Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ШығармашылықҮйрек балапандарымен

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Мүсіндеу

Тақырыбы:Үйрек пен балапандар

Мақсаты: Балалардың үлкен-кіші,көп,аз ұғымын,дөңгелек және сопақ

ша пішіні туралы білімдерін бекіту.Ермексазды домалатуды,бармақпен шымшып созуды үйретуді жалғастыру.ермексазбен ұқыпты,таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Балапан (үйректің) ойыншығы.Тауық пен үйректің суреті.ермексаз,тақтайша,тайақша,шүберек.

Билингвальдық компонент: Балапан-птенчик

Шөже-птенец

Үйрек-утка

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Таңғы шеңбер:

Күн дидарлы арайлы,

Нұрын төгіп тарайды.

Барлық бала шаттанып,

Қуанышпен қарайды.

Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталап, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастыру

шылық ізденіс

-Балалар мына пернетақтаға назарларынды аударындаршы,мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешімін тапқан жағдайда суреттер шығада.

Жұмбақ:

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтандап.

Күн бата қонақтап қалқыған,

Таң ата жерден жем аңдыған.

-Ал мына суретке қарандаршы,

бұлар олардың балалары,оларды қалай атайды?

-Тауық пен үйрек үлкен,ал шөже мен балапан қандай?

-балапандардың түсі қандай?

-Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөліне

ді.Тауық пен әтеш үй құстары болып саналады.Үй құстарын үйде күтіп баптайды.Адамдар үй құстарына жем,су беріп,қора дайындап қамқорлық жасайды.

Бізге балапан келіпті,ол өзінің достарымен таныстырмақшы.

-Мына,балапапан жалғыз жүр,ол дос іздеп жүр,дос табуға көмектесейікші.

Үйректі ермексазбен жасаймыз,ол үшін екі бөліктен тұратын ермексазды қолданамыз.Кіші бөлігі-басын домалатып домалақ жасаймыз.Үлкен бөлігі-денес3н сопақша етіп жасау үшін домалатып,алақанға салып басамыз,ал тұмсығын,құйрығын бармақпен шымшып созамыз.

Сергіту сәті:

Пернетақтаға назарларын аударту,қимыл қозғалыстарын қайталату.

Жасаған үйректерін үйшікке жайғастырды.

Пернетақтаға назарларын аударады.Жұмбақтардың шешімін табады.


-Үйрек.

-Тауық

-Тауықтын балапаның «шөже»,ал үйректің балапаның «балапан» деп аталады.

-кішкентай

-сары түсті


Балалар құс болып ауыл шаруашылығына барады.

-Иа,көмектесеміз.

Ермексазды алақандарына салып домалатады.Бармақтарымен шымшу арқылы тұмсық пен қанаттарын жасайды.Сергіту сәтіне барлығы қатысып,қимыл қозғалыстарын қайталайды.

Рефлексивті-түзету

-Бүгін біз ермексазбен не жасадық?

-Қай құстың балапаны?

-Құстар жайлы кім тақпақ біледі?

Балаларды мадақтап,мақтау.

-Балапан

-Үйректін балапаны

Оятпа қораз,сен бізді,

Өзім де сезім,таң атты.

Сенсіз ақ білем мезгілді,

Танимын енді сағатты.

Қоныңдар,құстар қоныңдар,

Бәріңе төрден орын бар.

Қанатты барлық достарға,

Балалар қамқор болындар.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Балапан үйректің баласы екенің білу керек.

Түсінеді:Балапаның дене бөліктерін атай алады.

Қолданады: Ермексазды үйрек балапанының мүсіні жасай алады.


№ 19 орта мектебі




Ашық сабақ тақырыбы: Үйрек пен балапандар



Тәрбиеші: Кемельдинова Ү.М

2015-2016 жыл

© 2010-2022