Презентация по математике на тему Ғажайып пішіндер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Математика

Тақырыбы: Ғажайып пішіндер.

Мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін дамыту, сөздік қорларын байыту.Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету. Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.Пішіндердің ұқсастығын салыстыра отырып ажырату.

Көрнекіліктер: Пішіндер, слайд тақта, ғажайып сәт.

Әрекет кезеңдер Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивацитялық қозғаушы

Жылулық шеңбері

- Қане, балалар орнымыздан тұрып, жылулық шеңберін құрайықӘ Оң қолдарымызды жүрегіміздің тұсына қояйық. Жүрегіміз қандай, ол қалай соғып тұр?
Балалар: Жүрегіміз жылы, жұмсақ, ол тук-тук деп соғады.

Тәрбиеші: Олай болса балалар жылы,жұмсақ жүрегіміздің жылуын келген қонақтармен бөлісейікші!

Балалар: У-у-ф-деп қонақтарға улейді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар орындарына отыра қойындар.

Тәрбиеші: Балалар жыл мезгілдерін есімізге түсіріп, қайталап өтейік. Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: Бір жылда төрт мезгіл бар

Тәрбиеші: Қалай аталады?

Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Күз мезгілінде үш ай бар.

Тәрбиеші: Кәне, үш айды кім айтады?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші: Жарайсың, тамаша.Ал бір аптада неше күн бар?

Балалар: Бір аптада жеті күн бар

Тәрбиеші: Біз балабақшаға неше күн келеміз?

Балалар: Біз балабақшаға бес күн келеміз

Тәрбиеші: Ал неше күн демаламыз?

Балалар: Екі күн дем аламыз.

Тәрбиеші: Өте тамаша, дұрыс айтасың. Балалар бүгін бір қызықты математикадан "Ғажайып пішіндермен" танысамыз. Қане балалар саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше көздерімізді жұмып 1-5 ке дейін санап саяхат жасайық. Көз алдымызға ұшып бара жатқанымызды елестетейік.Енді көзімізді жайлап ашайық. Балалар біз қайда келдік?

Балалар: Ғарышқа

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ғарышқа. Ғарышта нелер бар екен?

Балалар: Планеталар

Тәрбиеші: Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдаңдар.

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар

Қай пішін екенін табыңдар?

Балалар: Дөңгелек.

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар, өте тамаша. Мына планеталардың пішіні қандай екен?Дөңгелек яғни біздер дөңгелектер әлеміне келдік.Осы тобымыздың ішінде дөңгелекке ұқсас нелер бар?

Балалар: Машинаның аяғы

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, өте тамаша.

Осы кезде ішке қуыршақ кіреді.Қолында шар және бос жіп бар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Қуыршақ! - Есіміңіз кім болады?

Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қуыршақ Әсеммін. Мен сендерге өзімнің достарымды ерте келдім. Сендер оларды танима екенсіңдер? Сендерге жұмбақ қою арқылы сынап көрейін?

Тәрбиеші: Ендеше балалар Әсем қуыршақтың жұмбағын тыңдайық.

Атына сай балалар,

Үш бұрышы, үш қыры бар.

Ол пішінді кім табар,

Қасымда сол пішін бар.

Тәрбиеші: Балалар Әсем қуыршақ қандай пішін туралы жасырды? Үш бұрыш.

Осы кезде ішке үш бұрыш кіреді.

Тәрбиеші:Мінеки балалар бұл-үш бұрыш. Неге үш бұрыш деп атаймыз, оның қасиеті неде?

Балалар: Оның үш бұрышы және үш қабырғасы бар.

Тәрбиеші: Үш бұрыштың түсі қандай балалар?

Балалар: Түсі жасыл. Ал үшбұрыштың көлемдері қандай?

Балалар: Үлкен, кіші

Тәрбиеші: Алдарыңыздағы пішіндердің ішінен үш бұрышты көрсетіңдерші.

Балалар: Үш бұрышты көрсетеді.

Тәрбиеші: Үш бұрыш неге ұқсайды?

Балалар: Үйдің шатырына, шыршаға.

Тәрбиеші: Дұрыс, өте тамаша. Ендеше осы үш бұрыштардан шырша құрастырайық. Жарайсыңдар.

Шыршаны құрастырады.

Ал осы үш бұрыш туралы кім айтып береді?

Дильназ:

Танымасаң біліп қой

Пішіндердің ішінде

Үш бұрышы мен болам

Жабылар үйдің төбесі

Үш бұрышпен әдемі.

Қуыршақ: Қандай керемет, тамаша. Енді келесі жұмбағымды жасырайын.

