Конспект занятии на тему Қонаққа қыс келді

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технлогиялық картасы.

Бірінші кіші топ

Білім саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Жапсыру

Тақырыбы: «Қонаққа қыс келді»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Міндеттері: 1. Білімділік: Балаларды қыс мезгілімен, оның ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.

2.Дамытушылық: балалардың қоршаған ортаға деген эмоциялық қабылдауы, олардың сөйлеу, сөздік қорын жалғастыру, ұсақ саусақ мотрикасын дамыту, ұқыпты желімдеуге үйрету, үлкен түйіршіктен(комок) ұсақ түйіршік істеуге үйрету.

3.Тәрбиелік: жапсырмаға деген қызығушылықтарын арттыру, тілегі өзгелерге көмектесуге, қуануға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қар, қыс, шана, коньки, ақ, жұмсақ.

Көрнекі құралдар: қыс мезгіліне байланысты суреттер, әр балаға қорапқа салынған манка, көгілдір түсті А4 форматының ½ бөлігі, мақта, желім, салфетка.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

-Балалар, қараңдаршы бізге қонақтар келіпті. Олар біздің қалай жұмыс жасайтындарымызды қарацға келді. Қанеки қонақтармен амандасайық!

-Балалар, сендер менің қандай сурет әкелгендерімді көргілерін келе ме?

-Айжан, сен суретте не көріп тұрсын?

-Амина, балалар не істеп жатыр?

-Мақсат, мына балалар не істеп жатыр?

-Жарайсыңдар!Қалай ойлайсыңдар, қандай мезгіл суретте салынған?

-А неге қыс?

-Жарайсыңдар! Ал, сендер қыс мезгілінде серуенге шыққанды ұнатасындар ма?

-Ал, қанеки ендеше біз сендермен, серуенге қалай шығатынымзды елестетейік. Далада суық, жел.

-Қалай біз киінеміз?

Сергіту сәті:

Серуенге шығамыз

Шалбарды біз киеміз.

Күрте, куртка етікті,

Тонбас үшін аяқтар.

Бас киімді киеміз

Құлақты біз жабамыз.

Серуенге дайынбыз,

Мезгілдің әр кезінде.

Балалар топтағы қонақтармен амандасады.

-Сәлеметсіз бе!

-Иә

-Балаларды

-Балалар шанада сырғанап жатыр

-Аққала салып жатыр.

-Қыс

-Өйткені қар жауып тұр.

-Иә!


-Жылы

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Жылаған дауыс естіледі. Топқа Қыс мезгілі жылап кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Ал сіз кімсіз? Не болды?

Қыс мезгілі: Сәлеметсіңдер ме! Мен Қыс мезгілі боламын. Қыста қаншама омбы қар болды, жел болып, күннің көзі шығып, бүкіл қарды ерітіп жіберді. Енді балалар қалай шанасыз қарда сырғанап жүреді? Енді мен не істеймін?

Тәрбиеші: Жыламаңыз Қыс мезгілі. Біздің балалар сізге көмектеседі.

-Қыс мезгіліне көмектесеміз бе балалар?

-Біз оған не істей аламыз?

-Сендер ауада және қорапта ұлпа қар салғанын қалайсыңдар ма?

- Қанеки ауада саусақпен қар түскенін, жел соғып, үлкен омбы қарларға айналғанын көрсетейік.

-Ал енді соның барлығын сиқырлы қорапшада салып көрейік.

-Жарайсыңдар баладар!

Қыс мезгілі: Ал, сендер тағы не істей аласыңдар?

Тәрбиеші: Біздің балалар жапсырмамен айналысқанды жақсы көреді.

-Балалар, қанеки біз сендермен бүгін ерекше ұлпа қар жасайық. Мақтадан?

-Мақта бізде қар сияқты, ол да өте ақ, жұмсақ, мамықтай, бірақ ерімейді. Енді мен сендерге ұлпа қарларды қалай жасау керектігін көрсетемін. Ал сендер мұқият қараңдар, жарайма?

Бірінші үлкен түйіршік мақтадан, ұсақ-ұсақ мақталарды жұлып аламыз, оны желімге малып, біздің қағазымызға ұқыпты қылып жапсырамыз. Кейін салфеткамен басып, артық желімді алып тастаймыз. Кейін келесі ұлпа қарды жапсырамыз. (Тәрбиеші көмек керек балаларға көмектеседі.)




-Иә. Көмектесеміз.

Балалардың жауаптары

-Иә!

Балалар ауада сурет салады.

Балалар манка салынған қорапта сурет салады.


Балалар орындарына отырады.

-Иә!


-Иә!

Балалар тәрбиешінің жапсыру барысын мұқият қарап, кейін өздері жапсыра бастайды.




Рефлексивті-коррекциялау

-Жарайсыңдар балалар! Қыс мезгілі сендерге өте риза болды. Сендер оған сондай үлкен көмек көрсеттіңдер!

-Ал, енді Қыс мезгілімен қоштасайық.

-Балалар, біз сендермен бүгін не істедік?

-Жарайсыңдар! Біз сендермен бүгін үлкен жұмыс атқардық, жақсылық істедік! Ал, енді қонақтармен қоштасып, қолдарымызды жууға барамыз.

Дайын жұмыстарды Қыс мезгіліне сыйлайды. Қыс мезгілімен қоштасады.

-Суреттерді қарадық, жапсырдық,қорапта сурет салдық.

Балалар қонақтармен қоштасып, қолдарын жууға барады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: қардың аппақ,мамықтай ұлпа екенің, жапалақтап жауатынын.

Түсінеді: қыс мезгілінде қардың түрлі қалыпта жауатынын.

Қолданады: үлкен түйіршектелген мақтадан, ұсақ ұлпа қарлар жасап жапсыру.


© 2010-2022