Мысыққа Мақта қыздың қатығын төлеуге көмектесейік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас. Таным.

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Мысыққа Мақта қыздың қатығын төлеуге көмектесейік

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын

арқылы түрлі тапсырмаларды орындауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойнау қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру және тұлғаны

қалыптастыру, қызықты ойындарды елестету арқылы қиял

болжамдарын дамыту, тіл байлығын, танымдылық қабілеттерін,

сөздік қарым-қатынастарын нығайту.

Тәрбиелік: Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: ертегі қейіпкерлерінің атрибуттары, тапсырмалар, үнтаспа.

Ертеңгілік шеңбер:

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын, шаттығын

Қайырлы таң, Қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін

Сәлеметсіздер ме! Қош келіпсіздер!

Барысы: Ұйымдастыру. (балаларды орындарына тұрғызу, дайындау)

Залға жыламсырап мысық келеді.

Мысық: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен Мақта қызбен ренжісіп қалып едім. Ертең

Мақта қыздың туған күні , соған сыйлық жасап, қатығын қайтарып берейін

деп едім, маған көмектесесіңдерші!

Балалар: - Бұл «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі мысық қой.

Мысықпен амандасады.

Тәрбиеші: - Балалар, мысық ертегіде кімдерге кездеседі?

Балалар жауап береді.

Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, бірақ балалар, мысықтың жолында кездескен сиыр,

ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан барлығы оған сұрақтар қойып,

тапсырмалар берген екен. Мысық орындай алмай, сендерден көмек сұрап

келіп тұр. Кәне, балалар, біз оған көмектесе аламыз ба?

Балалар: - Әрине көмектесеміз, мысықжан.

Тәрбиеші: - Жақсы, балалар, біздер де олардан көмек сұрап, мысыққа көмектесейік.

Ендеше біз барлығымыз тышқанға бастап, барлығының тапсырмасын

орындауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық. Мақта қыздың

туған күнінде қатығын, мысықтың құйрығын қайтарып, көңілдерін

көтереріп, екеуін достастырайық.

(Музыка ойнайды)

Балалар мысықпен бірге тышқанға келеді.

Балалар мен мысық: - Мынан іннен шығып жатқан кімнің құйрығы? Тышқанның ғой.

Тышқан, тышқан, бізге бір уыс тары берші.

Тышқан: - Сендер менімен «Кімнің басы, кімнің құйрығы» ойынын ойнандар.

Сосын көремін. Дұрыс орындасаңдар беремін.

(төмендегі суреттер ілінген плакат)

  1. Аю, қасқыр, түлкі, жылқы.

  2. Піл, арыстан, жолбарыс, балық.

  3. Бүркіт, көгершін, қоян, қарлығаш.

  4. Қаз, қораз, аққу, қоян.

Балалар жануарлар мен құстарды атап, қайсысының құйрығы, қайсысының басы екенін айтып, артығын көрсетіп, неге артық екенін түсіндіреді.

Тышқан: - Жарайсыңдар, балалар, мен сендерге ризамын. Мінекей,- деп бір уыс тары

береді.

Балалар мысықпен бірге тауыққа келеді.

Балалар мен мысық: - Тауық, тауық, бізге жұмыртқа берші.Бір уыс тарыны алып

келдік.

Тауық: Сендер алдымен маған өнерлеріңді көрсетіңдер.

Сергіту сәті. «Шөжелерім» әні бойынша қимылдарын жасау.

Балалар тауыққа бәр уыс тары береді.

Тауық: Өте жақсы, балалар, өнерлі екенсіңдер, - деп бір уыс тарыны алып, жұмыртқа

береді.

Балалар мысықпен бірге дүкеншіге келеді.

Балалар мен мысық: - Дүкенші, дүкенші, бізге сағыз беріңізші. Біз жұмыртқаны алып

келдік.

