Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Ит және оның кішкентай күшіктері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған

оқу іс - әрекетінің үлгі жоспары

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы № 3


Өткізген: ___________________

Күні: ________________

Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ит және оның кішкентай күшіктері

Мақсаты: а) сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру. (педагог үлгісі бойынша), ә) бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту. б) үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері, қалташа да ит суретінің қиындылары болу керек.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Баланың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасырылады:

Адамға серік,

Күзетке берік.

Дұрыс айтасыңдар, расында адамға серік, үйді күзететін ол ит екен.

Жұмбақтың жауабы: ит

Ұйымдастырушылық - ізденістік

  • Ал ендеше бәріміз мұндағы суретке қарайық.

Демонстрациялық құрал: ит және оның кішкентай күшік суреттері.

  • Балалар, мұндағы суретпен біз нені көріп тұрмыз?

  • Иттің баласын не деп айтады?

  • Ал иттің дауысын неменсе дыбысын еске түсірейікші? Ит не істейді? («Үреді» сөзіндегі «Ү» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау)

  • Ал олар қалай үреді? («аф- аф» дыбысындағы «ф» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау)

  • Ит үй жануары ма? Әлде жабайы жануар ма?

Дидактикатылқ ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: иттің дене мүшесімен таныс болу және оын сипаттай білуге үйрету.

Шарты: хатқалтадағы (конверт) қиындыларды жылдам біріктіру арқылы ит бейнесін шығару және оған сипттама беру.

  • Құрған бейнеге сипаттама берейікші?

  • Олар қалай жүгіреді?

  • Олардың жүні жұмсақ, үлпілдек болды. («Үлпілдек» сөзін қайталату).

Сурет бойынша әңгіме құрау:

Демонстрациялық құралдағы «Ит және оның кішкентай күшіктері»

(Балалар, әңгіме құрағанда бірінің сөзі бірі тыңдауға ұсыныс беру, соңында әңгіме құраған баланы мақтау).


  • Ал, «Ит - адамның досы» дегенді қалай түсінеміз?

Сергіту жаттығу

Терезені ашайық,

Таза ауа кіпсін деп.

Жаттығуды жасайық,

Денем мықты болсын деп.

(педагог жаттығуды қимыл - қозғалыспен орындатады және екі рет қайталатады)

Мақал - мәтел жаттайық:

Малды бақсаң қойды бақ,

Май кетпейді шарадан.

Ит асырасаң сырттан,

Қой бермейды қорадан.

(Жаттауды жалпылама қайталау әдісі бойынша жаттаттыру)

Дәптермен жұмыс.

Күшіктің көлеңкесін тапқызу.

  • Біз итті көріп тұрмыз.


Иттің баласын күшік деп атайды.

Иттер үреді.


Ит үй жануарына жатады.


Ойынның шартын мұқият тыңдап, оны орындайды.


  • Тікірейген екі құлағы, екі көзі, тұмсығы, арыстандай айбатты.

  • Олар тез, жылдам жүгіреді

Үл-піл-дек.



  • Мен мына суреттен итті және күшіктерді көріп тұрмын. Ит үлкен, ал күшіктер кішкентай. Ит біреу, күшіктер көп.

Себебі: ит адамның үйін ұрылардан, бөтен кісілерден күзетеді.

Сергіту жаттығуын орындайды.


Педагог сөзін қайталау арқыыл, мақал - мәтелді жаттап алу.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сөйлемді толық құруға ұсыныс білдіру

Ұсынысты мұқият тыңдап, орындауға тырысу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мақал - мәтелдерді көбірек білу;

Игереді: дыбыстарды дұрыс айтуға.

Меңгереді: иттің дене мүшелерін біледі.

\


Тексердім __________________



© 2010-2022