Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»

Наурыз айында Отын-Ағаш бастауыш мектебінде аудандық семинар өткізілді. Оған ауданымыздағы қазақ тілінде сабақ беретін орта, негізгі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Бұл мектепте мен 25 жыл ұстаздық еттім .Соның17 жылын сабақ берумен қатар мектеп меңгерушісі қызметін бірге атқардым. Өзімнің

педагогикалық шеберлігімді шыңдап, тәжірибе жинақтаған мектебім болғандықтан ба мектепке кірген бойда семинар қалай өтер екен, сабақтар жаңа талапқа сай болса екен деген күдік те ойымды мазалағаны рас. Себебі, ,шағын жинақталған мектептің сыры маған анық, балалар саны аз, өзіммен бірге қызметтес болған мектеп меңгерушісі ғана тәжірибелі ұстаз ,ал екінші мұғалім мен тәрбиеші жас мамандар.

Мектепке кірген бойда ойымдағы күдік сейілгендей болды. Мектеп іші тап-таза, бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Тек интербелсенді тақтадан басқасы бәрі бар. Көрнекіліктер де эстетикалық жағынан көз тартады.

Бала санының аздығына қарамастан әр мұғалім сабақтарын өз деңгейінде өткізе білді. Ұстаздарға ұнағаны әсіресе шағын топ тәрбиешісі Досумова Ләззәт Мәметниязқызының «Кел,ойнайық, балақай!» атты шебер сынып сабағы. Ұстаздарға әртүрлі ойын түрлерін ,олардың жүргізілуін тиімді жақтарын баяндай отырып: "Әдемі пирамида " , "Сәнді көйлектер" :"Қуыршақтарға моншақ» "Көңілді құрт " ойындарын ойнатты. Осындай ойындар арқылы балаларда ұсақ моториканы және тактильді сезінеді, сипау арқылы жабын үстілерінің әрқилы сапаларын анықтайды,. Балалардың заттарды бір түс бойынша таңдау білігін, екі түстен тұратын заттарды кезектестіру, әртүрлі өлшемдегі қақпақтарды пайдалану арқылы жазықтықта бағдарлай білуге (өзінен оң жақта-сол жақта), «үлкен», «кішкентай» түсініктерін ажыратуға үйретеді.

Осындай шеберлік сабақтардың семинар кезінде өткізілуі мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін зор маңызы бар деп ойлаймын. Мектеп меңгерушісі өз іс-тәжірибесімен атап айтсақ мектеп құжаттарының қалай жинақталғаны туралы шағын жинақталған мектептердегі әріптестерімен бөлісті.

Семинар ойдағыдай сәтті өтті.

Ой бөліскен:№1Ұзынкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Досумова Айтжан Каратаевна

Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»

Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы» Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»

Шағын жинақталған мектептегі «Шеберлік сабағы»



© 2010-2022