Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Құзыреттілік : Қатынас

Кіші сала : Тіл дамыту

Тақырып: Ойыншықтар дүкені

Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Міндеті:

1. Жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, шыныдан,пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйрету.

2. Балалардың сөздік қорларын байыту

3. Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, Зайцев текшелері, сызбалар.

Сөздік жұмыс: ойыншықтар дүкені

Әдіс - тәсіл: Зайцев текшелері, түсіндіру, сұрақ - жауап

Билингвальды компонент: Пластмасса-Пластмасса-Рlastic(плэстик) Ағаш- Дерево- Wood(вуд) Шыны- Cтекло- Glass(глэс)

Тәрбиешінің әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Армысың жер - ана

Армысың күн - ана

Армысың достарым

Ұйымдастыру ізденіс:Тәрбиеші , балаларға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды көрсетеді. Олар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қу Балалар ойыншықтардың аттарын атайды, олардың неден жасалғанын айтады.

қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс - аяқ.

-Ойын баланың ойын ұштайды.

Кезкелген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады, яғни ойы ұшталады, дамиды.

С / р ойыны : " Ойыншықтар дүкені "

Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру.

Ойын шарты: балалар ішінен бірі сатушы, ал қалғандары сатып алушы болады.

Балалар с/р ойынды ойын шарты бойынша ойнайды.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз.

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып - жұмамыз.

Онан сол төмен түсіріп,

Алақанды ұрамыз.

Д / ойын " Ойыншықты сипатта." Балалар ойыншықтардың аттарын атайды, олардың неден жасалғанын айтады.

Шарты: сызба бойынша текшені лақтырып, ойыншықтың атауын үш тілде айтып, сипаттап береді.

Мынау - доп- мяч- бол. Оның түсі көк, көлемі үлкен, резеңкеден жасалған, ол домалақ, оны лақтырып ойнауға болады.

Қуыршақ - кукла - дал. Оның түсі қызыл, көлемі үлкен, пластмассадан жасалған, басы,денесі, екі қолы, екі аяғы бар, онымен ойнауға болады.сың апайларым

Балаларды соңынан оқу іс - әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

-Ойыншықтар неден жасалғанын біледі.

Игереді:

-Сурет бойынша әңгіме құрастыруды:

Меңгереді:

-Д/ ойынды шарты бойынша ойнауды









Балалар сергіту жаттығуын қимыл - қозғалыстар арқылы орындайды.





© 2010-2022