Ойна да ойлан (Таным)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ойна да,ойлан»

Мақсаты: Балалардың есепке деген қызығушылығын арттыру.1және 5сандарды тура және кері санауға үйрету.

Баланың ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды мақсатқа жетуге талаптандыру,тапқырлыққа,іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар,суреттер санамақтар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру -іздестіру

Біз балдырған баламыз,

Біз әдепті боламыз

Досымызды көргенде

Біз қуанып қаламыз

Осы кезде Дымбілмес кіреді,қайда жүрсіздер?Мен сендерді іздеп жүрсем,мен оқуға ,мектепке баруым керек,соған көп нәрсе үйренуім керек.Ал мен ешнәрсе білмеймін.

Амансыз ба? Дымбілмес,сен неге балалармен амандаспайсың?Сен асықпа ,біздің балалар өте білімді ,бәрін біледі,саған көмектеседі.

Балалар Дымбілмеске көмектесеміз бе?

Тапсырмалар:

1-тапсырма

1-жылда неше мезгіл бар?

Олар:жаз,көктем,қыс,күз.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз айларын атайық?

Күз мезгілінің ерешеліктері қандай?

Күн суытады,адамдар жылы киінеді.Жапырақтар жерге түседі.

Күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады

Жапырақтар сарғайып

Жерге түсе бастады.

2-тапсырма

Бір аптада неше күн бар?

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар

Біріншісі -дүйсенбі

Екіншісі-сейсенбі

Үшіншісі-сәрсенбі

Төртіншісі-бейсенбі

Бесіншісі-Жұма

Алтыншысы-сенбі

Жетіншісі -жексенбі

-Ал балалар дұрыс айтасыңдар,олай болса қанеки бәріміз апта жайлы санамақ айтып жіберейік.

Дүйсенбіде доп ойнадық далада

Сейсенбіде серуен құрдық қалада

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп

Бейсенбіде би биледік әндетіп

Жұма күні жидек тердік қыраттан

Сенбі күні кино көрдік клубтан

Жексенбіде бір жиналып демалдық

Осылайша өте шықты бір апта

3-тапсырма

1-ден 5санына дейін тура және кері санап беріңдерші?

Көп тұрмайық кідіріп

Қиналмайық қысылып

Ал,бәріміз бірігіп

Сан санайық қосылып.

1,2,3,4,5

-Абайлайық,қарайық

Кері қарай санайық

5,4,3,2,1

4-тапсырма

Геометриялық фигуралардан қандай бейне құрастыруға болады?

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10саусақ

5-тапсырма

«Қандай сан жоқ?»

Балалар көздерін жұмады сол кезде бір санды алып қою керек.Балалар көзін ашып қандай сан жоқ екенін айтады.

Ал,балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнадыма?

Барлықтарың жақсы қатыстыңыздар.Рахмет!

Ортаға шығып үлкен шеңбер құрайық

Біз бақытты баламыз

Бақшадан тәлім аламыз

Қорықпаймыз ешқашан

Бәріне жауап береміз

Келіңдер достар біргеміз.

Балалар бірге қимылмен қайталайды.





Иә,көмектесеміз.

4 мезгіл бар

Күз мезгілі

Үш ай

Қыркүйек,қазан,қараша





Балалар бірге қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: түстерді ажыратуды.

Нені игерді:геометриялық пішіндерден бейнелерді құрастыруды.

Нені біледі:пішіндерді дұрыс атауды







© 2010-2022