Внеклассное мероприятие, посвященное Дню защиты детейАшылу сценариі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 01.06.2015 жыл
Сценарийдің тақырыбы: «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі»

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлең-жырларды, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

1 Жүргізуші:
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін.
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін.
Жігіт болар,күні ертең,
Балдырғаным, гүл еркем.
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар!
Бүгінгі Благодар орта мектебі жанынан ұйымдастырылып отырған жазғы балалар лагеріндегі 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Қымбатты балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңды есте қаларлықтай етіп өткізулеріңе шын жүректен тілектеспін.

2 жүргізуші:
1 Жүргізуші:
Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеңіз!

2 жүргізуші:

1 Жүргізуші:

Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді,- дей келе келесі кезекті әнге береміз.

3 класс оқушысы Серманова Эльвираның орындауында "Ертегілер" әні.

2 жүргізуші:

1 Жүргізуші:

- Арманы бір,үні бір,

Аға ардақты ,іні бір,

Бақыт туын көтерген,

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн,

Балалардың күлкісі,

Көркі сәні әлемнің.

Келесі кезекті оқушыларға береміз.

1 оқушы: Бекарыс

Бірінші маусым балалар,

Қорғайтын күн сендерді,

Нұр кіреді далаға,

Гүл көмкеріп белдерді.

2 оқушы: Әсемназ

Күміс күннің астында,

Желбіреді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

3 оқушы: Аида

Күлеміз,ойнаймыз,

Демалып алаңсыз.

Ризамыз саған біз,

Ұлы Отан анамыз.
1 Жүргізуші:
Жан иірімі біле білсең би деген,
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген.
Қазағымның би өнерін паш етіп,
Алдымызда аруымыз билеген.
Испан биі. Орындайтындар: Ерболат Ақбота және Максотова Несібелі
2 Жүргізуші: (стихи)

1 Жүргізуші:

Ән: «Біз Отанның ұланымыз» . Орындайтын 3 "а" класс оқушылары
Қабыл алыңыздар!

1 Жүргізуші:
Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
«Мен қазақтың қызымын» әні. Орындайтындар: Ақбота, Диана

2 Жүргізуші:

1 Жүргізуші:

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп,- А.Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, келесі кезекті ойынға береміз.

2 Жүргізуші:
1Жүргізуші:

Қабыл алшы өнерлерін баланың,

Тілектері орындалсын ананың.

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,

Өздеріңсің жалғастырар бабамның.

«Біз бақытты баламыз» Орындайтын 3класс оқушысы Бергалиева Жұлдыз

1Жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алып.
Би:
1Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың.
Қадамдарың сәтті болсын, балалар,

Тілектерің қабыл болсын ағайын- деп,

«Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі!» атты ертеңгілігімізді «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен қорытындылаймыз.
(Балаларға тәттілер тарату.)






Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

1 жүргізуші:

Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар!

Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ия, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Бала деген бір бақыт» атты жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Дорогие ребята! Уважаемые взрослые! Сегодня мы собрались все вместе, чтобы встретить самое доброе, самое счастливое время года - лето. А еще чтобы отпраздновать День защиты детей и Открытие лагерной смены и открываем нашу праздничную программу.

Жиын! Сап түзе!

Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін! ( Әнұран)

1 жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеміз!

2жүргізуші: Растите и радуйте нас

Сегодня ваш праздник, ребята!

Все дети огромной Земли

Друг к другу спешат с поздравлением,

Желая здоровья, любви! И мы вам, ребята, желаем, - Растите и радуйте нас, Пусть сбудутся ваши желанья И мир будет добрым для вас! Мы взрослые вам обещаем, Во всѐм помогать, защищать, И в сердце надеясь, мечтаем Счастливыми вас воспитать Мы поздравляем вас с днем защиты детей, желаем вам быть красивыми, добрыми, счастливыми и радостными.

«Көркем» би ансамблінің 2 сынып оқушыларының орындауында

қазақ биі: Домбыра.

1жүргізуші: 1-маусым 1950 жылдан бастап - Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директоры Сматаева Бағлан Қасенқызына беріледі.

2 жүргізуші :

-Знаем,знаем,здесь мальчишки-

Озорные шалунишки!

И девчонки хороши

Улыбайтесь от души!

1 жүргізуші:

- Арманы бір,үні бір,

Аға ардақты ,іні бір,

Бақыт туын көтерген,

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн,

Балалардың күлкісі,

Көркі ,сәні әлемнің.

Келесі кезекті оқушыларға береміз.

1 оқушы :

Бірінші маусым балалар,

Қорғайтын күн сендерді,

Нұр кіреді далаға,

Гүл көмкеріп белдерді.

2 оқушы :

Күміс күннің астында ,

Желбіреді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

3 оқушы:

Күлеміз,ойнаймыз,

Демалып алаңсыз.

Ризамыз саған біз,

Ұлы Отан анамыз.

Ән . Лагерь жыры орындайтын Адема

1 оқушы. Наступило лето

но в школу мы идем

в лагере оздоровительном

весело живем

2 оқушы. Будем мы ходить в музей

о селе хотим все знать

столько будет тут затей,

что не сосчитать!

3 оқушы. Лето! Лето! Лето! Лето!

Никаких уроков нету!

Отдыхай!

Всем дана команда «вольно»,

Ждет на поле мяч футбольный,

Забивай!

4 оқушы.Никаких заданий на дом!

Речка - рядом, поле - рядом,

Тут как тут! Ну, а парта у окошка

И звонок - пускай немножко отдохнут!

Би «Гномики» орындайтын 1сынып оқушылары.

1 жүргізуші:

Әлемге асқақтаған өлеңіміз,

Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.

Жорыққа тауларына жиі шықсақ,

Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.

2 жүргізуші :

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,

Арайлы болашақтың ұл қызымыз.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз өзіміздің « Балдәурен» лагерімізде ойнап,ән салып,би билеп,білімімізді шыңдап демалуға тілектеспіз

Благодар орта мектебі




«Қош бол, қызықты лагерь!»

Дайындағандар: Айтжанова А.Ж.

Бақбергенова С.



Ақтөбе қаласы 2014ж




«Лагерь аруы»

атты қыз сыны байқауы


  1. Қабылдау


  1. Бой жазу жаттығулары


  1. Сайыскерлерді анықтау


  1. Би



Топтың ұраны:

- Біз кішкентай

«Жұлдызбыз»,


Өнегелі ұл-қызбыз.


© 2010-2022