Әлеуметтік орта Адамдардың басбанасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Адамдардың баспаналары. Мақсаты:1. Адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айту. 2. Балалардың таным белсенділіктерін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту 3. Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қажетті құрал: киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері. Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, көрсету, сөздік, ойын, практикалық

Оу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Кәне, кәне, тұрайық, Киіз үйді құрайық. Бір уықты қолға алып, Шаңыраққа тағайық. Шеңбер болып айналып, Арқандарды тартайық. -балалар, шаттық шеңберіміз не жайлы болды?

Балалар шеңберге жиналып, өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.

Киіз үй жайында

Ұйымдастыру-ізденістік

Суретпен жұмыс.

Әртүрлі үйлердің суретін көрсете отырып, киіз үйдің суретін тауып алуды ұсынады.

-киіз үй екенін қайдан білдіңдер?

-ал сендер қандай үйде тұрасыңдар?

-ол жайлы не айтар едіңдер?

-пәтер деп нені айтамыз?

-қалай ойлайсыңдар киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?

-қалай ойлайсыңдар осы баспаналарды салған кімдер?

Макетпен жұмыс. Киіз үй мен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттама беру.

Көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылады.

Әлеуметтік орта Адамдардың басбанасыӘлеуметтік орта Адамдардың басбанасы

Сергіту сәті Шопан үйі аулақта Қақтырғандай таңдайды. Көшіп келіп тау жақтан, Ақша бұлттан аумайды Тара-тара-там Қарап шықтым біртіндеп Жасаулары жарасқан, Төбедегі түндіктен Көрінеді көк аспан.

Киіз үйдің құрылысымен таныстыру

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.

Өйткені ол киізден жасалған.

Көпқабатты үйде.

Біз тұратын жерді.

Жоқ

Құрылысшылар.



Сурет бойынша әңгіме құрастырады

Шопан үйі аулақта

Қақтырғандай таңдайды. Көшіп келіп тау жақтан,

Ақша бұлттан аумайды Тара-тара-там Қарап шықтым біртіндеп Жасаулары жарасқан, өбедегі түндіктен Көрінеді көк аспан. қимылмен жасайды/

Рефсексиялық-түзетушілік

-қандай тақырыппен таныстық?

-киіз үдің айырмашылығы неде?

-сендер қандай үйде тұрасыңдар?

Балалар өз көңіл-күйлерін білдіреді, сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы;

Игереді: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары;

Меңгереді: салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді;



© 2010-2022