«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» тематикалык сабак

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

Бірінші мамырға арналған ертеңгілік

Тақырыбы;

«Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта»

«Балбөбек» естияр тобы



Тәрбиеші:

Лаура Кезенбаева



Самар ауылы 2015 жыл

Тақырыбы: « Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта»

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

Жүргізуші:

Бірлік пен ынтымағы халықтың -

Көгімізде жарасқан жарық күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!

- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.

Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.

Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

«Достық» әні орындалады

Қазақ биі.

Залға жүгіріп Күлдірген келеді:

  • Ой балалар,амансыңдар ма? Сендер екенғой әндетіп жатқан,бәрің әдемі болып кетіпсіңдерғой,бүгін не біреудің туған күні ме? Жоқ әлде сендерде күнде осылай ма?

  • Жоқ, Күлдірген! Сен білмейді екенсіңғой бүгін бізде мейрам,ол күнде болмайды.бірінші мамыр - достық,бірлік күні.Сен ортамызға қош келдің,бізбен бірге мерекені қарсы ал,балалар саған өнерлерің көрсетеді.

  • Жақсы,ендеше тамашалап көрейін,менде мерекені тойлайтын достарым да жоқ,мүмкін сендермен достасып та кетемін.

Әдемі:

Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Мұса:

Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Айсұлу:

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.

Кирилл:

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Елнұр:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

Ульяна:

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Мейіржан:

Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,

Дос байыса қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.

Жүргізуші.

Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүріп келеді.

Орыс биі

Жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Ән «Бірінші май келіпті»

ОЙЫН «Гүл тереміз»

Би. «Өзбек биі»

Жүргізуші:

Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы.

Ән « Бөбектер әні »

ойын «Шаңырақ»

Ән. «Әрқашан күн сөнбесін »

Күлдірген:

  • Ой қандай тамаша мереке! Менің көңілім көтеріліп бір марқайып қалдым,достықтың,бірліктің не екенін енді түсіндім.Сендерге көп рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын,сендерге әкелген тәттілерім бар,енді сендер менің достарымсыңдарғой. (Қолындағы сыйлықтарын тәрбиешіге беріп,қоштасып кетіп қалады)

  • Рахмет саған, Саубол!

Жүргізуші:

Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын жарқырай түскен -Тәуелсіз Қазақстан!

-Ендеше, бейбітшілік жасасын!

- Ынтымақтастық жасасын!

- Қазақстан жасасын!

- Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Сау - саламатта болыңыздар!



© 2010-2022