Тіл дамыту сабағы Қысқы киімдер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: Мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі:Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қысқы киімдер.

Мақсаты:Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.

Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Қостілді құрам:киімдер-одежды, ұйық-пима.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезеңі

Балалар шаттық шеңберге тұрамыз, қане айтыңдаршы:

-Бүгін қандай күн?

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Шеңбер болып отырады.Сұрақ -тарға жауап береді.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі




Сөздік жұмысы.





Дидактикалық ойын.


Балалар оқу іс-әрекетіне қуыршақ Айнұрдың келіпті , оның бір сандық киім алып келіпті.

-Айнұрдың үстіндегі киімді ата.

-Киімді қай мезгілге сай киген?

-Қыс мезгіліне сай киінген. Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - қысқы киімдер.

Тәрбиеші әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып береді, балалар киімдерге сипаттама береді.

-Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?

Пима - жүннен басылған қысқы аяқкиім.

Тон - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік - іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.

Байпақ - етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.

Сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.

-Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.

-Тон, етік сөздері жуан естіле ме әлде жіңішке естіле ме?

«Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

«Қай мезгілде киеміз?» ойынының шарты: ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.

«Мынау кімдікі?» ойынының шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.

Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.

1. «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны.

-Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?

-Туфли. Өйткені туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеміз.

2. Киімдерді топтап айтқызу.

Малақай, құлақшын - баскиімдер.

Байпақ, кебіс, пима - аяқкиімдер.

Қуыршақ, қыс киімдері, суреттер, қолғаптар.



Киім суреттері








Әліппе дәптер

суреттер

Қуыршақпен амандасады.


Киімдерге сипаттама береді.

Сөздікпен жұмыс жасайды.



Сөйлем, сөз тіркестерін, әңгіме құрайды.

Ойын ойнайды.




Санамақ жаттайды.

Суреттер бойынша жауаптар береді.


Рефлексивті түзету

Балалар біз қандай тақырыппен таныстық?

Қандай қысқы киімдер бар екен?

Балаларды мадақтау.

Қысқы киімдер.

Бас киім, етік, пальто.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: жыл мезгілдерінің айырмашылығын

Қолданады:киімдерге сипаттама беруді.

Түсінеді: киімді күтіп кию туралы.



© 2010-2022