Көңілді Машалар мен аңдар жаңа жылдық қойылым

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы

«Балбөбек» балалар бақшасы

Шегетаева А.Қ

«Балапан» тобының тәрбиешісі

Жаңа 2016 жыл!

«Көңілді Машалар мен аңдар »

Әсем безендірілген зал ішінде шырша, шырша түбінде аю ұйықтап жатады.

Көңілді әуенмен залға қоян, орман аңдары болып киінген ұл балалармен кіріп, аюдың жанына барып:

-Аю, тұрсаңшы, не ұйықтап жатырсың? -дейді.

Аю:

-У,У,У не болды? Сендер кімсіңдер? Неге, қайда келдіңдер?

Балалар : -Біз орман жануарларымыз, Жаңа жыл мерекесіне келдік.

Аю:

-Жақсы болды ғой, тамаша, жаңа жыл басталғанша, бәріміз отырып карта ойнайықшы.

Барлығы жерге шеңбер құрып отырып, карта ойнауға кіріседі.

Осы кезде шырша артынан Машаның дауысы шығады. (аудио дауысы шығады).

Аю қорыққанынан:

-Ол Маша ғой, жинаңдар тез карталарды - дейді де, барлығы карталарды жинап, қаша жөнеледі.

Осы кезде шырша артынан анасымен 10 кішкентай Машалар атып, шығады (қолдарында үлкен кәмпиттері бар)

1.Би «Дети, зубы берегите » , (Машалар биі)

Машалардың анасы:

Ақ қар басып жер көкті,

Қыраулы қыр төрлетті.

Көптен күткен мереке

Жаңа жыл да кеп жетті.

Армысыңдар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар, ата- аналар !

Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер.

Осы кезде залға алқынып маймыл кіреді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен жолда Аяз Ата мен Ақшақарды көрдім, осында келе жатыр екен. Мені осы 2016 жыл белгісі екенімді біліп, тапсырма берді. Бәріміз орындайық, маған көмектесесіңдер ме?

Барлығы:

  • Әрине, көмектесеміз.

  • Маймыл:

  • Ендеше мына жәшікте шырша ойыншықтары бар екен, Аяз Ата келгенше шыршамызды безендірейік . Көңілді әуенмен барлығы шыршаны безендіреді.

  • Аю:

  • Ал енді, балалар Аяз Атамыз келгенше бір ән айтып жіберейік:

  1. Ән «Аяз Ата» Муз: Ө. Байділдаев , сөзі : Н. Айтов.

Аю:

  • Енді , балалар Аяз Атамызды шақырайықшы!

Балалар:

  • Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата.

Залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз Ата:

Алқалы топ армысың ,

Балаларым бармысың.

Ата менен анаңның

Алдыңдар ма алғысын?

Ақ боранмен алысқам,

Қарлы қыспен табысқам.

Сендер үшін балалар

Ұшып келдім алыстан.

Аю:

  • Балалар, біздің ортамызға Аяз Ата, мен Ақшақар да келді, олай болса, біз өз өнерімізді көрсетейік. Бірақ ең алдымен шырша шамын жағып алайық, одан кейін ойын ойнап шынығып алайық.

  1. Ойын: «Аққаланы киіндір».

Аю:

  • Аяз Ата, ал енді біздің Машаларымыз бен аңдарымыздың сізге арнап жаттаған тақпақтарын тыңдасаңыз.

Аяз Ата:

  • Әрине, әрине, менің тіпті сыйлықтарым да бар, тақпақ айтқан балаға.



4.ТАҚПАҚТАР.

Жаңа жыл 2016 жыл!

1.Әдемілеп біз ілген ,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз. (Инкар)

2.Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны. (Заңғар)

3.Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап (Мәди)

4.Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке. (Жұлдыз)

5.Жаңа жыл келді,

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін,

Құтты болсын жаңа жыл! (Шапағат)

6.Ақша қарға оранып,

Аппақ тонын жамылып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып. (И. Ислам)

7.Жаңа жылың оң болсын,

Басқан қадамың оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын. (Толғанай)

8.Алақай,алақай,

Таяп қалды жаңа жыл.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер. (М. Ислам)

9.Келді тағы жаңа жыл

Қуантады біздерді.

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді. (Ағын)

10. Жаңа жырмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де. (Надия)

11.Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық. (Аяулым)

12. Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын халайық.

Тілеймін бар адамға

Жаңа бақыт, Жаңа жыл! (Ясмина)

13.Снег идет, снег идет!

Значит скоро Новый год!

Дед мороз к нам придет,

Всем подарки принесет! (Р. Дильназ)

14.К нам пришел Дед Мороз

Будем веселится .

Будем петь и плясать,

С музыкой кружиться (Трофим)

15.Новый год, Новый год

Приходи скорее!

И у нас хоровод

Станет веселее. (Т. Дильназ)

16.Ақ қарлатып, борандатып,

Аяз ата келеді.

Кең пейілмен, мол мейірмен.

Бізге сәлем береді. (Зарина)

17 Жаңа жылды қарсы алдым

Мінім алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де. (Айзере)

Аю:

Келесі біздің өнеріміз «Көңілді оркестр» деп аталады.

5. «Көңілді оркестр» .(Музыка аспаптарымен ойнайды).

Аю:

- Әнімізді, қабыл алыңыздар!

6.Ән «Ақша қар». Муз: Қ. Қуатбаев, Әні: Қ. Ыдырысов.

Машалар анасы:

  • Біз аңдарды ізінен танимыз, солай ма балалар?

Балалар: -Иә.

Машаның анасы : - Ендеше «Іздер» ойынын ойнайық.

7. Ойын «Іздер».

Аю: Аяз Ата сіз демалып отыра тұрыңыз, ал біз Ақшақар, Қоян, Машаның анасы , Машалар, аңдар барлығымыз да маймылмен бірге флешмоб билейміз.

8. Флешмоб биі.

Аяз Ата: - Рахмет балалар , біз бір ертегілер еліне саяхаттап қайтқандай болдық.

Балалар біз Ақшақар екеуіміздің тағы да баратын жерлеріміз көп, сондағы балақайлар бізді тосып қалған шығар, сол жаққа барайық. Билеріңізге, әндеріңізге көп-көп рахмет. Келесі жылы қайта жүздескенше, балалар!

Балалар: -Сау болыңыз, Аяз Ата

Сау болыңыз Ақшақар.

Аю: Зеңгір Көкке жұлдыз болып жанайын

Ай жүзіндей айшықтатып, арайың.

Жанға шуақ , бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын, - дей келе, бүгінгі «Балапан» тобының дайындаған Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды . Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет. Біз сідермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз.

Аяз-Ата балаларға алып келген сыйлықтарын таратады.



© 2010-2022