Ашық сабақ «Әдемі моншақтар»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әдемі моншақтар»

Мақсаты

Білімділік: Домалақ пішіндер жасай отырып, саусақ қимыл- қозғалыстарын жетілдіру. Мүсіндеу тәсілдерін , түстерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: шығармалық қабілеттерін, ой -өрісін , қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Шыдамдылыққа , еңбексүйгіштікке , сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.

Қолданылған материалдар: әртүрлі боляған жүндер, сабын, тақтайша, жылы су, моншақтар салатын ыдыс.

Оқу іс -әрекетінің

Кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жұмбақ жасыру

Бөбектердей бүлдіршін,

Киініп тұр бір мүсін

Ол қаз басып жүрмейді

Сөйлемейді, күлмейді

Балалар жұмбақтың шешуін шешеді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Топқа қуыршақ келеді

-Балалар , бүгін бізге қонаққа қуыршақ келіпті. Қуыршақтың аты -Айсұлу. Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Шашы ұзын, қап- қара , Аяқ киімі қандай екен ?Бешпеті ше?Тақиясы қандай?

Қуыршақ Айсұлу ұлттық киім киіп келіпті.

Қуыршақтың киіміне, оның ерекшелігіне , тоқталып өту. Айсұлу өзінің әдемі кииімдеріне сәйкес дүкеннен моншақ таңдай алмапты. Балалар маған көмектесе ме? -екен деп өтініп отыр,

Не істейміз?

Көмектесемізбе?

Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Онда бәріміз Айсұлуға әдемі моншақ жасап берейік. Бұл моншақ өзгеше болйын деп тұр. Өйткені моншақты жүннен жасаймыз.

Жасалу жолдарымен таныстыру , көрсету.

Жүнді бірде бөліктерге бөліп, сабынды судың көмегімен алақан арасына салып домалақтаймыз.

Дайын болған моншақтарды ыдысқа саламыз. қолдарын сулықпен сүрту. моншақтарды жіпке тізіп, Айсұлудың мойнына тағып береді. Қуыршақ Айсұлу қуанып ризашылығын білдіреді.

С:Сәрсеновтің «Моншақ» өлеңін оқу.

Қуыршақты қызықтап, киімдерін ұстап көреді.



Иә, көмектесеміз.

Жасалу жолдарымен танысады.

Тәрбиешінің көрсетуімен балалар моншақты мүсіндейді.

Қорытынды

Балалар қуыршақпен қоштасады.

Дайын моншақтардан көрме ұйымдастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетін қорытындылап , балаларды мадақтау.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарына қуанады , көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже.

Біледі: Жасалу жолдарын түстерді ажыратуды.

Үйренеді: Көз мөлшері арқылы бөлуді, жүнді алақан арасына салып домалақтауды.

Игереді: Жүннен әдемі моншақтар жасауды.

© 2010-2022