Ересек тобының күз ертеңгілігі: «Алтын күз!»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

(Ортаға билеп шалқан шығады)

Шалқан:Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Бақтан келген шалқанмын,

Алтын күзге нұр төгіп.

Армысыздар, балалар! Бүгін біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша

« Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денің мұздап тонады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Күз).


-Өте дұрыс балалар! Ал енді әсем күзімізге арнап қандай жаттаған тақпақтарын бар?

Асылайым: Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап- қап бидай алдық біз!

Әли: Тоңазып атырап,

Көк жеміс піседі,

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

« Күз жомарт»,- дейміз біз,

Жемісін жейміз біз!

Дильназ :Алма пісті,

Алмұрт пісті,

Алша пісті,

Жерге түсті.

Қияр пісті,

Қарбыз пісті,

Қандай күшті!

Жидектердің татып дәмін,

Жемістердің бәрі күшті!

Ару:Алақай, алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз алғысты!



Шалқан:Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар,

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі - жұмбақ жасырам,

Құлағымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды ортаға шақырам.

« Көк майсалды көрікті,

Сары көйлек киіпті»,- бұл не балалар? (Күз).

Шалқан: - Өте дұрыс балалар. Олай болса, балалар, барлығымыз ортаға Күз ханшайымын шақырайық:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті Алтын күз,

Кемелденсің халқымыз!

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Шаттық әнге салыңдар!

Шалқан: - Ал, балалар, өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық!

Ән:« Жаңбыр» (балалар хоры).

Шалқан: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық!

Би:«Қолшатыр».

Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар, өнерлі екенсіңдер! Бәрін әншілер мен бишілер екенсіңдер! Енді, мен сендермен өте қызықты ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын:«Көкөністер мен жемістер».

Ойынның шарты: Жерге көкөністер мен жемістердің муляждары шашылады. Екі топқа бөлінген балалар ортаға шығып, қолдарындағы себеттеріне бірінші топ- көкөністерді, екіншісі- жемістерді тереді.

Шалқан: - Балалар, күз мезгіліне арнап тағы қандай тақпақтарын бар?


Диана: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау,

Жамбырын жауғызып,

Келгенін қызық-ау!





Бекзат: Күз келіп, сары бояумен,

Думан қып мектеп-маңайды.

Естілді маған баяу үн,

Қоңырау үні сыңғырлап.

Айша: Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен бау- баққа көрікпін!

Шалқан: - «Біздің бақшада» атты әнін бүлдіршіндердің орындауында қабыл алыңыз!

«Шалқан» ойыны.

Ойын шарты: Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Екі топқа бөлу. Кедергілер арасымен уақытқа жарысу.

Күз ханшайымы: - Жомарт күз келіп, жеміс- жидектерді пісіріп әкелді. Қазір біздер осы хош иісті жеміс жидектермен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Дәмін тат».

Ойынның шарты: балалардың алдына жемістер тәрелкеге қойылады. Ойынға қатысушы баланың көзін жұмғызып, жемістің дәмін татқызамыз. Бұл қай жеміс екенін бала қателеспей табуы керек. Түр-түсін, дәмі мен иісін сипаттап беруі тиіс.

Шалқан: - Күз ханшайымы, жемістердің дәмін татқызғанына рахмет! Балалар қуана «жомарт күздің» тәтті жемістерінің дәмін татты.

Күз ханшайымы: -Балалар өте өнерлі, әрі ақылды екенсіңдер. Маған өте ұнадыңдар. Бірақ маған сіздермен қоштасу керек. Басқа да бүлдіршіндер мені асыға күтуде. Қоштаспас бұрын сіздермен көңілді би билегім кеп тұр.

Би: «Флешмоб».

Шалқан: - Ал, енді Күз ханшайымына рахмет айтып, оның бізге әкелген сыйлығын көрелік. Күз ханшайымы бізге өзінің жомарттығымен дәмді жемістерін сыйлады. Барлығымыз үстел басына отырып сыйлығымызды алайық.




© 2010-2022