Ашық сабақ: Қысқы орманда сурет

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет

Тақырыбы: Қысқы орманда арттерапия арқылы бейнелеу

Мақсаты: Балаларға қысқы орман жайлы түсінік беру. Арттерапия арқылы

бейнелеуге үйрету.Тұзды қамыр арқылы жануарларды мүсіндеуге, алақан

ортасына салып дөңгелектеп, сопақша жарты дөңгелек пішіндерді келтіруге,

қайшымен қиып, желімді ұқыпты жағып, жапсыруға үйрету, ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, баланың қайталауы.

Көрнекілігі: Үлгі суреттер, слайд.

Қажетті заттар: Түрлі түсті қагаздар, пва желімі, ас содасы, тұз, құмшекер, қыл қалам, қайшы, желім, тұзды қамыр, түрлі-түсті картон.

Билингвизм: Қысқы орман-зимний лес, шыршы-елка, ағаш-дерево, қар-снег

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатты сүйеміз,

Қамқорлықпен қараймыз

Балалар барлығы айтады

Іздену ұйымдастырушы























Рефлексифті

түзетуші





Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста неше ай бар?

Қандай айлар?

Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Слайдпен жұмыс.

Балалар барлығымыз тақтаға назар аударалық.

Тақтада не көріп отырмыз?

Қысқы орманда нелерді көріп отырсыңдар?

Орманда қандай жабайы аңдар болады?

Аңдарды қыстың қатты үскірік аяздарынан не қорғайды?

Қыста аңдар немен қоректенеді?

Қыста қоян мен тиыннын жүнінің түсі қалай өзгереді?

Аю қыс бойы апанында жатып ұйықтайды.

Түлкі иісшіл, көзі қырағы, құлағы жақсы естиді. Түлкі баласын жәутік деп атаймыз. Түлкінің терісінен қазақтың ұлттық бас киімі - тұмақ тігіледі.

Орманда орманшы тұрады. Олар қорықта өмір сүретін жан-жануарларды қорғайды. Орманшылар жануарлардың ауырмауын, ағаштарды ешкім кеспеуін, өртемеуін бақылайды.

Ғажайып сәт: орманшының келуі.

Саламатсыңдар ма балалар. Менің орманымда шырша, ағаштар, жан-жануарларым азайып кетті. Балалар маған көмектесіп, орманыма шырша, ағаштар, жануарлар жасап бере аласыңдар ма? Маған көмектесіңдерші. Балалар көмектесеміз ба?

1 топ:Бұл үшін алдымыздағы қағазға шыршаны, ағаштың суретін салып, олардың ішіне желіммен бояп, үстіне ас содасын себеміз.

II топ: Ал екінші топ алдымыздағы тұзды қамырдан жабайы аңдарды мүсіндейміз. Алдымен сопақша етіп қоянның денесін, дөңгелектеп басын, екі қолын және ұзынша етіп екі құлағын мүсіндейміз және түлкіні үшбұрыштап, басын орташа үшбұрыштап, екі құлағын кішкене үшбұрыштан, құйрығын сопақша етіп мүсіндейміз. Аюды екі дөңгелектен басын, денесін, екі құлағын жарты дөңгелектен, екі қолын кішкене дөңгелектерден жасап, мүсіндейміз.

III-топ.Жапсыру.

Барлығымыздың алдымызға 3 конус тұр: үлкен, орташа, кішкентай. Соларды алып, шырша бұтақтарын қиямыз, бір-біріне желімдейміз. Ағаштың діңін, бұтағын қоңыр түсті қағаздан қиып, желім жағып жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Қояндар мен қу түлкі

Қысқы орманда қояндар

Асыр салды сайраңдап

Ор қояндар жүгірді

Ытқып-ытқып секірді

Дөңгелене жайғасты,

Жердің бетін қазбақшы

Ор қояндар жүгірді

Ытқып-ытқып секірді.

Келе жатыр қу түлкі

Жаман екен қүлқыны

Қайда екен деп іздейді

Қояндарды жемекші

Түлкі:

Ор қояндар келіңдер

Маған билеп беріңдер

Себет тола сәбіздер

Тойғанша жей беріңдер

Қояндар:

Жо-жоқ қу түлкі

Айтқаныңа көнбейміз

Сөзіңе еш сенбейміз

Түлкі:

Кешіріңдер балалар

Қулық, сұмдықты қоямын

Сендермен дос боламын

Барлығы бірге:

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз

Біз көңілді достармыз

Бірге ойнап күлеміз

Сурет салатын балалар шырша жолымен жүріп, шыршаны санап, орнымызға барамыз, ал мүсіндейтін балалар ақ қала жолымен жүріп, ақ қаланы санап, орнымызға барамыз. Қар жолымен жүріп, қарларды санап, орнымызға барамыз.

Балаларды ортаға шақыру.

Балалар суретте ненің бейнеледіңдер?

Тұзды қамырдан қандай аңдарды мүсіндедіңдер?

Түрлі түсті қағаздан не жасадыңдар?

Жарайсыңдар балалар.

Бүгін барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар.

Орманшы сізге біздің балаларымыздың жасаған жұмыстары ұнады ма?

Ендеше балалардың жасаған жұмыстарын сізге тарту етеміз.

Енді балаларымыздың қыс жайлы тақпақтары бар.

Маханбетәлі:

Суық екен қыс деген

Қалтырайды құс деген

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген

Айнұр:

Әппақ, әппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман, қар жамылған

Маужырайды түңгі аспан

Айғаным:

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады

Орманшы:

Рахмет сендерге балалар, сау болыңдар.

Қыс мезгілі

3 ай бар

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Күн суық болады, қар көп жауады

Қысқы орман

Шыршалар, ағаштар

Түлкі, қасқыр, қоян, тиын

Жылы үлпілдеген жүні, індері, апандары

Өз беттерінше азықтарын тауып жейді

Ақ болады



Саламатсыз ба


Ия, көмектесеміз

Балалар сурет салады

Балалар жануарларды мүсіндейді



Балалар қайшымен қиып, жапсырады


Балалар қимылмен көрсетіп айтады.





Түлкі келеді







Ағашты, шыршаны

Қоян, түлкі, аю

Шырша, ағаш

Я, ұнады


Балалар тақпақтарын айтады




Сау болыңыздар.



© 2010-2022