Ертеңгілік Армысың әз Наурыз!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе обылысы Ойыл ауданы

«Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны

тәрбиешісі

Калниязова Айнур Кудайбергеновна

«Армысың, әз Наурыз»

Мақсаты: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу. Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту.

Қазақтың ұлттық киімін киген балалар мерекелік ертеңгілікке келген ата -аналармен,қонақтармен амандасады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар!

Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын!

Құлпырып тұр күн мен ай,

Құтты болсын,Наурыз той!

Жаңа жылан жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл баршаңызға бақыт,ырыс,береке әкелсін!

Тәрбиеші:Балалар,бүгін қандай мереке?

-Наурыз тойы.Ұлыс күні.

-Қандай жыл келді?

-Жылан жылы келді.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар?

-Жылан жылын қай жерде қарсы алғыларың келеді?

-Ауылға барып қарсы алайық.

Жүргізуші: Балалар ,ана бір тұстан түтін шығады,малды ауыл бар ғой деймін,(Балаларды әңгімеге тартады) жақындайық.Наурыз көже ішіп отырған әжелер,аталар қонақтарды орындарынан тұрып күтіп алады.Әже балаларға Наурыз көже ұсынады.

Айтөре:

Апа,Наурыз көжеңіз өте дәмді екен,оны қалай дайындадыңыз?

Әже:Қарақтарым;Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қосылады:Жеті саны киелі сан.Наурыз көже тоқшылықтың белгісі.Оның құрамына бидай, қыстан қалған сүр ет,айран,сүт,тұз,құрт,тары қосылады.

Жүргізуші:Әже,аталар,бабаларыңыз мұсылман қауымның төл мерекесі Наурыз тойына әзірленген тақпақтарын айтып береді.

Ғали: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Сәбина:Қызығыңа тоймаған

Дархан далам,қарлы шың.

Инабат:

Наурыз гүл көктем

Сәнді ай арайлы.

Ән:Тәй-тәй бөпем

Төрде отырған қария балаларға бата береді.

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақытты болсын,

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс мереке болсын,

Бәле-жала жерге енсін.

Қайда барсаңда жолың болсын!

Әже: Ал,құрметті қонақтар,Ұлыстың ұлы күні менің немеремнің Тұсау кесу рәсіміне қатысыңыздар.

(Әже: тұсау кесу рәсімін қысқаша түсіндіріп,жолы ақ болсын деген ниетпен немересінің тұсауын ала жіппен кеседі).

Әже:

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Қадамыңды бас балам.

Күрмеуіңді шешейін.

Тұсауыңды кесейін.

Алмаз бен Сәбина Мейірханның қолынан ұстап тәй-тәй басқызып бір айналдырып жүргізеді.Әже шашу шашады.

Жүргізуші: Балалар,ертегілер елінен келген қонақтарды қарсы алайық.

(Қолында домбырасын ұстаған Алдаркөсе келеді).

-О,балалар, тойларың құтты болсын!

Сендердің дауыстарыңды алыстан естіп келдім.Сендер қандай ойын білесіңдер?

Балалар:Арқан тартыс,Орамал тастамақ,Күш сынаспақ.

Алдаркөсе: Олай болса мен сендердің күштеріңді көрейін (Күш сынаспақ, ойыны ойналады).

Жүргізуші: Алдар ата ,қыздарымыз «Қазақ биі» әннің ырғағымен би билейді.

Бишілеріміздің өнерін тамашалайық.

Иманәлі:

Наурыз,наурыз,жыл басы,

Жасыл көктем құрдасы

Төл мереке,кел мереке.

Қадіржан:

Ұлыс күні қазан толса

Ол жылы ақ мол болар.

Айтөре:

Наурыз-бабамның сөзі,

Наурыз-анамның сөзі

Ғасырдан ғасырға жеткен

Даламның сөзі.

Айзере:

Көктем келді бүгін

Күнім төкті нұрын.

Алдаркөсе: Сендер, қазақ халқының дәстүрін, ата салтын жақсы біледі екенсіңдер.Ана тілінде таза сөйлеп, ән салып ,тақпақ айтады екенсіңдер,өнерлерің өрге жүзсін!

Жүргізуші жетекші сауалдар қойып, балалардың мерекеден алған әсерлерін тыңдап ,ертеңгілікті қорытады.

-Біз қандай мерекені тойладық?

-Мереке қай жерде өтті?

-Қай жылды қарсы алдық?

-Әженің үйінен қандай дәм таттық?

-Әжелер балаға қандай рәсім жасады?

-Наурыз көже неден жасалады?

Барлығы қосылып «Наурыз» әнін айтып топқа қайтады.







© 2010-2022