Урок Ардақты аналар

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ардақты аналар !

Мақсаты: Оқушылардың бойына ананы сыйлауды,құрметтеуді қалыптастыру,үлкенге қызмет көрсетуге тәрбиелеу.

Балаларды жол сияқты тұрғызып, әнді қосып, аналарды кіргіземіз. Балалар аналарына гүл сыйлайды.

Тәрбиеші: Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділетті ұғамын дей отыра құрметті асыл аналар, ұстаздар қадірлі қонақтар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы борышысындай аналар мекрекесі келеді. Бәйшешек нәзіктігісіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады. Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға құт береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. "Аялайық ананы" атты ертеңгілік кешімізді бастайық.

Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар хорман: АНА, АНА, АНА.

Әрине , бұл біздің аналарымыз. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің өлеңдеріне кезек берейік.

• Нияз

Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Аналар бойы береке

Тіршілік жаңа оянды

• Дарина

Үмітімдей көзіме

Көп қарайсын үңіліп

Еркелеген сөзімде

Еміреніп тұр күліп

• Азамат

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?

• Даниал

Жер бетінің ғұрымы

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды

Тәрбиеші: Болса да өзге жүрек,

Адамға адам - тірек.

Сіздерге айтар мынау,

Мерекелік тілек:

Ән: "Нұрын төкке маған"

• Айзада

Еркелесең күлімдейтін

Ұрысқаның білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым, күнім дейтін

• Санжар

Жақсы көрем күлкіңді

Айналайын ақ мама

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

• Айдулат

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті анам бар ма екен.

• Олжас

Қадірлі аналар көңілді

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Бақытқа толы өмірі

Шаттыққа шаттық ұлассын

Тәрбиеші: Жалығуды білмейміз

Жабығуды білмейміз

Жауқазындай көзді тартып

Жайраң қағып билейміз

Ән: Қуыршақ

Бүгін біздерді құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. "Қариясы бар үйдің қазынасы бар" деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған өлеңдеріне кезек берсек.

• Мұхамед

Аналарды сүйеміз

Сөзін оған түйеміз

Әрқашан біз ардақтап

Әжеге бас иеміз

• Әбілмансұр

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойламыз

• Амина

Әлдилеген анамның

Аясында шалқыдым

Ұғып тыңдап аламын

Бақыт тілін, бал тілін

• Тамирис

Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды бағады

Сол үшінде құдіретіне бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы

Ән: Әже

• Диана

Мәпелейсін мені анам

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағында қысылмай

• Хамза

Айналайын анашым

Көкте гүл боп жанарсың

Ет жүрегің елжіреп

Құшағыңа аларсын

• Айнұра

Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағамыз

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз

Тәрбиеші: Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Ұлдар қыздарды құттықтайды.

тіліек айту.

Би: Ұлардың орындауында.

Қорытынды: Сіздерді тағы да 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Осымен біздің бүлдіршіндерімізбен дайындаған шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Енді кезекті ата аналарға беріледі.

© 2010-2022