Ашық сабақ Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Жасыл шырша шақырады ертеңгілік.

Балалар залға көңілді ән-күймен жүгіріп кіреді.

Шыршаны айналып шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар! Міне көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол қандай мереке айтыңдаршы. Ол жаңа жыл мерекесі.

Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шыршаның жанында барлығымыз жиналып отырмыз.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөліп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа жарайды.

Балалар қараңдаршы, шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз, моншақтарымыз қандай әдемі! Осы шыршаға арнап бір ән орындайық!

Ән «Жаңа жыл»

Ән орындап болғаннан кейін сиқырлы құмыра пайда болады.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бұл не? Ішінен түтін шығып жатыр. Қалай әдемі жарқырап тұр. Бұл жай құмыра емес, бұл сиқырлы құмыра. Егер мен қолыммен сипасам не болады екен? Ішінен сиқырлы джин шығады.

Джин: Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сіздерге ертегі әлемінен қонаққа келдім.

  • Балалар сендерде қандай мереке болып жатыр?

  • Ал енді айтыңдаршы сендер мені таныдыңдар ма?

  • Мен сиқырлы джинмын. Мен балалардың тілектерін орындаймын. Бірақ ол үшін сендер өз өнерлеріңді көрсетулерің керек.

Жүргізуші: Ендеше Джинн сіз біздің жаңа жыл мерекесін тойлаңыз. Балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Тақпақтар: Сымбат, Әділ,Әделя.

Джинн: -Тамаша, тақпақтарың қалай тамаша. Балалар, сендер қыста қармен ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Жүргізуші:Джинн, бірақ біздің ертеңгілігімізді қар жоқ. Біздің балалар қармен ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан біздің бірінші тілегіміз аққала бізге келіп қар әкелсін.

Джинн: Жарайды, мен сендердің бірінші тілектеріңді орындаймын. Қане, бәрімізде көзімізді жұмамыз. 1,2,3 - айналамыз. Көзімізді ашамыз. Осы кезде музыка әуенімен аққала келеді.

Аққала: Сәлеметсіздер ме! Мені таныдыңдар ма? - Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Мен қармен ойнауды ұнатамын!Ойын: «Қар ату».

Аққала: -Балалар мен сендермен көп бола алмаймын, өйткені бұл жерде жылы, ал жылы жерде мен еріп кетемін.Аққала қоштасып кетеді.

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы Жаңа жылда бізге қапшығын құшақтап, ақ күмістей сақалы қасында аппақ жүзді қыз келеді.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Жүргізуші: Джинн, біздің екінші тілегіміз қазір осы залға Аяз ата мен Ақшақар келсе.

Джин: Қане, балалар, тағы да көзімізді жұмып айналамыз. 1,2,3 - айналамыз. Көзімізді ашамыз. Осы кезде музыка әуенімен түлкі мен қасқыр аяз атаның және ақшақардың киімін киіп кіреді.

Түлкі мен қасқыр: Сәлеметсіздер ме, балалар.

Түлкі: - Мен Аяз атамын, қасымдағы менің ақшақарым.

Қасқыр: Иә, балалар, бізді күтіп қалдыңдар ма? Біз шаршап орманнан келдік. Сендерге асықтық. Өйткені мұнда жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр. Бәрін де жеп қойсам екен!

Жүргізуші: Балалар, тұратұрыңдар. Мұқият қараңдаршы бұлар кім өздері. Бұл екеуі кімге ұқсайды? Ақшақарда ақ етігі, жүзі аппақ болады. Аяз атада үлкен дорбасы арқасында болады. Сендер кімсіңдер?

Түлкі мен қасқыр: Бар, бар. Бізде сыйлықтар да бар, кәмпит бар. Егер бізге сендер шыршаны берсеңдер, біз сендерге сыйлықтар береміз.

Жүргізуші: Жоқ, шыршасыз қандай жаңа жыл? Біздің екінші тілегіміз. Аяз ата мен ақшақар қонаққа келсін. Джинн орындайсың ба?

Джинн: Әрине, балалар. Қасқыр мен түлкі бізбен мерекеде болсын. Ал қазір үлкен шеңбер құрып «Біздің шырша» әнін орындайық.

Аяз атамен Ақшақар кіреді. Балалармен амандасады.

Жүргізуші: Сіздер ұзақ жол жүріп келдіңіздер, шаршағансыздар, отырыңыз Аяз ата. Біздің балалар сіздерге ән айтады.

Ән: «Аяз ата».

Жүргізуші: Аяз ата, біз шыршаға ойыншықтарды, моншақтарды ілдік. Бірақ шамы жанбай тұр.Біздің шырша көңілсіз.

