Городской семинар на тему: Жабайы аңдар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 21 «Ақбота» балабақшасы

















Тақырыбы:«Жабайы аңдар»

(ересектер тобы)







Өткізген: Жанар Базарқызы Сүлейменова
























Көкшетау қ.


Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: «Қазақ тілі»

Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету. Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар,жұмбақтар арқылы тілдерін дамыту.Сөздік қорларын байыту, мұғалімді тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер: доп, автобус, қысқы орман,аңдардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Балалар залға ән әуенімен кіреді.

1-ші бала: Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді (барлығы) Сәлеметсіз бе!

Мұғалім: (Дөңгеленіп тұрады)

Мұғалім: Бүгін бәріңде қандай әдемісіңдер, осылай маған ұнайсыңдар.

Мұғалім : Менің қолымда доп. Доп арқылы сұрақтарға жауап беріңдерші.

  • Сенің атың кім?

  • Аптаның қай күні?

  • Қандай жыл мезгілі ұнайды саған?

  • Далала не жатыр?

  • Қандай қыс айларын білесің?

  • Сен нешедесің?

  • Күн жылы ма, суық па?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Қай күндері демаласыңдар?

Мұғалім:Жақсы енді ,балалар,қолымыздан ұстасып, үлкен шар үрлейікші: үф-үф. Міне бізде үлкен шар пайда болды, енді бір-бірімізге жылы сөз айтып, жылу берейік.

Балалар: Қайырлы күн, Армысың жер ана, бақытты баламыз, барлығымыз доспыз, әрқашан күн сөнбесін,ана аман болсын, сен әдімісің, ақылды бол, сен ауырма, аспанымыз ашық болсын, тыныштық болсын, деніміз сау болсын.

Балалар орындарына отырады.

Мұғалім: Балалар,мен сендерді бүгін қуантпақшымын. Біз бүгін саяхатқа бармақшымыз?

Ал сендер қайда барғыларың келеді?

Балалар: Астанаға, Лондонға, теңізге, тауға.

Мұғалім:Тамаша, балалар, ал біз бүгін сендермен «қысқы орманға» серуенге барамыз.

Мұғалім: Орманға немен барамыз? Қандай көліктерді білесіңдер?

Балалар: поезд, ұшақ, кеме, машина, автобус.

Мұғалім: Дұрыс, біз бүгін орманға автобуспен барамыз.

Мұғалім: Алдымен ауа-райын тыңдайық.

  • Бүгін Көкшетауда күндіз, түнде қар жаууы ықтимал.

Мұғалім:Балалар, қар жылдың қай мезгілінде жауады?

  • Қыста.

Мұғалім қыс туралы сұрақтар қояды. Балалардың жауабы.

  • Жыл мезгілі қыс. Айнала аппақ қар. Ағаштар қармен жамылды.Адамдар жылы киінеді. Аңдар орманда жүреді. Аю ұйықтайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Балалар ойнайды, аққала салады. Қыста шана, шаңғы, коньки тебеді.

Мұғалім: Жақсы балалар қыс туралы білімдерің жақсы екен. Ал енді автобусқа отырайық. Балалар, автобуста өзімізді қалай ұстауымыз керек?

-Секірмейміз, жүгірмейміз, шуламаймыз.

Балалар автобусқа отырады.

Жол бойынша мұғалім сұрақтар қояды.

  • Қай балабақшадан шықтық?

  • Таңертең бе, кешке ме?

  • Қай көшеде орналасқан?

  • Біздің қаламыз қалай аталады?

  • Балалар, жол қысқа болу үшін, ән салып барайық (қыс туралы ән)

Мұғалім: Міне, балалар орманға келіп қалдық. Ауасы қалай таза, мұрындарыңмен жақсылап дем алыңдаршы, орманда да біз тәртіп сақтаймыз:

-Қандай тәртіптерді сақтауымыз керек?

-Ағаштардық бұтақтарын сындырмаймыз.

- Қоқысты тастамаймыз.

Мұғалім: Дұрыс, балалар, табиғатты аялауымыз керек.

Мұғалім: Орманда нелер тұрады?

Балалар:аңдар тұрады.

Мұғалім: Қандай аңдарды білесіңдер?

Балалар: аю, қасқыр, түлкі, қоян.

Мұғалім: Балалар, аю қыста не істейді:

Балалар: Аю ұйықтайды.

Мұғалім: Нені жақсы көреді? Аю бал жейді.

Мұғалім: Түлкі қандай аң? Түсі қандай? Нені жақсы көреді?

Балалар: Түлкі құ. Түсі қызғылт-сары, етті жақсы көреді.

Мұғалім: Қасқыр қандай аң? Қоянның түсі қандай? Не жейді қоян?

Балалар:Қасқырдың түсі сұр. Қоян ақ. Қоян сәбіз жейді.

Алдымыздан Орманшы шығады.

Орманшы амандасады: Сәлеметсіңдер ме!

-Балалар: Сәлеметсіз бе!

- Қайдан келдіңдер?

Мұғалім: Біз қаладан келдік

Орманшы:Мен өте қуаныштымын. Ал қонақ болындар.

Мұғалім: Орманшы, ормандағы аңдар қайда кеткен? Балалар аңдарды көреміз деп қуанып келді.

Орманшы:

Сендердің келе жатқандарыңды естіп тығылып қалды. Оларды табу үшін , менің тапсырмамды орындаңдар .

Мұғалім: Жақсы, балалар, білімдерімізді көрсетейік орманшыға.

Орманшы: Әр ағаштың түбінде тапсырмалар жатыр.

1-ші ағаш: Аңдар туралы тақпақтар білесіңдер ме?

1-ші бала: Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

2-ші бала: Қасқыр жортар түнменен

Күндес болып күнменен.

Қасқыр жортар сайменен,

Араз болып Айменен.

Қасқыр жортар ойменен,

«Жолықсам,- деп - қойменен.»

2-ші ағаш:Қандай жұмбақтар білесіңдер:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

Өзі бір қу, жүрген жері шу (түлкі)

Қанжардай тісі бар, суық үрейлі түсі бар (қасқыр)

Көлеңкесіненқорқып безектейді,

Ал, оның баласын «көжек» дейді. (қоян)

3-ші ағаш:Ойын: « Ненің баласы?»

Мен үлкен аңды айтамын, ал сендер баласын айтыңдар?

Қасқыр -бөлтірік, аю- қонжық, түлкі- түлкішек, қоян- көжек.

4- ағаш: Аңдар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: «Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ»

Орманшы: Жақсы, балалар. Менің тапсырмаларымды орындадыңдар. Мен сендерге ризамын. Менің аңдарым сендерге ертегі көрсетеді.

Балалар «Бауырсақ» ертегісін тамашалайды.

Аңдар би билеп қоштасады.

Орманшы: Ал енді мен сендерге өзімнің сыйлығымды берейін. (Себетте жаңғақтар)

Мұғалім: Рахмет сізге, бізде балабақшамызға оралайық. Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар! (Аңдармен, Орманшымен қоштасады)

Мұғалім: Балалар автобусқа отырып балабақшаға барайық.

Мұғалім: Сендерге ұнадыма саяхат?

Балалар: Иә, ұнады.

Мұғалім: Ал енді қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыз!






© 2010-2022