына әсер етеді.Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету,сөйлем мүшелерін жетілдіру,сөзді,сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету, «Сөз», «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту,сөздік қорын әрі қарай дамыту.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізігі мақсаттар қарастырылады.

-Ауызша сөйлеуге үйрету,сөздік қорын дамыту.

1.Айналадағы дүниені,табиғатты бақылату,таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту,баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап,өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

2.Заттың атын ойыншық,гүл,ағаш,т.б сөздерді.

3.Заттың сынын,сапасын,түр-түсін,пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

4.Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту жүрді,жүгірді,келді,қияды,екті,септі т.б.меңгерту.

5.Үстеу сөздерді қасында,үстінде,асты,астында,жоғарыда,төменде,т.б. қосып айтуға үйрету.

-Сөз дыбыстарын дұрыс айтқызу.

Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып,дем шығара білуге үйрете отырып,дауыссыз,қатаң,ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс,анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

-Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Күнделікті сабақта естіген,білгенін ойын,серуен,кезінде көрген-түйгенін,сурет және оқылған ертегілер мазмұнын,ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша,сұрақ қоя отырып,әңгімелей отырып,қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету.

Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасы педагогтың алдына мынадай мақсаттарды қояды.

-Балалардың көрген естіген дүниелері туралы ой қорыта отырып,көрген білгенің дұрыс та нақты айта білуге үйрету,әрі әңгімелеу үстінде оқиғаның неден басталғанын,оның өріс алуын,әрі қандай қортынды алғанын тізбектей,бас-аяғын ауыстырып алмай,айтып жеткізе білуге үйрету;

-Оларды әңгімелеу кезінде дұрыс сөздер мен сөз тіркестерін табуға көмектесу,атаулар,іс-әрекеттер мен заттық сапасы дәл айтылған уақытында баланы қошеметтеу;

-Суреттеу тілін дамыту,қызықты да еліктіре мйтуға үйрету.

-Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері.

Баламен әңгімелесу,күнделікті өмірге қажетті заттарды,айналадағы дүниені бақылату,кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу,көрген-білгені туралы әңгімелеп бкруді үйретіп отыру,сөздік тапсырмалар орындату,түсіегені туралы оқиғаны суреттеп,мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшілігі оларда еліктеу,қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердің іс-әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігінедейін бірден байқап,тез қабылдайды.Олай болса,әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті.

-Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйретукерек.

1.Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу.

2.Оқылған ертегі,әңгіме мазмұнын сұрап,әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.

3.Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып,сөйлей білуге үйрету,ішінде,үстінде,астында,жанында,артында,ортасында,шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде айтқызып отыру. Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейітіп,ойын өрістетіп,тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып,санасына сәуле түсіру,халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан,ана әлдиінен басталады.

Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне,дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескерілу керек:

1.Балаға әңгімелеп айтуға,оқып тыңдауға,жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне,жас шамасына лайықты болуы.

2.Арнайы жинақталған муретті кітапшалар,әңгіме-ертегілердің,мақал-мәтелдердің,баланың өмірден алған әсерін,білім-дағдыларын,түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп,тереңдете,кеңейте түсірелік дәрежеде болғаны жөн.

3.Айналадағы балаға танымал дүние,табиғаттың тамаша көріністерін,жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін,табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды балаға айқара ашып,көркем де түсінікті түрде суреттеп беретін,баланы сезімталдыққа,эстетикалық талғампаздыққа баулитын,оның зейін,қабылдау,таным әрекетін қалыптастыратындай болуы қажет.Бар жақсысын баласынан аямаған халық баланы сылаумен өсіре отырып,

Құлағына бесік жыры әуенін құя берген.Бала есейген сайын ана сүтімен дарит- ын сөйлеу тілін дамытып,имандылыққа баулып,ізеттілікке,әдептілікке үйретіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу әрбір отбасы,ауыл-аймақ арманы болған.Оған дәл-

ел-халық даналығы:санамақтар,мақал-мәтел,жұмбақтар,өтірік өлеңдер,ертегі,

аңыз әңгімелер.Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізіп

ойына орала қалады.Тіліне үйіріліп,еріксіз сөзге еліктіреді.Өйткені,ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен,арман-мүдесінен туындаған.Тілі жеңіл,мазмұны түсінікті,ойната сөйлететін шығармаларды тың-

дату,сөйлесу кезінде-ақ бала қиналмай жаттап алып айта береді.

Қорыта келгенде,баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет.Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-аналар болып табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп,оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп,біліммен,тәртіппен,еңбекпен ұштастырып отырса,бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса,бұдан балаға,оның болашағына үлкен пайда болары сөсіз.Ал екінші тылсым күш - тәрбиешілер.Демек,ұжым тәрбиешілері мен отбасылары арасындағы хабар алмасу - ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады.Отбасында болсын,әсіресе,балабақшада бүлдіршіндердің ойлы да,өнерлі тіл байлығы мол болып өсуіне ойынның ұшан - теңіз мүмкіндіктерін аша білуге,оларды ізгі мақсаттар арнасында өрбітуге күш салу игі мақсатымыз.

Пайдаланған әдебиеттер.

Бала мен балабақша журналы 2008жыл №6,7,8.

Отбасы және балабақша журналы. 2009жыл №17.

Мектепалды даярлық журналы. 2008жыл №3.



© 2010-2022