Сүтті өңір cүттің пайдасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

04.08.2014 ж

Тақырыбы: Сүтті өңір(сүттің пайдасы)

Сабақтың мақсаты: Сүт және сүт тағамдары туралы мағлұмат беру

Қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері, дайындау тәсілдері туралы түсінік беру. Төрт түлік малдың сүтінен адам денсаулығына пайдалы тағамдар жасайды. Атап айтар болсақ: қымыз, айран, шұбат, қатық, қаймақ, май, құрт,ірімшік,т.б е көптеген сүт өнімдері жасалынады. Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты тағамдары болып есептелінеді. Ұлттық тағамдардың ішінде, ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екенін жоғарыда айттық. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі - ол тіршілік арқауы , одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастархан молшылығын жасаған.

Сүзбе. Жақсы ұйыған қатықты қапқа салып асып қойып, сорғытып сүзеді. Ертеректе сүзбе екі түрлі әдіспен: тұздап немесе тұздамай әзірленген.

Кеберсіген сүзбе қарынға салынған. Тұздалған сүзбе ұзақ уақыт сақталып - көжеге, сорпаға езіп ішуге, жолға шыққанда жол азыққа арналған. Қатықтың бұл түрлері әрі сусын, әрі тоқ ас орнына жүрген.

Айран. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол жеңіл сусынды өнім.

Айран көже . Бидай, тары, арпа, күріш жармаларынан жасалған көжеге айран қосып ашытылады. Немесе сүт қосып ұйытылады.

Боза. Ашыған сүт , айраннан әзірлеген сусын. Оны бидай, тары, жармаларынан да ашытады.

Уыз. Жаңа төлдеген малдың төлі емгеннен кейінгі алғашқы сүтінен кейін пісіріледі. Төл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, ішекке құйылып , етпен бірге пісіріледі. Бұл уыз қазақ халқының мал төлдейтін айлардағы ең бір сүйсініп жейтін тамағы.

Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері. Ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас. Ұзақ сапарларда ауызға салып, суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Қымыз. «Ауруға ем, сауға қуат дәрі - қымыз», - деген Жамбыл атамыз.

Ол тек қана бие сүтінен ашытылады.

© 2010-2022