Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

«Асылай» бөбекжай балабақшасы

Тобы: «Боташым» 2-ші сәбилер

Тәрбиеші: Минажева Айман

Білім саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ойыншық

Түрі: Саяхат сабақ

Мақсаты: «Қуыршақтарға қонаққа барамыз» тәрбиешінің соңынан шағын топпен жүру. Үлкен допты домалату. Доптарды себетке салу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, жүру, допты домалату, допты себетке лақтыру

Көрнекілігі: ойыншықтар, қуыршақ, доптар, себет

Жүру барысы:

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалармен амандасу. Шаттық шеңберіне тұрып бір біріне жылы қабақ таныту. Құшақтасу

Шаттық шеңберіне тұрып бір біріне жылы қабақ танытып құшақтасады.

Ұйымдастыру -

іздестіру кезеңі







Тәрбиеші балаларды орындыққа отырғызып ойыншықтарды көрсетіп олардың қалай аталатынын, қалай ойналатынын әңгімелейді. Қыз балалар көбіне қуыршақпен ойнайтыны, ал ұл балалар машинамен ойнайтыны жөнінде айтылады. Доппен барлығы ойнайды.

  • балалар қазір бәріміз қуыршаққа қонаққа барамыз. Қане, бәріміз саппен біріміздің артымыздан -біріміз жүрейік.

  • Балалар мынау не?

  • Ол қанлай үлкен бе, әлде кіші ме?

Балалар бір қатарға тұрып алайық.

Енді үлкен допты алға қарай кезектесіп домалатамыз.

  • жарайсыңдар, балақайлар!

Сапқа тұрып әрі қарай жүреміз.

Балалар мынау не?

Бұл доптар үлкен бе кіші ме?

- Ал мынау не? Балалар бұл себет.

Кішкене доптарды себетке лақтырып түсіруіміз керек, қане бәріміз допты алайық.

Кезектесіп осы себетке допты түсірейік.

Жарайсыңдар, балалар!

Әрі қарай жүрейік, қане сапқа тұрамыз тез бару үшін аздап жүгірейік.

- Міне, балалар, қуыршаққа қонаққа жетуге аз қалды. Енді секіргіш доппен секіріп - секіріп алайық.

- Тамаша, енді балалар велосипедке мінейік.

- жарайсыңдар, міне келіп жеттік.

Қуыршақпен амандасып, кіммен бірге келгенін, қалай жеткендері туралы әңгімелеседі.

Жаңа ойыншықтарды көріп балалар қуанады



  • саппен тәрбиешінің артынан жүреді


  • доп

  • үлкен

Бір қатар болып тұрады да үлкен допты алға қарай домалатады.

Саппен жүреді

Доптар

Кішкентай

«Себет» деп қайталайды

Бір-бір допты алады, кезекпен себетке лақтырады.

Саппен жүреді, жәймен жүгіреді

Секіргіш доппен секіріп алады.

Велосепедке мінеді.

Рефлексиялық -

түзетушілік кезеңі

Сабақ барысында қандай іс-әрекет жасағандарын сұрап балалардың білімдерін бекітеді.

Балаларды мақтап, қуыршақпен ойнауға жібереді.

Сұраққа жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ойыншық атауларын, қалай ойналатынын

Игереді: Сапен жүруді, ойын түрлерін орындауды

Меңгереді: Бір- бірімен жарысып алға озуға деген қызығушылығын ояту

© 2010-2022