Сабақтың тақырыбы: Әжемнің сандығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.



Мерзімі:28.03.14

« Шығармашылық » білім беру саласы

Тақырыбы: « Әжемнің сандығы »

Бөлімдері: Мүсіндеу

Мақсаты: мүсіндеуде балалардың қолдарын жаттықтыру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды мүсіндеудің тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіре білу әдісімен таныстыру және үйрету;

Дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын дамыту.Есілген ермексазбен әшекейлеу бейімдерін дамыту;

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге, халықтық өнерді құметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: безендірілген жартылай киізүйдің іші, үлгі суреттер.

Қажетті құрал-жабықтар:тақтайша, әртүрлі ермексаз, жұмыс дәптері, қалақша, кескіш.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік, мадақтау.

Іс - әрекет кезеңдері.

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Өте мейрімді, ақ шашты, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды,ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Дәмді тағам, тәтті бауырсақ пісіреді. Ол кім?

-Балалар, бүгін біз әженің үйіне қонаққа барамыз.


-Әже.

Ұйымдастыру - іздестіру

Бізді ұзақ жол күтіп тұр, тез жету үшін жұмбақ шешейік. Жұмбақ шешу

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Аспаннан домалап,

Көк моншақ төгілді.

Бусанды бар алап,

Терледі, кірледі.

Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ- қашады.

-Міне, жұмбақты шешіп болғанша жеттік. Әжемізбен амандасайық.

-Сәлеметсіз бе?

-Қалыңыз қалай?Денсаулығыңыз қалай?

-Жақсымын.

-Балалар әженің үйінде қандай бағалы бұйымдар көп екен.Әже, осы бағалы бұйымдарыңызбен таныстырасызба?

-Мынау міне, түскиіз, текемет,көрпе, сандық т.б.

-Әже осының ішінде әдемі болып көрініп тұрғаны сандық. Осы сандықты қайдан алғаныңызды, қалай жасалғанын айтып беріңізші.

Әженің шағын әңгімесі.

-Сендерге менің сандығым ұнап қалса, өздеріңе де дәл сондай ,сандық жасауға немерем көмектеседі.

(Тақтада сандықтың жасалу жолдары көрсетіледі.)

1-жолы. Ермексазды жұмсартып, төртбұрышты пішінге келтіреміз, бұрыштарын қырлаймыз.

Өзімізге таныс шымшу әдісі арқылы сандықтың аяғын шығарамыз.

(Тақтада үлгі ауыстырылады, әдемі әшекейленген бірнеше сандықтың үлгісі көрсетіледі.Соның біреуі таңданылады.)

-Осы үлгі бойынша сандықтың сыртын әртүрлі геометриялық пішіндермен өрнектейміз.

2-жолы. Жасыл түсті ермексазды алып жалпақтаймыз.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

(«Өзін-өзі тану»пәні бойынша.)

(Педагог пен әжейдің немересі сандық шетіне кескішпен сызықтар сызып шығады.)

3-жолы. Кескіш құрал көмегімен кішкене ұшбұрыштарды кесеміз де, қалақша көмегімен алып, сандықтың беткі бөлігіне сызық бойымен орналастырамыз. Басу әдісін қолданамыз,

4-жолы. Ермексазды жалпақтап, алдыңғы тәсілмен кішкене шаршыларды кесеміз. Жапсырамыз.

5-жолы.Ермексазды ұзыншақтап есіп, сандықтың төбесін, жанын өрнектеуге қолданамыз.

-Күн.

-Жаңбыр.

-Жел.


-Сәлеметсіз бе?







-Алақай!

(балалар қуанады)



Қимылмен жасайды.


Балалар қызыл, жасыл, көк түстерді өздері таңдайды. Балалар өлең жолдарын айта отырып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексивті - түзетушілік

-Балаларға көмектескен әженің немересімен бірге балалар бір-бірінің жұмыстарына баға береді.

-Кәне, балалар , жасаған жұмыстарымызды ұлттық бұрыштағы көрмеге апарып қояйық.

Педагог балалардың жұмысын мадақтау арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптеріндегі сюжетті суретпен жұмыс жүргізеді, сұрақ-жауап негізінде әңгіме құрайды.

-Сандықты неден жасайды?

-Ол сандықты не үшін қолданамыз?

-Үйлеріңде сандық бар ма?


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сандықтың ұлттық, сәндік бұйым екенін;

Қандай түсініктерді игерді: сандықты ермексаздан әдемі мүсіндеуді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сандықты әдемі әшекейлеу әдістерін.

© 2010-2022