Конспект по самопознанию на тему Моя семья

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КГУ № 26 орта мектеп «Күн» шағын-орталығы



«Менің отбасым»

Орындаған: Даутова Ж.Н

Өскемен қаласы, 2015

Күні: 11.02.2015

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану

Білім беру аймағы: Әлеумет

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: 1) Отбасы туралы түсініктерін кеңейту;

2) Отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын

дамыту;

3) Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Блингвальды компонент: Отбасы-семья

Көрнекіліктер: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер,

хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Жұмыс кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық ой тастау

-Қайырлы таң балалар!

-Қане, бәріміз шеңбер құрып, бір-бірімізге сүйіспеншілігімзді білдіреміз.

-Самал, сен әдемі қызсың.

-Мұрат, сен көріктісің.

-Рамина, сен ақылдысың

Балалар шеңбер құрып бір-бірлеріне сүйіспеншіліктерін білдіреді.

Ұйымдастыру кезеңі











Эксперименталды жұмыс

-Балалар, суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар.

-Балаларға А.Асылбектің «Жанұя» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Жанұя

Сенде де бар жанұя,

Менде де бар жанұя.

Үлкенде де, кішіде,

Жанұя бар әрбір кісіде.

Жанұя бары шуақ қой,

Қуаныш пен қуат қой.

-«Жанұя» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:

Анама арнап қуаныш,

Әкеме арнап сәттілік.

Атам,әжем,әпке,ағам,

Осылардың барлығына.

Отбасылық бақыт деген,

Бәлішінен әзірлейін

Ата, апа, әке, ана, аға, әпке,іні.

Бір сөзбен отбасы дейміз







Балалар жауап береді



Балалар ұн, су,тұз араластырып бәліш әзірлейді



Отбасылық сурет бойынша жұмыс

-Балалар, кім отбасылық сурет бойынша өз отбасы туралы айтып береді?

Балалар отбасылық суретке қарап өз отбасылары туралы айтып береді

Қорытындылау

-Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік.Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке, үйрететінін білдік.

Балалар зейін қойып тыңдайды

Білуі керек: Отбасы мүшелерін сыйлауды.

Болуы керек: Көрнекіліктер

© 2010-2022