Дүкенші: - Дүкенші болу үшін есепті жақсы білуіміз қажет. «Жасырылған санды тап»

ойынын ойнайық, сосын беремін.

(Ойынды ойнайды, дүкенші жұмыртқаны алып, балаларға сағыз береді)

Балалар мысықпен бірге қыздарға келеді.

Балалар мен мысық: Қыздар, қыздар, бізге су беріңдерші.Біз сендерге сағыз береміз.

Қыздар: Алдымен біздің тапсырмамызды орындаңдар. «Не артық?» ойынын ойнайық.

(Суреттерден артық заттарды алып тастау және түсіндіру).

Суреттер:

  1. Стақан, қасық, кострюль, қуыршақ

  2. Шкаф, стол, кереует, кітап

  3. Көйлек, жейде, носки

(Қыздар, балалар мен мысыққа ризашылықтарын білдіріп, сағызды алып,

су береді)

Балалар мысықпен бірге талға келеді.

Балалар мен мысық: - Тал, тал, бізге жапырағыңнан берші. Міне, біз саған су әкелдік.

Ағаш: Әуелі менің тапсырмамды орындаңдар.Мен сендерге сұрақтар қоямын. Дұрыс

жауап берсеңдер, жапырағымнан беремін.

Сұрақтар: 1 жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Келесі қандай мезгіл? Көктемнің қыс мезгілінен қандай өзгерістері бар? Қандай тақпақ білесіңдер?

(Балалар мен мысық сұрақтарға жауап береді, тақпақ айтады. Ағаш алғысын айтып, суды алып, орынан жапырақтарынан береді)

Балалар мысықпен бірге сиырға келеді.

Балалар мен мысық: - Сиыр, сиыр, бізге қатық берші.Біз саған жапырақ алып келдік.

Сиыр: - Алдымен менің тапсырмамды орындаңдар, сосын көрейін.

«Жақсы мен жаман» ойынын ойнатады.

Қайыр күтпе баладан,

Өз мысығын сабаған. (жаман)

Уәдеде тұрмайды,

Аямайды, тырнайды. (жаман)

Өзі түйме қадаса,

Мұндай бала тамаша! (жақсы)

Айналайық баладан,

Көгершінді аяған. (жақсы)

Ойнап жүріп жылаған,

Орынды емес бұл аса. (жаман)

Сиыр: Жарайсыңдар, балалар, сендерге көп рахмет! Мінекей қатық, - деп,

жапырақатрды алып, орнына қатық береді.

Тәрбиеші: - Міне, балалар, барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар, қатықты да алдыңдар, енді Мақта қызға барып, қатығын қайтарып, туған күнімен құттықтайық.

Балалар мысықпен бірге мақта қызға келеді.

Балалар: - Міне, Мақта қыз, сенің қатығыңды алып келдік. Енді мысыққа құйрығын

қайтарып беріп, екеуің дос болыңдар.

Мақта қыз: Көп рахмет, балалар! Туған күніме жақсы сыйлық жасадыңдар. Енді

мысық екеуіміз дос боламыз, ешқашан ренішпейміз.

Балалар Мақта қыз бен мысықты ортаға алып достық туралы ән айтады.

Қыздар Мақта қыздың туған күніне би билеп береді.

Қорытындылау. Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегі желісін бұзбай орындауы, 5-ке дейін санауды және «жақсы» мен

«жаман» қасиеттерді айыра біледі.

Игеру керек: Ойын тапсырмалары арқылы қоршаған оррта туралы түсініктерін игеру.

Орындаушылық қабілеті: Өздеріне қойылған сұрақтарға жауап бере алады, жыл

мезгілдеріне байланысты өлең, тақпақтар айтады.







«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев

атындағы №3 Явленка орта мектебі»

КММ-сі жанындағы шағын орталық



Мысыққа Мақта

қыздың қатығын төлеуге

көмектесейік

Рамазанова Гүлшат Саркенқызы.

2016ж





© 2010-2022