Тұңғыш президент күні мерекесіне арналған «Ел ағасы - Елбасы» атты ертеңгілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұңғыш президент күні мерекесіне арналған «Ел ағасы - Елбасы» атты ертеңгілігі

1 - жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2-жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

Слайдтан көрініс көрсету

1 - жүргізуші: Құрметті балалар, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССр Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни , өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан - мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2-жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1-желтоқсан Қазақстанда алғаш рет - Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметінайрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс-шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде,

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1-жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Гимн

2- жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі.

Тағдыры тарих өрелі

Көк тудың желбірегені!

Ән: «Қазақстан»

Тақпақтар:

2-жүргізуші: Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?

-Ия

1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?

2. Біздің Елбасымыз кім?

3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

4. Біздің тіліміз қандай?

5. Ал ұлттық ақшамыз қалай аталады?

(Балалар сөзжұмбақты шешеді.)

1-ші жүргізуші:

Нұрсұлтанға рух берген - кәрі тарих парағы.

Дара шыңы қазақтың.

Дана басып тудың , халық алыптан

Топырағы ол туған жердің киелі.

Балалар бүгінгі ертеңгілігімізді «Жаса, Қазақстан» әнімен аяқтайық!


© 2010-2022