Ұлттық киімдер Технологиялық карта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: тобы « » Жүргізген тәрбиеші:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері :Сурет

Тақырыбы:Менің анам

Мақсаты

  1. Білімділік: балаларға ең асыл адам-Ана екенін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Балаларды адам бейнесін салуға,өз аналарын елестетіп суретін салуға дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын

көрнекіліктер:Отбасы мүшелерінің суреттері,қарындаштар, ақ парақ.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу.

Тәрбиеші топқа хат келгенін хабарлайды.

Балалар хатқа назар аударады.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу.

Тәрбиеші:Хатты оқып көрейікші не жазылғанын.

Құрметті: «Сымбат» тобының балалары көктемнің алғашқы мейрамы аналар мерекесі,мен өз анамды жақсы көремін,айтқан тілін аламын,сыйлаймын.Мен өз анамның суретін салдым,ал сендер салдыңдар ма?Егер салмасаңдар аналарыңның суретін салуды ұсынамын...

Сәлемнен.Айжан қуыршақ.

Д/о: «Сөйлемді аяқта» М/ы:өз ойларын жеткізе алуға,сипаттай білуге үйрету.

Менің анам-

Менің анамды-

Менің анамның шашы-

Балалар,ендеше Айжан қуыршақ сияқты өз анамыздың суретін салып көрейік.

Қауіпсіздік ережесін естеріне салады.

Сурет салудың әдіс-тәсілі; Алдымен басын саламыз,бас домалақ н/се сәл сопақша болуы мүмкін.

Домалақ н/се сопақша пішіндерге екі көзін,қасын,танауын,аузын саламыз,төбесіне қысқа немесе ұзын шаш саламыз.Енді мойынын,денесін,қолын,аяғын салып аяқтаймыз.Дайын болған суретімізге әдемі көйлек,аяғына туфлиін салып суретті аяқтаймыз.

Сергіту сәті:


Тәрбиеші балаларға түстерді таңдауға кеңес бере отырып суреттеріне аздаған түзетулер енгізеді.

Балалар хатты мұқият тыңдайды.


Балалар хатты Айжан қуыршақ жазғанын біліп қуанды.


Д/ойынды қызыға ойнады.

-жақсы адам

-жақсы көрем

-ұзын

Балалар сурет салуға арналған заттарын дайындайды.

Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді.

Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша сурет салуға кіріседі.Өз аналарын көз алдарына елестетеді.Біреуі менің анамның шашы ұзын десе,енді бір бала менің анамның шашы қысқа деп өз аналарын жарыса мақтанышпен айта бастайды.


Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады.

Көлеңкесін тосады,

Көк қарағай,қарағай.

Мейірбанды анадай.

Тәрбиешінің көмегімен суретерін аяқтайды.

Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)

Сұрақ-жауап:

-Бүгін бізге кімнен хат келді?

-Ол хатта не туралы жазылған?

-Сендер аналарыңның суреттерін сала алдыңдар ма?

-Аналарыңның суреттерін көрмеге апарып қоюға кеңес береді,мақтап,мадақтайды.

-Айжан қуыршақтан хат келді.

-Ол өз анасының суретін салған екен,бізге де өз аналарыңды салып көріңдер деп жазыпты.

-Иә,салдық.

Суреттерін көрмеге апарып қояды,мақтау естіп қуанады.

Күтілетін нәтиже.

Біледі: Көктемнің алғашқы мерегесі аналар мейрамы екенін біледі..

Түсінігі бар: Өз аналарының суретін салуға болатыны туралы түсінігі бар.

Орындай алады: Түстерді дұрыс таңдап,сұрақтарға толық жауап бере алады.


© 2010-2022