Төрт бұрышы бар

Төрт қабырғасы бар

Бұл қай пішін?

Балалар: Төртбұрыш

Қуыршақ: Қандай білгіш балаларсыңдар! Ішке төрт бұрыш кіреді.

Тәрбиеші: Балалар бұл қандай пішін екен?

Балалар: Төртбұрыш

Тәрбиеші: Төртбұрыштың неше бұрышы, неше қабырғасы бар?

Балалар: Төрт қабырғасы, төрт бұрышы бар.

Тәрбиеші: Төрт бұрышты көрсетіңдерші?

Балалар: Көрсетеді.

Тәрбиеші: Осы топтың ішінде төрт бұрышқа ұқсайтын нелер бар?

Балалар: Терезеге, тақтаға, есікке.

Тәрбиеші: Менің қолымдағы төрт бұрыштың пішіндері қандай?

Балалар: Әр түрлі төрт бұрышты

Тәрбиеші: Осы пішіндерді пайдаланып көрпеше жасайық.

Балалар: Көрпеше жасайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, міне біз көрпешені жасадық.Балалар төрт бұрыш туралы кім айтады?

Жасұлан:

Пішіндердің ішінде,

Төрт бұрышы мен болам

Қабырға мен терезе,

Төрт бұрыштан

Тәрбиеші: Жарайсың, өте тамаша.Балалар мен сендерге өлең оқып берейін және пішіндерден зат құрастырамын.

Қызыл,сары, жасыл,көк.

Алуан -алуан пішіндер

Төрт бұрышы денесі

Үш бұрышы төбесі

Мынау міне есігі

Құстар келіп қонады.

Тәрбиеші: -Балалар мен не құрастырдым?

Балалар: Құстың ұясын.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті.

Төрт бұрышты қолданып

Дөңгелекті қолданып

Көрпешені жасаймыз

Әдемісін ішіннен

Досымызға сыйлаймыз.

Осы кезде Әсем қуыршақ мұңайып қалады.

Тәрбиеші: Әсем қуыршақ неге мұңайып қалдың? Балалардың сергітуі ұнамай қалдыма?

Қуыршақ: Жо-жоқ. Ұнады. Бағана осы жерге келе жатқанда мысығым қашып кетіп таппай қалдым және қолымдағы батпырауығымды ұшырып алдым.

Тәрбиеші: Сен мұңайма, біздің балалар саған көмектеседі. Балалар көмектесеміз бе?

Балалар: Ия, көмектесеміз. Балалар мысық пен батпырауық жасайды.

Оң жақ қатарда отырғандар мысықтың бейнесін жасаймыз, ал сол жақ қатарда отырғандар батпырауықты жапсырамыз.

Тәрбиеші: Мінеки қуыршақ біздің балалар сенің мысығың мен батпырауығыңды тапты, ризасың ба?

Қуыршақ: Ия, сендерге көп рахмет.Батпырауығымды ұшырамын, ал мысығымды жандандыру үшін өлең айтайық.

Балалар:

Тікірейіп құлағы

Елден бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп

Беті-қолын жуады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Қуыршақ: Балалар мен енді кетейін, сендер ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Өте тамаша, орындарыңа жайғаса қойыңдар. Балалар біз үш бұрыш, төрт бұрыш, дөңгелек туралы айттық,бірақ осы пішіндердің ішінде бір пішін жоқ сияқты.Сендерге мен жұмбақ жасырайын, жауабын тауып көріңдер.

Пішіндердің ішінде,

Ерекше бір пішін бар

Ұқсатамын мен оны

Жұмыртқа мен қауынға.

Айтыңдар балалар бұл қай пішін?

Балалар: Сопақша

Тәрбиеші: Сопақта туралы кім тақпақ айтып береді.

Балауса:

Сопақ бұрышы жоқ пішінмін

Ін болған тышқандар үшін

Жұмыртқа мен қауын да

Тұрған өзі сопақша

Тәрбиеші: Жарайсың, өте тамаша.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші: Балалар біз саяхатқа қайда бардық?

Балалар: Ғарышқа бардық.

Тәрбиеші: Ғаламшардан қандай пішінмен таныстық?

Балалар: Дөңгелекпен

Тәрбиеші: Дөңгелектен не жасадық.

Балалар: Күн жасадық

Тәрбиеші: Балалар басқа қандай пішіндермен таныстыңдар?

Балалар: Үш бұрыш, төрт бұрыш, сопақша

Тәрбиеші: Қане балалар осымен келген қонақтар мен қоштасайық.

Шеңбер болып тұрады.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.




© 2010-2022