Шағын орталық тобына арналған ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер, ойындар, тағамдар, бата туралы мағлұмат беру. Балалардың ой - өрісін, сөздік қорларын дамыту, ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің Наурыз!»
мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

Бүгін - Самарқанның көк тасы еріген күн.

Бүгін - Жаңғыру мейрамы!

Бүгін - Жыл басы, Жаңа жыл!

Уа,жарандар,жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

Ата менен анаң бар,

Үлкен кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар.

Шашу биі. Мектепалды даярлық тобы

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгенде жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Жаңа жыл,жаңа тарих баспалдағы,

Алатын асуларын асқардағы.

Қазақтың кең көсілген даласында

Жазылсын болашақтың дастандары.

Шағын орталық тобының тақпақтарына кезек берейік.

Салт - дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекте салт - дәстүрді дәріптеу.

Дамир: Сүйінші,сүйінші өмірге сәби келді.

Мадина: Келе ғой қарағым жақсы хабар әкелдің,сүйіншіңді берейін.

Құлыным өмір жасың ұзақ болсын.Ауылымыздың ақсақалы азан шақырып,ат қойсын.

Біржан: сенің атың Наурызбай,Сенің атың Наурызбай.Сенің атың Наурызбай. (құлағына үш рет айқайлайды). (Бата береді).

Мадина: Атамызға шапан кигізейік.

Жүргізуші: Келді наурыз жар салып,
Би билейік, ән салып
Жылда келсін Ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.

Би: Қамажай Шағын орталық тобы.

Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып,еркіндікке жол салған ата-бабаларымызды еске алмасқа болмас.Ол үшін кезекті нақыл сөздерге берейік.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- дей келе ортаға Наурыз -думан әнімен Берік Асылайды шақырайық.

Әуелден жомарт серіміз,

Асылын жырдың теріңіз.

Білгіңіз келсе қазақтың,

Айтысын тыңдап көріңіз.

Ортаға күміс көмей ақын ұл-қыздарымызды шақырамыз.

Айтыс. Мектепалды даярлық тобы.

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын мекен саяқ.

Ән шырқап,би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп

Би: Шағын орталық тобы. Ұлдар биі

Наурыз келді, жыр келді,

Наурыз келді,нұр келді,

Мешін жылы еліме.

Әкелсін байлық,мереке.

Мектепалды даярлық тобының тақпақтарына кезек берейік.

Құт береке Наурыз айым келді деп,

Жер түледі жасыл-желек желбіреп.

Айналайын атамекен,кең далам,

Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.

Ортаға Шуақты көктем әнімен мектепалды даярлық тобының қыздарын шақырайық.

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Қара жорға биі. Мектепалды даярлық тобы

Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш,бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел,бәрің,бәрің!

Ертеңгілігімізді қорытындылау үшін мектебіміздің директоры Тюрина Фазиля Жауғаштықызына сөз кезегін береміз.

Осымен «Қош келдің,Наурыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!



© 2010-2022