Аяз ата: 1,2,3 шырша біздің жайнай түс.Хормен айтылады.

Жүргізуші: Ал енді біздің балалар Аяз атаға арнаған тақпақтарын айтып берсін.

Тақпақтар: Жанерке, Арнұр, Саша.

Ән: «Шырша» әні..

Жүргізуші: Әсем кештің ажары

Әсем бисіз кіреме?

Кіп кішкентай бишілер

Мың бұрала билейді.

Би:Ақшақар қыздарменен «Ұлпалар» биін билейді.

Ойын: «Шыршалар». Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: Біздің балалар тақпақтарын айтып береді. Әдия, Диас, Таир, Данияр, Ерхан,

Джинн: - Балалар, келе жатқан жылымыз жолбарыс жылы. Жолбарыс бізге бәрімізге жаңа жылда жаңа бақыт әкеледі..... Келсін бе? Жаңа жыл.

Балалар: Иә.

Джинн: Ендеше көзімізді жұмамыз. 1,2,3 айналамыз, ашамыз.

Музыка әуенімен жолбарыс кіреді.

Жаңа жыл боп келдім мен.

Жақсылықпен ендім мен

Тыныш болып еліміз.

Аман болсын жұртымыз.

Балалар: Құтты болсын, құтты болсын!

Құтты болсын, жаңа жыл!

Жолбарыс: Рахмет, балалар, мені күтіп алғандарыңа, осында менің төлдерім бар екен тамаша!

Жүргізуші: Балалар бұл не таныдыңдар ма?

Тақпақтар:Лаура, Бауыржан, Алихан, Жанерке.

Ән «Аппақ, аппақ».

Жолбарыс: Риза болып, балаларға рахмет айтып, ал мен бос келген жоқпын, өзімен бірге сыйлықтарды әкелдім.Балалар сонымен ұмытпаңдар.Биыл жаңа жыл Жолбарыс жылы осы ойыншықпен ойнап, естеріне жаңа жылды аласыңдар. Рахмет мені тағы балалар күтіп жатыр.

Балалар: Сау болыңыз, жолбарыс.

Джинн: Балалар мен 3 тілектерінді орындап бердім, балалар сендерге көп рахмет, сендердің өнерлеріңді көрдім.Ал енді мен ата-аналардың өнерлерін көргім келеді. Егер сендер маған рұқсат берсеңдер мен ата-аналармен ойын өткіземін.

Ойын: Бесінші артық.Төрт орындық қойылады, музыка қосылады, музыка сөнгенде орындыққа үлгіріп отыру керек. Кім үлгірмеді сол шығады. Шыққан ата-ана өз өнердерін көрсетеді, тақпақ өлең айтады.

Джинн: Ал балалар мен өз тапсырмамды орындадым, менің уақытым келіп қалды, Енді мен ертегілер әлеміне қайтамын. Қасқыр мен түлкіні өзіммен бірге алып кетемін. Балалар көзімізді жұмамыз 1,2,3 айналамыз, көзімізді ашамыз.

Аяз ата мен ақша қар:Балалар бізге сендердің өнерлеріңіз ұнады. Біз өте ризамыз. Мынау дорбада мен сендерге сыйлықтар дайындадым. Барлықтарына бірдей жасадым, барлықтарына дайындадым. Оны қазір сендердің топтарына барып ақшақармен таратамын.

Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойын арманы

Жақсы дәстүр көбейсін

Оқ атпасын ешкім де

Өмір деген тым ыстық

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық!

Құрметті ата-аналар, балалар «Жаңа жыл» мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.












Жасыл шырша шақырады ертеңгілік.

Балалар залға көңілді ән-күймен жүгіріп кіреді.

Билейді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар! Міне көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол қандай мереке айтыңдаршы. Ол жаңа жыл мерекесі.

Жаңа жыл келді, міне , жерімізге,

Әкелсін құт береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.

Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шыршаның жанында барлығымыз жиналып отырмыз.

Шыршаға арнап ән айтамыз

Ән : «В лесу родилась елочка» «Шырша біздің ортамызда».

Бірақ жаңа жылды кіммен қарсы аламыз?

Балалар:Аяз ата мен ақшақар.

Жүргізуші:Балалар ендеше бәріміз Аяз атамен ақшақарды шақырамыз.

Балалар:Аяз ата Ақшақар.\3 рет шақырады\.

Музыка қосылады мыстан кемпір залға жүгіріп кіреді.

