Біздің балабақшада ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас. 2

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Біздің балабақшада»

Мақсаты:

а) Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;

ә) Ұжымдық қарымқатынас дағдыларын дамыту;

б) Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: жұмыс дәптері, хрестоматия, ковролан тақтасы, суреттер, қақпақтар, жіптер.

Оқу іс  әрекеттерінің кезеңдері

Педагогтің іс  әрекеті

Балалардың іс  әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балабақшам менің

Жаңа қадам жасадым,

Қош болып тұр,бесігім.

Мен қуанып ашамын

Балабақша есігін.

Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық  ізденістік

Кіріспе әңгіме

Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ойпікірімізді ортаға салайық.

Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша  өз үйіміз» деп айта аламыз.

Сұрақ  жауап

 Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?

 Сендерге балабақша немен ұнайды?

Балалардың жауабын тыңдап, қорытындылау.

Тыныштық сәті (баяу әнмен)

Кірпігімізді төмен түсірсіек

Көзіміз жұмылады.

Таза ауада еркін тыныстаймыз!

Ғажап қана ұйықтасақ,

Шаршағанысыз ұмтылып,

Денеміз босаңсиды.

Күн жылына бастады,

Қыстың соңғы күндерінде

Арықтардан су ағып,

Қар ери бастады.

Түн болды!

Сергіту сәті (әуенмен орындалады )

Кел,балақан,балақан,

Шапалақта алақан:

Жай,жай,жай!

Қозғап барлық денені,

Қолды қатты соқ енді:

Сарт,сарт,сарт!

Тықылдатып таяқты,

Ақырын бас аяқты:

Жай,жай,жай!

Айтқан кезде өлеңді,

Қатты басқын еденді:

Тарс,тарс,тарс!

Шығармашылық жұмыс:

«Балабақша ауласын безендіру».

Дәптермен жұмыс:

1. Сурет бойынша әңгімелеу.

2. Сүйікті ойыншығыңның суретін сал.

 Балалар, осы тыныштық сәтінде нені сезіндіңдер?

 Нені елестеттіңдер?

 Қандай күйде болдыңдар?

Сызба бойынша тақпақ жаттату:

Қар,мұз еріп,

Су көбейіп,

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Бәйшешектер басады.

Айтыңдаршы,балалар,

Бұл қай кезде болады?

Би билеуге, ән айтуға, қамқор болуға, әдептілкке үйрендік.

Балалрдың жауабы.

Түрлі жауаптар айтылады.















Балалр қимылдарды жасай отырып,сергиді.



Балалар ковролан тақтасында жұмыс жасайды.Жіптерден ағаш,шөп,гүл,қақпақтрдан гүл,жапырақ жасап безндіреді.

Тапсырманы өз бетінше орындайды.

Жылуды Аспандағы жұлдыздарды, бәйшешектерді

Балалар тақпақты жаттайды.

Көктемде

Рефлексиялық  түзетушілік

Оқу іс  әрекетін қорытындылау.

Бір шаңырақ астында

Татутәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балбақшадағы сыластық, ұжымдық қарым  қатынас дағдыларын.

Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.

Меңгереді: өзара сыйласуды, бір  бірімен тіл табысуды.

© 2010-2022