Сценарий Берекелі Алтын Күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Гүлдер» балабақшасы



2 кіші «Балапан» тобының

«Берекелі -Алтын күз»

атты ертеңгілігі.





Тәрбиешілер:Досмухамбетова К.М.

Нургазина Ф.О.


Затобол кенті 2014-2015 оқу жылы

Берекелі-Алтын күз.

Мақсаты: Балаларды мерекелі,берекелі күзбен таныстыруды жалғастыру.Алтын күзге жалпы түсінік беру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: атребуттар, жемістер,көкөністер,муляждар.

Музыка ырғағымен залға балалар кіреді.

Бастаушы: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз!

Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық,
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!


Ортамызға балаларды шақырып қарсы алайық!
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Жүргізуші: -

Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.


Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?


Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

• Күн суытады
• Жапырақтар сарғайып жерге түседі
• Жеміс-жидектер піседі
• Құстар жылы жаққа ұшып кетеді
• Жаңбыр жауады
• Егін жиналады

(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз

- Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Алтын күз:

- Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнер бар?


Жүргізуші:
- Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Күз ханшасы:
-Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдар-шы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді.

Әділжан:

Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!

Айкерім:

Бір-бірлеп жапырақ

Сыбдырлап ұшады.

Сарғайған атырап

Күз нұрын құшады.
Виталина:

Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр

Даниил:

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі


Айару:

Дала сары киінді
Самал соқты салқындау,
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау.

Ән «Күз» (Жерде жаңбыр жалтырайды)

Мадина:

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.

Мерей:

Күзім, күзім, күзім,
Пісті алма жүзім,
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел алайық біз теріп


Слава:

Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сондада бізге
Қызық көп күзде

Яна:

Алтын сары қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.


Ал, «Алтын күз» кішкентай қыздарың

сізге жапырақтармен би билеп бермекші.


Би: жапырақтармен


Алтын күз:Ал балалар жұмбақ жасырайын , жұмбақтарын шешуін тауып көріңдер.


Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)


Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)

КӨКӨНІСТЕР (барлығы):

Жиналып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оларды жақсы көріңдер
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).

Аделина:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін жиып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Нұрсұлтан:Пияз

Асханадан шықпаймын,

Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!


Нұрайлан:Қызанақ:

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Наталья:картоп

Картоп-біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!

Ән. «Жасыл бақша сарғайды.»


Тайр:Сәбіз:

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!

Ярослав: қияр

Көктеп ерте шырмалып

Өсемін мен бүр жарып

Атым -қияр,теріп ал

Жиі-жиі суарып

Айшауқ:Қырыққабат

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

Ән «Қошақан».

БекРамазан:

Мен жүзіммін,жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Аружан:

Мен-өрікпін,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Дәрия:

Саябаққа барамыз

Жүзім теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз

Себетке біз саламыз.

Глеб:

Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем ,шіркін -ай!

Қарай бергің келеді,

Дүркін-дүркін,дүркін-ай!

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын күз: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.

Ойын «Көкөністерді жемістерді топта»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Ән: «Балақан» -Нұрайлан,Айкерім,Айшуақ.

Би: « Салаттар»

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға

« Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.


© 2010-2022