Конспект тех. карта Гүл және көбелек

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта.

Білім беру саласы: «Таным».

Оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математика.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: Гүл және көбелек. «Гүлдерге көбелек қонды».

Оқу іс-әрекет мақсаты: 1.Білімділік: Балаларды «қанша», «сонша» ұғымын бекіте

отырып, заттарды салыстыра білуге үйрету. Балалардың

математикаға деген қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық: Көру, ойлау қабілетін, сөздік қорын,

байқағыштығын дамыту.

3.Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: қуыршақтар, гүлдер мен көбелектер бейнеленген суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

-Психологиялық сәт:

-Балалар, бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.



-Енді жақсы көңіл-күймен іс-әрекетімізді бастайық.

-Күніміз жарық болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Күніміз сәтті болсын!

-Деніміз сау болсын!

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Мынау не, балалар?

-Мынау ше?

-Қанша гүл?

-Гүлдер қандай?

-Қалай ойлайсыңдар, гүлдерді нелер сүйеді?

-Осы әдемі гүлдерге көбелектер ұшып келді.

-Әр гүлге бір көбелектен қондырайық. Ол үшін әуелі сол қолдарыңды көрсетіңдер. Енді оң қолдарыңды жолақшаның шетіне қойып, оң қолдарыңмен әр гүлге бір көбелектен қондырыңдар.

-Не көп, гүлдер ме, көбелектер ме?

-Ойын: «Гүлден жасалған алқа».

-Қазір, балалар, әрқайсымыз өзімізге әдемі алқа жасаймыз.

Енді осы жіптің үстіне үлкен гүлді, одан соң кішкентай гүлді қойып, осы ретпен жалғастырыңдар.

-Алқада үлкен гүлдер көп пе, кішкене гүлдер көп пе?

-Неше үлкен гүл, неше кішкене гүл бар?

-Сергіту сәті:

Көбелек-ау, көбелек,

Әдемісің керемет.

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

-Ойын: «Қонаққа қуыршақтар келді».

Кілем үстіне 7 орындық қатар-қатар тұрады. Кілемде 7 қуыршақ отырады.

-Неше орындық?

-Қуыршақтарды орындықтарға отырғызыңдар.

-Әр орындықта неше қуыршақтан отыр?

-Барлық қуыршаққа орындықтар жетті ме?

-Сонымен, неше орындық, неше қуыршақ?

-Гүлдер.

-Ол көбелектер.

-Көп гүл.

-Әдемі.

-Көбелектер.

-Балаларға көбелектер үлестіріледі.

-Балалар сол қолдарын көтереді.

-Әр гүлге бір көбелектен қондырады.

-Неше гүл болса, сонша көбелек.

-Әр балаға жіп, көлемі әртүрлі бірнеше гүл үлестіреді.

-Неше үлкен гүл болса, сонша кішкентай гүл бар.

-Балалар қимылмен келтіреді.



-Көп.

-Балалар бірлесіп тапсырманы орындайды.

-Бір-бірден.

-Жетті.

-Неше қуыршақ, сонша орындық.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Бүгін іс-әрекетте не істедік?

-Қандай сөзбен таныстық?

-«Сонша» сөзін қай кезде айтамыз?

-Ал, бүгінгі іс-әрекет ұнаса алдарыңдағы гүлдерге сары көбелекті, ұнамаса көк көбелекті қондырыңдар.

-Ойын ойнадық, алқа жасадық.

-Сонша.

-Балалар өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «қанша», «сонша» ұғымын қолдануды, салыстыруды.

Меңгерді: Ойын ойнауды, алқа жасауды.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Оқу іс-әрекет түрі: Мүсіндеу.

Ойынның аты: «Мүсінші».

Ойынның мақсаты: Топтағы құрдастарымен өзара татулыққа баулу.

Ойын мазмұны: Бір бала-мүсінші, 3-5 бала- ермексаз. Мүсінші «ермексаздан» ойға алған жоба бойынша бейнені мүсіндейді. Қалған балалар көмектеседі. Үйлесімді композицияға ат қояды.

Ойын осылай жалғасады.

© 2010-2022