Утренник на тему Ойна да, ойлан (дошкольники)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тобы: мектепалды даярлық

Тақырыбы: «Ойна да, ойлан!»

Мақсаты: білімділік:1-ден-5-ке дейінгі сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау. Ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: балалардың саусақ моторикасын дамыту, логикалық тапсырмалар, жұмбақтар, есептер, геометриялық пішіндердің атаулары туралы білімдерін арттыру.Тәрбиелік: балаларды ұқыптылыққа, жүйріктікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау.

Түрі: сайыс

Көрнекіліктер: сандар, АКТ, суреттер, ағаштар, алмалар, гометриялық пішіндер.

Пән аралық байланыс: «Шығармашылық», «Қатынас», «Денсаулық»

Қостілділік компонент:сандар-цифры, пішін- фигура

Барысы:

Сәлем бердік, сайысымыз көрермені,

Алдымызда болашақ өрендері.

Молайтар ой-санамызды сайысымыз,

Біліммен достасуға біз дайынбыз. (екі топқа бөлу)

1-топ «Құлыншақ»

2-топ «Ботақан»

Балаларға құлыншақ, ботақан суреттерін үлестіру. Әр бала өз орнын тауып отырады. Екі топ берілген жауаптарға байланысты алмалармен бағаланады.(екі ағашқа іліп отыру)

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

І кезең «Жаңылмай жұмбақ шешейік»

ІІ кезең «Артық болмас білгенің» (есептер шығару)

ІІІ кезең «Зерек болсаң шешіп көр» (логикалық сұрақтар)

ІY кезең «Сиқырлы пішіндер» (құрастыру)

Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық

І кезең «Жаңылмай жұмбақ шешейік» (жұмбақтарды шешу)

Бестен төртті алайық,Ұлпа жүнін қыздырып,

Қанша қалды ойлайық. Күн шуақта бір күшік,

Қарайық та, санайфқ, Отыр еді маңына

Санайқ та,табайық. (1) Келді тағы бір күшік

Нешеу болды сен сана? (2)

Көлде жүзді екі қаз Бес қонжық орманда

Ұшып қонды тағы үш қаз Келе жатты қорбаңдап

Болды қанша барлығы? (5) Екеуі шаршады

Әрмен қарай бармады (3)

Төрт жағы бірдей, Шыр айналып жүгіріп,

Қоссақ болады-...(шаршы) Шетін оның таппайсың

Шешімін тез табасың? (шеңбер)

ІІ кезең«Артық болмас білгенің» (есептер шығару»

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма,

Білім мен өнер болмаса

  1. «Адасқан сандар» (сандарды ретімен орналастыру).

  2. «Жоғалған санды тап».(манкаға жазып көрсету)

  3. Суреттік есептер (суреттермен есептер шығару)

  4. «Бос орынға тиісті сандарды қой.»(үлестірмелі материалдар)

  5. «Ұқсас заттарды тауып сызықпен қос».(үлестірмелі материалдар)

Тосын сәт

Күз ханшайымы кіреді

Балалармен амандасады

Күз ханшайымы: балалар,қандай мереке өтіп жатыр? Алтын күз мерекесі ме?

-Жоқ бізде сайыс өтіп жатыр.

Күз ханшайымы: Онда сендер шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайық

Сергіту сәті (музыка ырғағымен қимылдар жасайды)

Күз ханшайымы: Өте керемет балалар. Сендердің өнерлеріңді тамашалайын, алып келген сйым бар, сайыс соңында сендерге тарту етем.Сәттілік тілеймін.

ІІІ кезең «Зерек болсаң шешіп көр» логикалық тапсырмалар

«Ботақан» тобына

Машинаның неше дөңгелегі бар?

Қасық ұзын ба, асық ұзын ба?

Аю үлкен ба, қоян үлкен ба?

Екі қоянда неше құлақ?

Инеде неше көз бар?

«Құлыншақ» тобына

Сиырдың неше аяғы бар?

Шаш ұзын ба, қас ұзын ба?

Жолбарыс қүшті ме, қасқыр күшті ме?

Бос ыдыста неше жаңғақ бар?

Бағдаршамда неше көз бар?

ІY кезең

Дөңгелекпін, дөңгелекпін

Домалақ боп дөңгелендім.

Ай сияқты, күн сияқты,

Шар сияқты дөңгелендім.

Үшбұрышпын,үшбұрышпын

Үш қабырғасы бар бұрышпын

Төртбұрыштай болмасам да,

Орны бөлек үшбұрыштың - дей келе келесі кезекте «Сиқырлы пішіндер»кезеңіне береміз. Онда әр топ геометриялық пішіндерден машина құрастырамыз.

Қай топ алманы көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Күзханшайымы: Жарайсыңдар, балалар тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар сендерге алып келген сйымды таратайын. (алмаларды таратып береді)

Күз ханшайымын шығарып салу.

Балалар: Рахмет. Сау болыңыз!

Балалар, сендер «Ойна да, ойлан!» сайысының тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар! Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.


© 2010-2022