Қоршаған орта тақырыбы: Су және оның пайдасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» тобы

Күні, айы, жылы: 7.02.14ж

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Тақырыбы: Судың қасиеті

Оқу іс - әрекеті: Қорш.орт.таныстыру

Мақсаты: Балаларды судың қасиеттерімен тәжірбиелер жасау арқылы таныстыру, су туралы білімдерін тереңдету, өз ойларын қорытындылай білуге, салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа дегенсүйіспеншіліктерін арттыру. Табиғат құбылыстарының өзгерістерін көре білуге, оған қамқорлық жасауға тәрбилеу. Билингвальды компонент: су - вода,қар - снег, сүт - молоко, құм - песок.

Қажетті құрал- жабдықтар: колба, видио, су , қар, сүт,құм, жіптер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді

ояту

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Жүрейікші жараса,

Сәлем саған Жер Ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.


Ұйымдастырушылық

Оятушылық





































Негізгі бөлім:

  • Балалар табиғат дегеніміз не?

  • Табиғат қандай болады?

  • Тірі табиғатқа не жатады?

  • Өлі табиғатқа не жатады?

Жұмбақ жасыру:

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен

Бұл не?

Суға байланысты жақсы тілектер тілейікші:

  1. «Мен су тасқыны болмаса екен деп тілеймін»

  2. «Жерде апат болмаса екен деп тілеймін»

  3. «Табиғатымыз жайнап жайқалсын деп тілеймін»

  4. «Күніміз нұрлы болсын деп тілеймін»

  • Слайд көрсету.

  • Балалар, біз күнделікті өмірде суды көп пайдаланамыз.Біз суды ішеміз, судың көмегімен гүлдер, ағаштар жайқалып өседі. Сусыз өмір болмайды. Бүгін біз сабақта осы судың қандай болатыны жайлы, судың қасиетімен танысамыз.

Суға байланысты мақал - мәтел, тақпақтар айту.

  1. Сулы жер - нулы жер.

  2. Бұлақты жер - тұрақты жер.

  3. Су бар жерде өмір бар.

  4. Сусыз өмір жоқ.

  5. Суға түкірме.

  6. Ағын су бал татыр,

Ақ балығы май татыр.

  1. Бұлақ болмаса ,

Өзенде болмас еді.

  1. Су да басынан тұнады.

Бүгін біз суға тәжірибе жасап көрейік.

1 -тәжірибе: Су мен құмды салыстыру. Колбаға су мен құмды салып. Олар колбаның пішіндегі пішін болды. Сонда құмда сұйық зат болғаны ма? Соны тексерейік. Ал енді мына подносқа суды жайлап төгейік, су жайылып кетті. Ол сұйық зат болып шықты. Ал енді құмды төгейік құм бір жерде үйіліп тұр, құм сұйық емес сусымалы екен.

2 - тәжірибе: Судың түсін ажырату, судың түсі қандай болады екен?

1 стакан - су, 2 стакан - сүт. Шай қасықты суға және сүтке салып салыстыру.

3 - тәжірибе: Қардың қасиетін анықтау. Қарды ұстап көру және сипаттау.

Қарға суды құйып, суға айналатынын, еритінін көрсету.

- Біз тәжірибе арқылы судың - сұйық, түссіз, және қатты мұз күйінде болатынын білдік.

Сергіту сәті.

Күн болып жанайық,

Су болып ағайық.

Терең-терең дем алып.

Жүгіріп-жүгіріп алайық.



-Балалар, сендер судан ойыншық жасауға болатынын білесіңдер ма? Қәзір біз осы судан,ағашқа ілетін мұз ойыншықтар жасаймыз.

Үлгі мұз ойыншықты көрсету.

Балалар сұрақтарға толық жауап берді.

Су

Суға байланысты жақсы тілектерін айтты.





Су және оның қасиеттері жайлы видионы көріп танысты.





Өздері білетін су жайлы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздерді айтты.





Тәжірибелерді бақылау арқылы сумен және оның қасиеттерімен танысты.





Қарды ұстап көрді, онымен танысты және сипаттап берді.





Көрсеткен үлгі бойынша судан мұз ойыншықтарын жасады.

Рефлекстік түзету

Сабақты қорытындылау:

  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

  • Біз сендермен не жасадық?

  • Оны мұз болып қату үшін далаға шығарып қатырамыз, ертең ағашқа ілеміз.


Білу керек: Судың қасиеттерін және табиғат құбылыстарының өзгерістерін

Болу керек: Табиғатқа деген сүйіспеншілік және қамқорлық.

Үйрену керек: Өз ойларын қорытындылай білуге және салыстыра білуге



© 2010-2022