Мыстан кемпір:

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Сәлематсіздерме балалар , міне жол алыс, ақша қар әле жолда кележатыр, мен оған айтқанбын асықпа қызым, ең бірінші мен жетейін балаларды сағындым, қандай тәп тәттінсіңдер,балалар мен көп күттіңдерме?

Жүргізуші:Балалар дұрыстап қарандаршы бұл аяз атаға ұқсайдыма?

Балалар:Жоқ бұл кісі мыстан кемпірге ұқсайды.

Мыстан кемпір:Мә қалай жұмбақтың жауабын тез таптыңдар,ха,ха.

Дұрыс айтасындар мен мыстан кемпірмін, мен Аяз атамен ақшақарды қатырып ұстадым, қараңдар әне олар тұр.

Жүргізуші: Қап енді не істейміз?Балалар а?

Мыстан кемпір: Не істейсіңдер? \Не істейсіңдер? А?

Ештеме істемейсіңдер ал менің айтқанымды ғана тындайсындар, егер менің айтқанымды орындамасаңдар биыл Аяз атамен ақшақарды көрмейсіңдер ха ха ха.

Жүргізуші : Мыстан кемпір сенің айтқанын орындасақ Аяз атамен Ақшақарды мұздан құтқарасын ба?

Мыстан кемпір:Айтымғой менің айтқанымды істесеңдер , сонда ғана мұз жарылып Аяз атамен Ақшақар шығады.

Сонымен менің 1тапсырмам Би, осы көптен би билеген жоқпын сүйектерым қатып қалған шығар.

Жүргізуші :ал балалар биді жақсы көреміз бе?

Орыс халық би.\орындайтын қыздар\

Мыстан кемпір :маған бұл би ұнаған қыздар өте жамансындар, мен ұлдармен билегім келеді.

Жүргізуші :Ал ұлдар мыстан кемпірге өз өнерлерін көрсетіңдер ,мүмкін ол кісіге жастардың би ұнайды шығар.\Ұлдар билейді ,қыздар сол уақытта барып киемдерін ауыстырады.

Мыстан кемпір:Жоқ,жоқ болды, шаршадым, сендер мені шаршатыңдар,ешқандай Аяз атамен ақша қар жоқ сендерге, ха, ха ,ха

Жүргізуші:Балалар тынышталындар бізге біреу кележатқандай сияқты?

Музыка ауенмен қоян кіреді қолында құмыра.

Қоян : Сәлеметсіздерме балалар!

Менің таныдыңдар ма?

Ия мен кетіп баражатқанмын ,Аяз атамен сендермен қоштасайын деп, бірақ сендер көңілсіз болып тұрсыңдар, Аяз атамыз қайда екен мен?

Мыстан кемпір: Сен өзін кімсін а?

Бүгін мен осы аяз ата , ақша қар боламын, тағы кім керек саған а ?

Жүргізуші:Қоян бұл Мыстан кемпір біздің Аяз атамызды Ақшақарды қатырып қойды, енді білмейміз не істейтімізді.

Мыстан кемпір :Қоян кет немесе мен сені де қатырып ұстаймын,

Қоян Мыстан кемпірден қашады, Мыстан кемпір қуып құлайды жерге:Ойпырмай ,Ойпырмай белімай, сен ба қоян көресін меннен

Қоян : Балалар енді не істейміз а?

Жүргізуші:Қоян сенің қолындағы ол не?

Қоян :ол жәй құмыры жолдан тауып алғаным ғой.

Жүргізуші:Қоян мүмкін ол жәй құмыра емес шығар, оны сипап қөрші.

Қоян: Құмыраны сипап көреді./Сол уақытта шамды сөндіріп содан кейін қосқанда,құмыранның ішінен сиқырлы джин шығады.

Джин: Сәлеметсізбе қоян ,сәлематсіздерме балалар.

Мен ертегі әлемінен келдім.

  • Балалар сендерде қандай мереке болып жатыр?

  • Ал енді айтыңдаршы сендер мені таныдыңдар ма?

  • Мен сиқырлы джинмын. Білесіңдерғой кім құмыраны сипайды сол джинға тақсыр болады.

  • Не бұйрасын тақсырым?

  • Қоян : Балалар қазір мыстан кемпір мені ұстап алса ол мені қатырып ұстайды, сондықтанда мен саған джин бұйрамын Мыстан кемпірді қатырып қой.\Шам сөнеді,мыстан кемпір мұздап қалады\

  • Жүргізуші: Сонымен біз Аяз атамен Ақшақарды қалай құтқарамыз?

  • Қоян: Балалар мен білемін қәзір тағы да құмыраны сипап қоямын\шам сөнеді,қосылады\

  • Джин: Не бұйрасын тақсырым?

  • Екінші бұйрығын айт?

  • Қоян:Мыстан кемпір Аяз Атамен ақшақарды мұздатып ,қатырып қойды,оларды құтқару керек.\Шам сөнеді қосылады\

  • Аяз атамен ақшақарды мұздан босатып шығарады.

  • Аяз ата:Амандасады.Қоян жыл саған көп рахмет,бізді құтардың ,жаңа жыл келгенше бізбен болатыр.

  • Ақшақар:Амандасады.

  • Жүргізуші:Балалар кәне бәріміз Жаңа жылға ,Аяз атаға арнап

  • Ән «Аяз ата» орындаймыз.

  • Жүргізуші: Аяз ата, біз шыршаға ойыншықтарды, моншақтарды ілдік. Бірақ шамы жанбай тұр.Біздің шырша көңілсіз.

  • Аяз ата: 1,2,3 шырша біздің жайнай түс.Хормен айтылады.

  • Жүргізуші: Ал енді біздің балалар Аяз атаға арнаған тақпақтарын айтып берсін.

  • Тақпақтар: Диана,Әділ, Бауыржан,Ерасыл ,Адилия.Димаш,

  • Ильяс.Ж.Нұрбол, Б.Нұрбол.,Е.Рауан.Х.Рауан.

  • Жүргізуші:Мың бұралған ақ қайындай

  • Бишелер шықсын ортаға.

  • Ал ендеше қол соғайық,

  • Қошеметпен қол қала.

  • Испан Бии-орындайтын ересек Б топтың қыздары.

  • Аяз атамен ойын:Аяз ата байқамай қолғабын түсіріп алады, балалар қолғапты бір-біріне береді, аяз ата қолғабын алам деп шаршап қалады,

  • Жақсы балалар балалар ендеше менде сендермен ойын ойнаймын\Заморожу\»Мұздатамын.

  • Қоян: Ал балалар менің кетітің уақытым келді,Жаң жыл құтты болсын!

  • Жақсылық, молшылық әкелсің!

  • Ал балалар мен келесі жылдың қожайынды шақырайын.Құмыраны сипап жібереді.

  • Джин:О Қоян сіздің ең соңғы бұйырық қандай болады?

  • Қоян Джин Жаңа жылдың қожайынды шақыр;Ал мен кеттім сау болыңыздар.Шам сөнеді ,қосылады.

  • Музыка Әуенәмен Айдаһар кіреді.

  • Айдаһар:Сәлематсіздерме құрмтті қонақтар мен балалар!

  • Жаңа жыл боп келдім мен.

  • Жақсылықпен ендім мен

  • Тыныш болып еліміз.

  • Аман болсын жұртымыз.

  • Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс, денсаулықтарын зор болсын,аспандарын ашық болсын, мол қуаныш пен сендермен енді бір жыл бойы бірге боламын!

  • Балалар: Құтты болсын, құтты болсын!

  • Құтты болсын, жаңа жыл!

  • Айдаһар: Рахмет, балалар, мені күтіп алғандарыңа.

Жүргізуші: Айдаһар біздің балалар өнерлі олар ән,тақпақтарды біледі, би де билеийді.

Жаңа жылға арнап ән айтамыз

Ән «Жаңа жыл».

Тақпақтар:Лаура, Асыл,Иса,Айдос,Алия Садвокасова,Жансая,

Дилназ,Смбаева Алия.Алтынай.

Айдаһар:Балалар ойынды жақсы көресіңдерме ?

Маған екі бала керек қапшықпен ойын «Кім жылдам?».

Жақсы,енді ата-аналармен ойнағым келеді,

Ойын «Айдаһарды құрастыру».

Шартты,қайсы тез айдаһарды құрастырады сол женеді.

Би «Гумми гном» немесе « Құттақандардың бие»

Айдаһар:Балалар мені тағы осындай балалар күтіп жатыр ,Сауболыңыздар!

Аяз ата мен ақша қар:Балалар бізге сендердің өнерлеріңіз ұнады. Біз өте ризамыз. Мынау дорбада мен сендерге сыйлықтар дайындадым. Барлықтарына бірдей жасадым, барлықтарына дайындадым. Оны қазір сендердің топтарына барып ақшақармен таратамын.

Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойын арманы

Жақсы дәстүр көбейсін

Оқ атпасын ешкім де

Өмір деген тым ыстық

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық!

Құрметті ата-аналар, балалар «Жаңа жыл» мерекеміз осымен аяқталды.

Егер осы жерде тілек айтамын кісілер болса ,шақырамыз.

Келгендеріңізге көп-көп рахмет.


© 2010-2022